Қазақстан сақтандыру секторының 2025 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2025 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі туралы

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру.

2025 жылғы қазанның қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 0,3%-ға 3,7 трлн теңгеге азайды (2025 жылдың басынан бері 19,8%-ға өсу), ол негізінен шетел валюталарына қатысты теңгенің нығаюы және осыған байланысты шетел валюталарында номиналданған активтерді бағамдық қайта бағалау нәтижесінде болды.

2025 жылғы 1 қарашада активтер құрылымында  ең көп үлес бағалы қағаздарға – 72,8% (2,7 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 8,3% (309 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешегіне – 3,8% (143 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2025 жылғы қазанда іс жүзінде өзгеріссіз қалып, 2,6 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан бері 21,0%-ға өсу).

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2025 жылғы қазанда сақтандыру ұйымдарының дивидендтерді төлеуді жүзеге асыру нәтижесінде 0,9%-ға 1,1 трлн теңгеге дейін азайды (2025 жылдың басынан бері 17,0%-ға өсу).

2025 жылғы қазанда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 5,0 млрд теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап  – 227 млрд теңге).

2025 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 20,2 млн шартты құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға көп. Негізгі өсім өмірді сақтандыру (106,9%-ға өсу) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2025 жылғы қазанда 117,9 млрд теңгені құрады.
2025 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 1,3 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 11,2%-ға көп.

Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныптары болып табылады, олар бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы қазанда 68,0 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 675,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға көп. Өсу, негізінен, зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 8,6%-ға және өмірді сақтандыру бойынша 14,3%-ға ұлғаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы қазанда 32,1 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері  451,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті залалдан сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 17,4%-ға ұлғаюына байланысты.

Міндетті сақтандыру бойынша 2025 жылғы қазанда 17,7 млрд теңге, жыл басынан бері 219,2 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, 17,9%-ға 98,3 млрд теңгеге дейін көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша орын алды.

Сақтандыру төлемдері 2025 жылғы қазанда 45,3 млрд теңгені (170,2 мың төлем бойынша) құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 365,0 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  36,9%-ға көп. Өсу, негізінен, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің 45,1%-ға 118,3 млрд теңгеге дейін ұлғаюына байланысты.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz