
Қазақстандағы коллекторлық агенттіктердің қызметі «Коллекторлық қызмет туралы» Заңмен реттеледі және белгіленген қағидалар шеңберінде жүзеге асырылады.
Кредитор коллекторға борышты қашан береді?
Банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз алушыны төлем мерзімі өткені туралы хабардар етеді және қайта құрылымдауды ұсынады.
Егер берешек реттелмесе және мерзімі 90 күннен асса, кредитор борышты сатуға (құқықтарды (талаптарды) беруге) немесе оны коллекторлық агенттікке сотқа дейінгі өндіріп алуға беруге құқылы.
Алайда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтардың коллекторлық агенттіктерге кредиттері бойынша құқықтарды (талаптарды) беруге екі жылдық мораторий енгізілді, ол 2026 жылғы 1 мамырға дейін қолданылатын болады.Мораторийді 2027 жылғы 1мамырға дейін ұзарту мүмкіндігі де қарастырылуда.
Осы кезеңде азаматтардың борыштарын коллекторларға сатуға тыйым салынады және реттеу тек қайта құрылымдау, айыппұлдарды, өсімпұлдар мен комиссияларды кешіру немесе талап ету құқығынан өтпестен берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға беру арқылы мүмкін болады. Мораторий аяқталғаннан кейін борышты беру 24 айдан астам кешіктірілген және кредитор өсімпұлды міндетті түрде кешіре отырып, реттеу рәсімдерін жүргізген кезде ғана шешіледі.
Борышкердің қандай құқықтары мен міндеттері бар?
Борышкер:
Борышкер:
Коллекторлар қалай жұмыс істеуге тиіс?
Коллекторлар:
Коллекторлық агенттік борышкермен әрбір байланыста болған кезде коллекторлық агенттіктің атауы, орналасқан жері туралы хабарлауға, өзара іс-қимылды жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнін және лауазымын, кредитордың атауын хабарлауға міндетті.
Коллекторларға не істеуге тыйым салынады?
Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттікке:
Сіздің құқықтарыңыз бұзылса, не істеу керек?
Коллекторлардың заңсыз әрекеттері кезінде азаматтар шағымды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жібере алады. Бұзушылықтар расталған жағдайда, коллекторлық агенттікке қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады.
Қазақстан аумағында қызметті жүзеге асыруға құқығы бар коллекторлық агенттіктердің өзекті тізілімі Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған.
Көбірек пайдалы материал Fingramota.kz сайтында қолжетімді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы