
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 25 қарашадағы №75 қаулысының қабылданғанын хабарлайды.
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Орталық депозитарийге қызметтің осы түріне лицензиясы болған кезде бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға құқық берілген.
Бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызмет түрін (түрлерін) жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарға арналған қолданыстағы лицензиялау қағидаларында бағалы қағаздар нарығында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия берудің оңайлатылған тәртібі белгіленген.
Орталық депозитарий жоғарыда көрсетілген заңның 45-бабының 2-1-тармағында белгіленген бағалы қағаздар нарығында заңға байланысты лицензиясыз кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Орталық депозитарий қазір бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылатындығын ескере отырып, қаулымен оған бағалы қағаздар нарығының лицензиаттарына кәсіптік қызметтің қосымша түріне лицензия беру тәртібіне ұқсас етіп кастодиандық қызметке лицензия берудің оңайлатылған тәртібі белгіленген.
Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы