Мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұлдардың күшін жою: қарыз алушылар нені білуі қажет

Мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұлдардың күшін жою: қарыз алушылар нені білуі қажет

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушыларға кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу тәртібі туралы еске салады.

Мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушыға пайыздар бойынша артық төлемді қысқартуға және борыштық міндеттемелерді орындауды жеделдетуге мүмкіндік береді. Ол барлық берешектің жабылуымен толық болуы немесе белгіленген кестеден тыс соманы енгізу арқылы ішінара болуы мүмкін. Ішінара өтеу кезінде қарыз алушылар ай сайынғы төлем сақталған кезде кредиттің мерзімін қысқартуды немесе мерзім сақталған кезде төлемнің өзін төмендетуді таңдай алады.

Қаржы ұйымдары заңнама шеңберінде мерзімінен бұрын өтеудің ішкі тәртібін, яғни  ең төменгі сомаларды, өтініш беру мерзімдерін және есептік күндерді белгілеуге құқылы.

Қарыз алушыларға банкпен қайта есептеу әдісін, қаражатты есептен шығару тәртібін, сақтандыру сыйлықақыларын қайтару ерекшеліктерін және ипотека бойынша ауыртпалықты алу процесін алдын ала келісу ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында 2025 жылғы 31 тамызда мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл санкциялары тек заңды тұлғаларға ғана қолданылатын норма күшіне енді. Жеке тұлғалар кредиттерді кез келген уақытта тұрақсыздық айыбын төлемей мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл норма барлық шарттарға, соның ішінде бұрын жасалған шарттарға қолданылады.

Мерзімінен бұрын төлемдер борыш жүктемесін азайтады, қаржылық орнықтылықты нығайтады және кредиттік тарихқа оң әсер етеді. Қарыз алушыға мерзімінен бұрын өтеу туралы шешім қабылдағанға дейін өзінің қаржылық резервін және бос қаражатты пайдаланудың ықтимал баламаларын бағалау маңызды.