Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өткізу туралы аңдатпа

Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өткізу туралы аңдатпа

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды қайта қарау аясында реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың «Ашық НҚА» интернет-порталында «Реттеуші әсерді талдау» бөлімінде 2025 жылғы 15 желтоқсанда сағат 09:00-ден 2025 жылғы 18 желтоқсанда сағат 18:00-ге дейін өткізілетіні туралы хабарлайды.

 Қосымша бейнеконференция биыл 15 желтоқсанда сағат 10:00-ге жоспарланып отыр. Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, лауазымын және ұялы телефон нөмірін Zarina.Tazhmagambetova@finreg.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

Бейнеконференцияға сілтеме мүдделі тұлғалардың ұялы телефон нөмірлеріне жіберіледі.

Барлық туындайтын сұрақтар бойынша +7 727 259 89 29 (6642) телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз.