
Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (+9,2%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+14,3%) өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының өсуі есебінен 2025 жылғы қыркүйекте 1,6%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 40,2 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап 22,3%-ға өсті).
KASE индексі 2025 жылғы қыркүйекте 2,2%-ға 7 149,42 тармаққа дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 28,2%-ға өсті).
Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «Эйр Астана» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 9,0%-ға ұлғайып, 2025 жылғы қыркүйекте 27,0 млрд теңгені құрады.
2025жылғы1 қазандағы жағдайбойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде76 эмитенттің89атауының акциялары,оныңішінде2эмитенттің2атауыныңакциялары «Листингтік емес бағалықағаздар» секторындаайналысқажіберілді.
«KASE Global» секторында 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 47 атаудағы акциялары және 59 шетелдік эмитенттің 18 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда Intel Corporation, VANECK ETF TRUST, ProShares Trust, NVIDIA Corp. акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 23,4%-ға ұлғайып, 2025 жылғы қыркүйекте 21,9 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2025 жылғы қыркүйекте 2,9%-ға 14,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 4,8%-ға өсу).
KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2025 жылғы қыркүйекте негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен алдыңғы аймен салыстырғанда 35,0%-ға 670,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 141 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 643 шығарылымы болды.
2025 жылғы қыркүйекте корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 494,4 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы тамыздағы көрсеткіштен 45,5%-ға артық.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2025 жылғы қыркүйекте 2,1%-ға 30,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 13,5%-ға өсу).
KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2025 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша 22,3%-ға азайып, 614,5 млрд теңгені құрады. МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 22,2%-ға азайып, 522,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде он екі облыс әкімдігі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 87,6 млрд теңге тартты. ҚР Қаржы министрлігі 16,89-17,55% өтеуге кірістілігімен 434,8 млрд теңге тартып, облигациялардың 12 шығарылымын орналастырды.
Ұжымдық инвестициялау нарығында 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 58 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 33 жабық және 1 ашық пай қоры жұмыс істеді.
Инвестициялық пай нарығындағы басқарудағы активтер 2025 жылғы қыркүйекте 4%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 396,4 млрд теңгені құрады. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 334,7 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 84,4%-ын құрады.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 42 брокер мен дилер (16 банк және 26 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 4 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.
2025 жылғы қыркүйекте Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 3,6%-ға ұлғайып, 4 620,7 мың шотқа жетті, оның ішінде:
- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 695,3 мың қосалқы шотқа дейін 1,0 мыңға немесе 0,1%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан 9,9 мыңға немесе 1,4%-ға өсті);
- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 3 925,4 мың шотқа дейін 160,2 мыңға немесе 4,3%-ға өсті (2025 жылдың басынан 1,1 млн немесе 39,4%-ға өсті).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2025 жылғы қыркүйекте негізінен орналастырылған салымдардан алынған пайда есебінен 1,4%-ға өсіп, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 593,3 млрд теңгені құрады (жылдың басынан бері 22,9%-ға азаю). Міндеттемелер РЕПО операцияларының азаюына байланысты 150,9 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға қысқартылды (2025 жылдың басынан бері 37,4%-ға төмендеді). Меншікті капитал бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде 2,1%-ға 442,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 16,3%-ға төмендеді).
Сыртқы коммуникациялар басқармасы,