
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін қаржы пирамидаларының негізгі белгілерін білу маңызды. Көбіне мұндай схемаларды келесі белгілерден тануға болады:
Түрлі атауына қарамастан, қаржы пирамидаларының жұмыс қағидаты әрдайым бірдей: қатысушылардың кірістері жаңа қаражат есебінен ғана қалыптасады. Алғашқы салымшылар төлемдерді кейін келгендер енгізген ақшадан алады.
Мұндай схемалардың заманауи ұйымдастырушылары сенімділік иллюзиясын жасап, жаңа құрбандарды тез табу үшін IT технологияларын, психологиялық әдістерді, әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді пайдаланады.
Табыс табудың негізі нақты тауар немесе қызмет болып табылатын желілік маркетингтен айырмашылығы, қаржы пирамидасы жаңа қатысушылардың ақшасына ғана негізделген.
Бүгінгі таңда мұндай схемалар букмекерлік кеңселер немесе инвестициялық жобалар ретінде жасырылған. Алаяқтар клиенттерге лицензиясыз және мессенджерлер арқылы жалған чектер бере отырып, «ұтатын» ставкаларды ұсына алады. Тағы бір формат – жоғары пайдаға уәде беретін онлайн-жобаларға «инвестициялар». Ұйымдастырушылар қаражатты жеткілікті мөлшерде жинағаннан кейін, жоба кенеттен жабылып, оны құрушылар жоғалып кетеді.
Есте сақтау маңызды: қаржы пирамидаларын құру және оған қатысу ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша жазаланады. Ең жоғары жаза – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салына отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Қосымша пайдалы материалдарды Fingramota.kz сайтынан оқыңыз.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы