
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында қаржы секторының қызметкерлері Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.
Елеулі кәсіби еңбегі, халықаралық инвестициялық диалогты нығайтуға және Қазақстанның банк саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма Төрағасы Сәуле Жақаева «Құрмет» орденімен марапатталды.
Ұлттық экономика мен қаржы жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі және басқару қызметінің тиімділігі үшін «Halyk Finance» АҚ Басқарма Төрағасы Фархад Охонов «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.
Жоғары кәсібилігі, көп жылғы мінсіз еңбегі, сақтандыру нарығы мен ұлттық экономиканы дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «Коммеск-Өмір» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Олег Ханин «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірқатар қызметкерлері де жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Салтанатты рәсім барысында Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мемлекет басшысының атынан наградалар табыстап, Республика күнімен құттықтады.
Агенттік басшысы қаржы секторы қызметкерлерінің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және бүкіл саланың серпінді дамуына қосқан үлесін атап өтті.
«Сіздің еңбектеріңіз экономиканы дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін маңызды негіз болып табылады. Қаржы секторы қызметкерлерінің үлесі Қазақстанның экономикалық егемендігін нығайтуға және қаржы нарығының динамикалық дамуын қамтамасыз ету», – деп атап өтті Агенттік басшысы.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы