«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңына сәйкес кредиттік бюролар тек кредиттік тарихты ғана емес, сондай-ақ, дербес кредиттік рейтингті де ұсынады.
Дербес кредиттік рейтинг – бұл қарыз алушының кредиттік тарихы жазбаларының және басқа да дербес деректерінің негізінде кредиттік бюро автоматты түрле есептейтін балл. Қарыз алушы кредитті мақұлдау ықтималдығын бағалау үшін өз рейтингін біле алады.
Рейтингке көптеген факторлар ықпал етеді, оның ішінде:
Дербес кредиттік рейтинг ақпараттық сипатқа ие болады және тіпті жоғары баллдың өзі кредиттің мақұлданатынына әрдайым кепілдік бермейді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) жеке алгоритмдерді қоса алғанда, әртүрлі скорингтік модельдерді пайдаланады.
Кредиттік рейтинг банкте кредит алуға қалай әсер етеді?
Кредиттік рейтинг қарыз алушының адалдығы мен сенімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Рейтинг неғұрлым жоғары болса, кредиттік тәуекелдер соғұрлым төмен болады және кредитті мақұлдау ықтималдығы артады.
Кредиттік рейтингтің төмен болғаны үшін банктер мен МҚҰ кредит беруден бас тарта ала ма?
Қарыз алушының кредиттік рейтингі төмен болса, банктер мен МҚҰ кредит беруден бас тартуға құқығы болады.
Кредиттік рейтинг қарыз алушының қаржылық сенімділігін көрсететінімен және тарих негізінде қалыптастырылатынымен маңызды: мерзімнің кешіктірілуі, борыштардың көлемі мен жиілігі, борыш жүктемесі, сот істері мен коллекторлық істер.
Кредит берудің алдында қаржы ұйымдары клиенттің төлем қабілеттілігін бағалауға міндетті – бұл заңның және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талабы.
Төмен рейтинг қайтарылмаудың жоғары тәуекелін білдіреді және кредитор кредит беруден бас тартуға толық құқылы. «Кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, бюроның деректері кредиттік шешім қабылдау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Алайда кредит беру кредитордың міндеті емес, құқығы болып табылады. Мерзімін кешіктірулер болмаса да, банк тәуекелді тым жоғары деп санаса, бас тартуы мүмкін.
Кредиттік рейтингті қалай жақсартуға болады?
Кредиттеріңізді уақытында төлеңіз: төлемді есептен шығару күніне дейін 5-7 жұмыс күні бұрын жасаған дұрыс.
Егер мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі болса, оны қолданыңыз. Дегенмен, Банктің мерзімінен бұрын өтеуді дұрыс жазғанына көз жеткізіңіз. Кредитті толық өтеу туралы анықтама сұраңыз.
Мерзімін өткізіп алған кезде кредиторлардан қашқақтамаңыз. 2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда проблемалық берешекті реттеудің бірыңғай құқықтық режимі қолданылады
Кредиттік рейтингті қалай тексеруге болады?
Қазақстан азаматы жылына бір рет өзінің кредиттік рейтингін тегін ала алады. Мұны төмендегіжолдармен жасауға болады:
«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ (МКБ)
«Бірінші кредиттік бюро» ЖШС (БКБ),
ХҚКО немесе Қазпочта бөлімшесін.
Өзімен бірге жеке куәлігі болу қажет. Егер бұл алғашқы сұратуы болса – есеп тегін болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы