Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік алаяқтықтан қорғау үшін шаралар қабылдау қажеттілігін еске салады және қолда бар құралдарды пайдалануды және қарыздарды ресімдеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтауды ұсынады.
Сіздің атыңызға алаяқтық кредитті ресімдеу тәуекелін азайту үшін:
- eGov.kz порталында, eGov mobile қосымшасында немесе кредиттік бюро арқылы «Stop кредит» қызметін қосыңыз. Бұл сіздің атыңызға кредит алу мүмкіндігін бақылауға мүмкіндік береді.
- Кодтарыңызды құпия сақтаңыз. Қоңырау шалушы адам өзін банк, қауіпсіздік қызметі немесе мемлекеттік органдардың қызметкері деп таныстырса да, ешқашан және ешкімге СМС-кодтарды, PIN-кодтарды, бір реттік парольдерді (OTP) немесе Secure-кодтарды бермеңіз.
- Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша өзіңіздің телефоныңызға немесе компьютеріңізге қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпаңыз.
- СМС, мессенджерлер немесе жарнамалық хабарландырулардан күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз.
- Онлайн банкингке және басқа да маңызды сервистерге кіру үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.
- Кредиттік бюроларда өзіңізді кредиттік есебіңізді үнемі тексеріп отырыңыз – бұл рұқсат етілмеген қарыздарды уақтылы анықтауға көмектеседі.
Осы нұсқауларды орындау арқылы сіз кредиттік алаяқтықтың құрбаны болу тәуекелін айтарлықтай азайтасыз.