Қазақстан банк секторының 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы

Қазақстан банк секторының 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 23 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 15 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 10 еншілес банк.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 40,9 трлн теңгеге дейін 2,7%-ға өсуі есебінен ағымдағы жылғы тамызда 2,4%-ға ұлғайып, 66,6 трлн теңге құрады (2025 жылдың басынан 8,3%-ға өсу).

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,5 трлн теңгені немесе активтердің 29,3%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2025 жылғы тамызда 2,4%-ға 38,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 12,7%-ға өсу). Бұл ретте, ұлттық валютада берілген кредиттер 2,6%-ға 34,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 1,1%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 91,6%-ды құрады (01.01.2025 ж. – 91,2%).

Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2025 жылғы тамызда негізінен инвестицияларға және бағалы қағаздар сатып алуға берілген қарыздардың 1,5%-ға 3,7 трлн теңгеге өсуі есебінен 14,3 трлн теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан 9,4%-ға өсу). Оның ішінде, мерзімінен бұрын өтеулер нәтижесінде ірі бизнеске берілген қарыздар 1,6%-ға 5,1 трлн теңгеге дейін төмендеді, ШОБ субъектілеріне қарыздар - 2,0%-ға 6,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Дара кәсіпкерлерге берілген кредиттер бір айда 5,6%-ға 2,9 трлн теңгеге дейін  ұлғайды (2025 жылдың басынан 26,3%-ға өсу).

Салалар бөлінісінде ағымдағы жылғы 8 айда кредиттердің өсуі барлық салаларда дерлік: өнеркәсіпте – 4,7 трлн теңгеге дейін 1,1%-ға, саудада – 3,9 трлн теңгеге дейін 3,4%-ға, ауыл шаруашылығында – 526 млрд теңгеге дейін 5,0%-ға, құрылыста -  756 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға, ақпарат және байланыс салаларында - 193 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға байқалады.

2025 жылғы тамызда  бизнес субъектілеріне 1,7 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді. Бұл ретте, 2025 жылғы 8 айда бұл көрсеткіш 12,1 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға көп.

Бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша 21,5%-ды құрады. Ірі бизнестің теңгемен кредиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 18,9%-ды, ШОБ субъектілеріне – 19,0%-ды, ДК – 31,3%-ды құрады.

Халыққа берілген кредиттер бір айда 3,1%-ға ұлғайып, 22,7 трлн теңге құрады (2025 жылдың басынан 14,7%-ға өсу). Халыққа берілетін кредиттер құрылымында тұтынушылық қарыздар 2,1%-ға 16,0 трлн теңгеге дейін өсті.

Ипотекалық кредиттер нарықтық талаптарда берілген ипотекалық қарыздар портфелінің 3,8%-ға 2,1 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты бір ай ішінде 2,5%-ға 6,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 9,0%-ға өсу).

2025 жылғы тамызда халыққа берілген жаңа қарыздар 1,8 трлн теңгені құрады. Бұл ретте 2025 жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 12,9 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,1%- ға көп.

2025 жылғы тамызда халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,3%-ды құрады. Теңгемен ипотекалық қарыздар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 8,6%-ды, тұтынушылық қарыздар бойынша 21,5%-ды құрады.

Кредит портфелінің сапасы жоғары деңгейде сақталып отыр. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (NPL90+) деңгейі өткен ай деңгейінде сақталып, несие портфелінің 3,5%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрады.

Бизнеске берілген кредиттерде NPL90+ қарыздардың үлесі 2,2%-ды немесе 364 млрд теңгені құрады (01.01.2025ж. – 2,1% немесе 304 млрд теңге). 2025 жылғы тамыз айында халықтың кредиттері бойынша проблемалық берешектің үлесі 4,5%-ды немесе 1 071 млрд теңгені құрады (01.01.2025ж. – 3,8% немесе 790 млрд теңге).

Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып отыр және 65,4%-ды құрайды (01.01.2025ж. – 67,0%).

Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы тамызда негізінен жеке тұлғалардың салымдарының 0,8%-ға 26,1 трлн теңгеге дейін өсуі және репо операцияларының 22,5%-ға 2,5 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 2,3%-ға 56,9 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 8,0%-ға өсу) ұлғайды.

Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 2025 жылғы тамызда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 1,0%-ға 33,3 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 1,0%-ға 42,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Шетел валютасындағы депозиттер 0,8%-ға 9,5 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 қыркүйектегі долларландыру деңгейі 22,2%-ды құрады (01.01.2025ж. - 22,5%).

Заңды тұлғалардың депозиттері негізінен шетел валютасындағы депозиттердің 2,1%-ға 5,1 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 2025 жылғы тамызда 0,8%-ға 18,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ұлттық валютадағы депозиттердің 1,5%-ға 19,7 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты жеке тұлғалардың депозиттері 1,1%-ға 24,1 трлн теңгеге дейін өсті.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы тамызда 15,4%-ды (01.01.2025ж. – 14,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 14,3%-ды (01.01.2025ж. – 13,2%) құрады.

Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы тамызда негізінен ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының ұлғаюы нәтижесінде 3,1%-ға 9,8 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 10,1%-ға өсу) ұлғайды. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,7%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,1%-ды (01.01.2025ж. – 22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2025 жылғы қаңтар-тамызда банктердің таза пайдасы 1 864 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға артық. Банк активтерінің рентабельділігі (RОА) 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 4,5%-ды (01.08.2025ж. – 4,6%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 30,8%-ды (01.08.2025ж. – 31,5%) құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz