Қаржы реттеушісі коллекторлардың қызметіне төрт маңызды түзетуді дайындады

Қаржы реттеушісі коллекторлардың қызметіне төрт маңызды түзетуді дайындады

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлық агенттіктердің қызметі бойынша барынша проблемалық мәселелерді талдады. Борышкерлердің құқықтарын қорғау үшін заңнамалық актілерге түзетулер дайындалды, олар 2020 жылғы төртінші тоқсанда қабылданатын болады.

Қаржы реттеушісі мынадай шараларды ұсынады:

  1. Коллекторлық агенттікке тіркелмеген телефон нөмірлерінен борышкермен өзара іс-қимыл жасауға тыйым салуды енгізу;
  2. Борышкермен өзара іс-қимыл жасаудың барлық жағдайларының міндетті аудио және бейне тіркелуін енгізу;
  3. Коллектордың үшінші тұлғалармен борышкердің орналасқан жерін немесе байланысын анықтау мақсатында ғана өзара іс-қимыл жасауын шектеу;
  4. Жазбаша почта хабарламаларын және (немесе) электрондық почтаға хабарламаларды жіберу арқылы борышкердің жұмыс берушісімен, борышкер жұмыс істейтін ұйымның қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасауды шектеу.

Бүгінгі күні Қазақстанда 193 коллекторлық агенттік жұмыс істейді. 2019 жылы жоғарыда аталған ұйымдардың әрекеттеріне шағыммен 353 өтініш қаралды, 2020 жылғы  сегіз айда Агенттік осындай сипаттағы 158 шағымды қарады.

Жоғарыда көрсетілген шараларды қабылдау азаматтарды коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің тарапынан ықтимал заңсыз әрекеттерден қорғауға, коллекторлардың жосықсыз әрекеттерін болдырмауға және олардың қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.