Халықаралық қарттар күніне орай Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ұжымы Қазақстанның қаржы секторының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерді құттықтады.
Агенттік өкілдері көп жылғы адал еңбегі, мамандыққа берілгендігі және елдің қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуына қосқан айтарлықтай үлесі үшін алғыс білдірді.
Бұл күні Агенттік ардагерлері – Шолпан Әбдіғалиқызы Сатқалиеваға, Марат Ғинаятұлы Нұрғалиевке, Шазида Қоңырбайқызы Демесиноваға және Марина Алексеевна Топоеваға Наталья Николаевна Шиминаға және Анна Васильевна Ридельге, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мұндай кездесулер Агенттіктің ұрпақтар байланысын нығайтуға, сабақтастықты сақтауға және жинақталған кәсіби тәжірибені жас мамандарға беруге мүмкіндік беретін маңызды дәстүрі болып табылады.