Егер атыңызға алаяқтық кредит ресімделсе, не істеу керек

Егер атыңызға алаяқтық кредит ресімделсе, не істеу керек

ЖАДЫНАМА

 «ЕГЕР АТЫҢЫЗҒА АЛАЯҚТЫҚ КРЕДИТ РЕСІМДЕЛСЕ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК»

 ДЕРЕУ БАНККЕ НЕМЕСЕ МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫНА (МҚҰ) ХАБАРЛАҢЫЗ

Кредиттің алаяқтық жолмен жасалғаны туралы кредиторға қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз. Мыналарды:

  • картаны, шотты және қосымшаға кіруді бұғаттауын;
  • жүгіну фактісін тіркеуді талап етіңіз.
  1. ПОЛИЦИЯҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

Тұрғылықты жеріңіз бойынша полицияға (eGov, eOtinish немесе жеке барып) өтініш беріңіз. Дәл осы сәттен бастап сотқа дейінгі тергеп-тексеру ресми түрде басталады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде оның басталғаны Сіздің Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде жолданымыңыз тіркелген сәттен немесе алғашқы шұғыл тергеу әрекеті басталған кезден бастап көзделген.

Өтінішіңізде кредитті рәсімдеудің мән-жайларын толық көрсетіңіз: рәсімделген күні, банктің/МҚҰ-ның сомасы мен атауы, қалай болғанын және кредитті ресімдеуге не себеп болғанын көрсетіңіз. Барлық дәлелдерді қоса тіркеңіз:

  • күдікті нөмірлерден (мессенджерлердегі және әлеуметтік желілердегі қоса алғанда) алынған СМС-хабарлардан (оның ішінде растау кодтарымен) қоңыраулардың скриншоттары;
  • алаяқтармен мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хат алмасудың скриншоттары;
  • кредитті ресімдеу кезеңіндегі банктің және(немесе) микроқаржы ұйымының қосымшаларынан СМС/Push-хабарламалар;
  • сөйлесулер мен дауыстық хабарлардың жазбалары (бар болса);
  • деректемелер мен аударымдарды алушылар көрсетілген шоттар бойынша үзінді-көшірмелер және үшінші тұлғалардың шоттарына ақшаның аударылғаны туралы түбіртектер.

Бастапқы материалдарды сақтаңыз, жүгінген кезде құжаттардың көшірмелерін пайдаланыңыз

  1. ПРОЦЕСТІК ҚҰЖАТТЫ АЛЫҢЫЗ

Кредитор алаяқтық кредит бойынша пайыздарды (тұрақсыздық айыбын) есептеуді және қарызды өндіріп алуды тоқтата тұруы үшін алаяқтық жолмен кредитті рәсімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық фактісін растайтын құқық қорғау органдарының процестік құжаты қажет.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде мұндай құжаттың екі нұсқасы қарастырылған:

  • ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 71-бабына сәйкес Сізді жәбірленуші деп тану туралы қаулы, ол жеке қолыңызға беріледі;
  • ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 200-бабына сәйкес қылмысқа ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыну, оны полиция орындау үшін тікелей кредиторға жібереді.

Процестік құжатта кредиттің ресімделген күні және оның сомасы, кредитордың атауы нақты көрсетілуге тиіс. Дәл осы құжат кредитордың сыйақыны (айыпақыны) есептеуді және кредит бойынша өндіріп алуды тоқтата тұруына негіз болып табылады.

  1. КРЕДИТ БОЙЫНША ЕСЕПТЕУЛЕРДІ ТОҚТАТА ТҰРУ ҮШІН КРЕДИТОРҒА ПРОЦЕСТІК ҚҰЖАТТЫ ҰСЫНЫҢЫЗ:

Кредитор полиция құжатын алғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде:

  • пайыздарды және айыпақыны (өсімпұл, айыппұл) есептеуді тоқтатуға;
  • қарызды өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндетті.
  1. ЕГЕР КРЕДИТОР 5-тармақта көзделген ШАРАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТСА, АГЕНТТІККЕ ШАҒЫМДАНУ КЕРЕК

Банктің/МҚҰ-ның бас тартуын және полицияның процестік құжатын тіркеп, шағымды eOtinish порталы арқылы жіберіңіз.

  1. БЕРЕШЕК НЕГІЗДЕР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА ЕСЕПТЕН ШЫҒАРЫЛАДЫ

Алаяқтық кредитті құқық қорғау органдарының және (немесе) соттың кредиттің алаяқтардың ықпалымен ресімделгенін, қарыз алушы жәбірленуші деп танылғанын растайтын құжаттар болған, сондай-ақ банктің немесе МҚҰ-ның әрекеттерінде бұзушылықтар анықталған кезде ғана есептен шығаруға болады.

  • Соттан тыс (сотсыз) есептен шығаруға негіздер

Егер полиция алаяқтық фактісін растаса және банк немесе МҚҰ міндетті талаптарды бұзса, атап айтқанда:

1) онлайн-кредитті ресімдеу кезінде биометриялық сәйкестендіру болмаса;

2) кредит клиенттің қарыз алудан ерікті түрде бас тартқаны туралы белгі бола тұра берілсе;

  • кредит берудің жас шектеулері бұзылса (кредит eGov порталы, электрондық үкіметпен ықпалдастырылған кредиттік бюроның немесе кредитордың жүйелері арқылы көзделген кредитті алуға олардың келісімінсіз 21 жасқа толмаған немесе 55 жастан асқан адамға берілсе);
  • банкте 150 АЕК-тен және МҚҰ-да 75 АЕК-тен асатын сомаға бірінші тұтынушылық кепілсіз кредит онлайн ресімделсе (жеке қатысусыз);
  • «шешім қабылдау кезеңі» сақталмаса - ақша белгіленген уақыттан бұрын және қарыз алушының келісімінсіз:

150-ден 255 АЕК-ке дейінгі сомаға банктік қарыз 8 сағат бұрын,
255 АЕК-тен жоғары сомаға – 24 сағат бұрын;

75 АЕК-тен жоғары сомаға микрокредит шарт жасалғаннан кейін
24 сағат бұрын берілсе.

Көрсетілген шектеулер клиент бір күн ішінде бірнеше онлайн-кредит ресімдейтін болса да қолданылады. 

Ерекше жағдайлар: тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметтер ақысын тікелей сатушыға төлеуге не сол банкте немесе МҚҰ-да берешекті өтеуге, сондай-ақ төлем картасы бойынша лимит шегінде 150 АЕК-ке дейінгі аударымдар жасау. 

Кредитордың әрекеттері:

Кредитті көрсетілген бұзушылықтармен беру фактісі анықталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде және құқық қорғау органдарының процестік құжаттары болған жағдайда берешекті есептен шығарады, кредиттік тарихқа өзгерістер енгізеді және ұсталған сомаларды қайтарады.   

  • Соттың есептен шығару негіздері (сот шешімі бойынша)

Егер банк/МҚҰ тарапынан бұзушылықтар анық болмаса, бірақ полиция тергеуі алаяқтық фактісін растайтын болса. 

Не болады:

  • полиция дәлелдер базасын жинайды және материалдарды сотқа береді;
  • сот ұсынылған материалдарды қарап, алаяқтық әрекеттер нәтижесінде кредит ресімдеу фактісін және банк/МҚҰ тарапынан себеп-салдарлық байланыстың болғанын белгілейді, бұл берешекті есептен шығару үшін негіз болып табылады.

Банктің/МҚҰ-ның негізгі бұзушылықтарына мыналар:

  • үшінші тұлғаның клиенттің сәйкестендіру деректерін заңсыз алуы және пайдалануы (құрылғыларды қашықтан басқаруды қоса алғанда);
  • биометриялық сәйкестендіруді бұзу;
  • алаяқтық белгілерін анықтау және белгілеу талаптарын сақтамау жатады.

Сот шешімі күшіне енгеннен кейін кредитордың әрекеттері:

10 жұмыс күнінен кешіктірмей:

  1. кредит бойынша берешекті есептен шығарады;
  2. клиентке ұсталған немесе төленген сомаларды қайтарады;
  3. кредиттік тарихты жаңартады.

БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ:

Алаяқтық кредитті есептен шығару автоматты түрде орындалмайды және оған құқық қорғау органдарының процестік құжаттары және (немесе) заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайда ғана жол беріледі.  

Есептен шығарудың маңызды шарты алаяқтық фактісін және банк немесе МҚҰ тарапынан бұзушылықтардың болғанын белгілеу болып табылады.