Егер несие бойынша банкпен келіспеушілік туындап, оларды өзара шеше алмасаңыз, банк омбудсманына жүгінуге болады. Ол қарыз алушылар мен банктерге өзара ымыраға келуге көмектесетін делдал ретінде әрекет етеді.
Омбудсманның қызметтері – тегін. Оның басты мақсаты – тараптар арасындағы өзара тиімді шешімге қол жеткізу.
Банк омбудсманына қандай жағдайда жүгіну керек?
Банк омбудсманы қарыз шартының талаптарын өзгертуге, берешекті қайта құрылымдауға және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты дауларды қарайды.
Алайда оған келесі жағдайларда жүгінуге болмайды:
Банк омбудсманына жүгіну үшін қандай құжаттар қажет?
Қарыз алушы келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
Өтініш қалай қаралады?
Құжаттарды қабылдағаннан кейін, банк омбудсманы мәселені талдап, екі тарапқа да тиімді шешім ұсынады.
Егер қарыз алушы банкпен қайта құрылымдау туралы келісімге келе алмаса, омбудсман оның қаржылық жағдайына сәйкес келетін шарттарды ұсына алады.
Банк омбудсманының шешімдері қаржы ұйымдары үшін міндетті. Егер қарыз алушы шешімге қанағаттанбаса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы.
Банк омбудсманына қалай жүгінуге болады?
Омбдусманға келесі тәсілдер арқылы хабарласуға болады:
Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы