Сақтандыру қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Сақтандыру қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысы жобасының (бұдан әрі – жоба) әзірленгенін хабарлайды.

Жоба сегіз нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Негізгі өзгерістер мен толықтырулар келесі мәселелерге қатысты:

– сақтандырушының Бірыңғай сақтандыру дерекқорына (бұдан әрі – БСДҚ) берілетін ақпараттың анықтығы үшін жауапкершілігін белгілеу;

- коэффициенттерді «бонус-малус» жүйесімен, оның ішінде мемлекеттік дерекқорларға қолжетімділік шектеулі болған жағдайларда есептеу тәртібін нақтылау;

- БСДҚ жұмыс істеуін шектейтін техникалық іркілістер мен мән-жайлар туралы мәліметтер беру;

- Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту;

- сақтандыру брокерлерінің қызметі туралы, оның ішінде олардың комиссиялық сыйақысының ең төмен және ең жоғары мөлшері туралы ақпаратты жария ету;

- сақтандыру полисін ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілеу;

- нормаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша редакцияны нақтылау.

Жоба бойынша ақпарат «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған, Жобаның толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.