Инвестициялық қорлар саласында Агенттік пен IFC арасындағы келісім-хатқа қол қою туралы

Инвестициялық қорлар саласында  Агенттік пен IFC арасындағы келісім-хатқа қол қою туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының Түркия және Орталық Азия бойынша IFC директоры Вибке Шлёмер ханым бастаған Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) делегациясымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Агенттік Төрағасы мен Шлёмер ханым Консультациялық қызмет көрсету туралы келісім-хатқа қол қойды. Осы құжат шеңберінде IFC ұсынымдар дайындайды, сондай-ақ мемлекеттік және жеке құрылымдармен консультацияларға қатысады.

Тараптар сондай-ақ Қазақстанның қаржы жүйесіне ESG стандарттарын енгізуді, микроқаржы институттарын банктерге айналдыруды, сондай-ақ норма шығару жұмысына жәрдемдесуді қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы нәтижелерін талқылады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz