2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 22 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 14 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 10 еншілес банк.
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен несие портфельдің 39,8 трлн теңгеге дейін 1,9%-ға өсуі есебінен ағымдағы жылғы шілдеде 0,4%-ға ұлғайып, 256 млрд теңгені құрады (2025 жылдың басынан 5,7%-ға немесе 3,5 трлн теңгеге өсу).
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,1 трлн теңгені немесе активтердің 29,4%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2025 жылғы шілдеде 2,2%-ға 37,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 10,0%-ға өсу). Бұл ретте, ұлттық валютада берілген кредиттер 1,7%-ға 34,0 трлн теңгеге дейін, АҚШ долларының теңгеге қатысты 4,1% нығаюы аясында оң қайта бағалау нәтижесінде шетел валютасында 8,4%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 91,5%-ды құрады (01.01.2025 ж. – 91,2%).
Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2025 жылғы шілдеде негізінен инвестицияларға және бағалы қағаздар сатып алуға берілген қарыздардың 4,2%-ға 3,6 трлн теңгеге өсуі есебінен 14,1 трлн теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан 8,0%-ға өсу). Оның ішінде, ірі бизнеске берілген қарыздар 2,4%-ға 5,2 трлн теңгеге дейін, ШОБ субъектілеріне қарыздар - 2,9%-ға 6,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Дара кәсіпкерлерге берілген кредиттер бір айда 3,0%-ға 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 19,6%-ға өсу).
Салалар бөлінісінде ағымдағы 2025 жылғы 7 айда кредиттердің өсуі барлық салаларда дерлік: өнеркәсіп – 4,6 трлн теңгеге дейін 5,8% ға, сауда – 3,8 трлн теңгеге дейін 8,5%-ға, ауыл шаруашылығы - 501 млрд теңгеге дейін 4,1%-ға, құрылыс – 748 млрд теңгеге дейін 10,2%-ға, көлік – 1,0 трлн теңгеге дейін 14,2%-ға және ақпарат және байланыс салаларында – 190 млрд теңгеге дейін 23,9%-ға байқалады.
2025 жылғы шілдеде бизнес субъектілеріне 1,7 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді. Бұл ретте, 2025 жылғы 7 айда бұл көрсеткіш 10,5 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға көп.
Бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы шілденің қорытындысы бойынша 21,8%-ды құрады. Ірі бизнеске теңгемен кредиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 18,9%-ды, ШОБ субъектілеріне – 19,3%-ды, ДК – 31,5%-ды құрады.
Халыққа берілген кредиттер бір айда 1,9%-ға ұлғайып, 23,0 трлн теңге құрады (2025 жылдың басынан 11,2%-ға өсу). Халыққа берілетін кредиттер құрылымында кепілсіз тұтынушылық қарыздардың өсуі есебінен (2025 жылдың басынан бастап 13,8% - ға өсу) тұтынушылық қарыздар 2,2%-ға 15,7 трлн теңгеге дейін өсті.
Ипотекалық кредиттер нарықтық ипотекалық портфельдің 1,9% - ға 2,0 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты 1,5%-ға 6,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 6,3% - ға өсу).
2025 жылғы шілдеде жаңа ипотекалық қарыздар беру 214 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 2025 жылдың 7 айында бұл көрсеткіш 1,2 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5% - ға көп.
2025 жылғы шілдеде халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлеме 20,2%-ды құрады.
Несие портфелінің сапасы тұрақты болып қалып отыр. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі (NPL90+) несие портфелінің 3,5%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрады, бұл бір ай бұрынғы 3,4% салыстырғанда шамалы өсті.
Бизнес кредиттерінде NPL90 + қарыздардың үлесі 2,2%-ды немесе 351 млрд теңгені құрады (01.07.2025ж. – 2,2%). Сонымен қатар, ағымдағы жылғы шілде айында халыққа берілген кредиттер бойынша проблемалық берешектің өсуі байқалады, оның үлесі 4,3%-дан 4,5%-ға дейін 1 033 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып отыр және 64,9%-ды құрайды (01.01.2025ж. – 67,0%).
Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы шілдеде негізінен жеке тұлғалардың салымдарының 1,8%-ға 25,9 трлн теңгеге дейін өсуі және репо операцияларының 1,1%-ға 2,0 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 0,2%-ға 55,6 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 5,6%-ға өсу) ұлғайды.
Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 2025 жылғы шілдеде негізінен шетел валютасындағы депозиттердің 3,3%-ға 9,4 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде, оның ішінде теңгеге қатысты АҚШ долларының нығаюы аясында оң қайта бағалау нәтижесінде 0,5%-ға 42,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер 0,3%-ға 33,0 трлн теңгеге дейін қысқарды. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 тамыздағы долларландыру деңгейі 22,2%-ды құрады (01.07.2025ж. - 21,6%).
Заңды тұлғалардың депозиттері негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 3,0%-ға 13,5 трлн теңгеге дейін төмендеуі нәтижесінде 2025 жылғы шілдеде 0,8%-ға 18,5 трлн теңгеге дейін төмендеді. Ұлттық валютадағы депозиттердің 1,7%-ға 19,4 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты жеке тұлғалардың депозиттері 1,6%-ға 23,9 трлн теңгеге дейін өсті.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы шілдеде 15,5%-ды (01.01.2025ж. – 14,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 14,3%-ды (01.01.2025ж. – 13,2%) құрады.
Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы шілдеде негізінен ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының ұлғаюы нәтижесінде 1,6%-ға 9,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 6,8% өсті). 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,4%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) - 20,8%-ды (01.01.2025ж. – 22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2025 жылғы қаңтар-шілдеде банктердің таза пайдасы 1 641 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,2%-ға артық. Банк активтерінің рентабельділігі (RОА) 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 5,0%-ды (01.07.2025ж. – 4,6%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 34,6%-ды (01.07.2025ж. – 31,7%) құрады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы