Қазақстан сақтандыру секторының 2025 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2025 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру.

2025 жылғы шілденің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 3,5%-ға 3,6 трлн теңгеге ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 14,4%-ға өсу), ол негізінен сақтандыру қызметінен түскен кірістердің өсуі нәтижесінде болды.

2025 жылғы 1 тамызда активтер құрылымында  ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,2% (2,5 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 7,6% (271 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,8% (171 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері дивиденттер бойынша акционерлер алдындағы міндеттемелердің өсуі нәтижесінде 2025 жылғы шілдеде 4,4%-ға 2,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 16,2%-ға өсу). 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде 1,3%-ға немесе 13,2 млрд теңгеге 1,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 10,3%-ға өсу).

2025 жылғы шілдеде сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 2025 жылғы шілдеде сақтандыру және инвестициялық қызметтен түсетін кірістер есебінен 45,9 млрд теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап – 155 млрд теңге).

2025 жылғы шілдеде жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 2,4 млн шартты құрады, бұл алдыңғы айымен салыстырғанда 6,5%-ға көп.  2025 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 15,2 млн шартты құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,5%-ға артық. Негізгі өсім өмірді сақтандыру (2,3 млн шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

2025 жылғы шілдеде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 163,9 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 964,0 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,0%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақылары көлемінің ұлғаюы жасалатын сақтандыру шарттары санының өсу үрдісіне сәйкес келеді және елде, әсіресе ерікті түрлердегі сақтандыруға сұраныстың артқанын көрсетеді.

Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныбы болып табылады, олар бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы шілдеде 78,4 млрд теңгені, 2025 жылғы 7 ай ішінде 469 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,8%-ға көп. Өсу, негізінен, зейнетақы аннуитеттік сақтандыру (20,4%-ға 188,7 млрд теңгеге дейін) және өмірді сақтандыру (өсу 23,6%-ға 143,8 млрд теңгеге дейін) бойынша сыйлықақылардың ұлғаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылғы шілдеде 60,9 млрд теңгені құрады, ағымдағы жылдың басынан бастап 340,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға көп. Өсу, негізінен, басқа қаржылық шығындардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 91,7%-ға және мүлікті зиянан сақтандыру бойынша 11,0%-ға ұлғаюымен  байланысты.

Міндетті сақтандыру бойынша 2025 жылғы шілдеде 24,6 млрд теңге, жыл басынан 154,6 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  20,6%-ға 68,4 млрд теңгеге дейін міндетті сақтандыру  бойынша орын алды.

Сақтандыру төлемдері 2025 жылғы шілдеде 39,9 млрд теңгені (132,5 мың төлем бойынша) құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 245,0 млрд теңгені (909,1 мың төлем бойынша)  құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39,2%-ға көп. Өсу, негізінен, 60,4%-ға 81,1 млрд теңгеге дейін мүлікті ерікті түрде сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz