Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2025 жылғы 1 тамыздағы жұмыс қорытындылары туралы

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2025 жылғы 1 тамыздағы жұмыс қорытындылары туралы

2025 жылғы шілдеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың алаяқтық әрекеттер, тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы жолданымдарын қараумен және борыш жүктемесін азайту шараларын қабылдаумен байланысты болды.

2025 жылғы шілдеде Агенттік қаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 14 536 жолданымын қарады, бұл 2025 жылғы маусыммен салыстырғанда  2,8%-ға аз.

Жолданымдардың ең көп үлесі банк секторына тиесілі, ол жолданымдардың жалпы санының 49,9%-ын құрады. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша жолданымдар жалпы санның 31,7%-ын, коллекторлық агенттіктердің 7,0%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 1,6%-ын, өзге ұйымдардың 9,6%-ын, атауы көрсетілмеген қаржы ұйымдарының 0,2%-ын құрады.

Агенттік 2025 жылғы шілдеде 7 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 9 хаттама бойынша 5,4 млн теңге жалпы сомаға 9 әкімшілік жаза, 3 жазбаша нұсқау қолданды, оның ішінде:

-  банктерге – 7 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және  әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама бойынша 1,6 млн теңге жалпы сомаға 2 әкімшілік жаза;

-  микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға – 2 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 5 хаттама бойынша 3,1 млн теңге жалпы сомаға 5 әкімшілік жаза;

- коллекторлық ұйымдарға – 1 жазбаша ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 1 хаттама бойынша 0,3 млн теңге жалпы сомаға 1 әкімшілік жаза;

- сақтандыру ұйымдарына – әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 1 хаттама бойынша 0,4 млн теңге жалпы сомаға 1 әкімшілік жаза қолданылды.

Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.

Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктер 208,6 млрд теңге сомаға  33,0 мың қарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер 114 млрд теңге сомаға 15,9 мың валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау/қайта қаржыландыру 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер қарыздары бұрын Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған ХӘОТ-қа жататын ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыс жүргізуде. Қолдау шаралары қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде көрсетіледі. 01.08.2025 ж. жағдай бойынша қосымша қолдау шаралары 10,6 мың қарыз алушыға 97,7 млрд теңге сомасында көрсетілді. Ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету мерзімі 2025 жылғы
31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz