Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын дамыту мәселелері жөнінде өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын дамыту мәселелері жөнінде өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2025 жылғы 16 мамырдағы № 14 қаулы қабылдағанын хабарлайды.  

Қаулымен қор биржасының ресми тізіміне «Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер» сегментін енгізу көзделеді, ол «Негізгі» және «Баламалыдан» басқа қор биржасының өзге алаңдарындағы компанияларға облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу (міндеттемелерді қайта құрылымдау) бойынша дефолтқа жол берілген жағдайда аталған сегментке ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қаулымен қор биржасы мүшелерінің уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпарат ұсынуы жөнінде талап белгіленеді.

Сонымен қатар, қор биржасының әрбір қаржы құралы бойынша жеке маркет-мейкер мәртебесін беруден бас тарту немесе одан айыру туралы шешім қабылдау бөлігінде норма көзделеді. Аталған түзету жекелеген қаржы құралдары бөлінісінде маркет-мейкерлерді айқындау тәсілін саралауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қаулымен жылдық қаржылық есептілікті жариялау үшін рұқсат етілген ресурстар тізбесіне акционерлік қоғамның және қаржы ұйымының ресми интернет-ресурстары енгізіледі.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz