«Tengri Bank» АҚ тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері қызметіне конкурс

«Tengri Bank» АҚ тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері қызметіне конкурс

«Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) қалаларда «Tengri Bank» АҚ тарату комиссиясының төрағасы және мүшелеріне, қызметтеріне кандидаттарды iрiктеу іс-шараларын өткізуде:

Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Тараз және Шымкент.

Кандидаттар жоғары экономикалық немесе заң бiлiмi немесе бухгалтерлік есеп пен аудит саласында жоғары білімі болуы, қаржы ұйымдарын және басқа заңды тұлғаларды тарату тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бiлуі тиiс.

Кандидаттарға қойылатын талаптар және олар ұсынатын құжаттардың тiзбесi Агенттіктің Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 Қаулысымен бекiтiлген Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптарды бекіту туралы.

Банктерді тарату комиссиясының төрағасы және/немесе мүшелерін тағайындау туралы өтiнiші мен қосымша құжаттарын 2020 ж. «12» қазанына дейін  Агенттікке Алматы қаласы, Көктем-3, 21 үй мекен-жайына ұсынуы тиiс.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша 8 (727) 2788 104 (5604) телефонына хабарласуға болады.».