Банктік шотты бұғаттау – банк клиентінің басынан өтуі мүмкін жағдай. Бұғаттаудың себептері әр түрлі болуы мүмкін: техникалық ақаулардан бастап, заңнаманы бұзу туралы күдікке дейін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұндай жағдайларда не істеу қажет екенін еске салады.
Шотты бұғаттаудың ықтимал себептері:
Егер шот бұғатталса, не істеу керек?
Егер сіз шотқа кірудің шектелгенін білсеңіз, алдымен банктің мобильді қосымшасындағы хабарламаларды тексеріңіз – себебі сол жерде жазылуы мүмкін.
Толық ақпарат алу үшін колл-орталық арқылы банкке немесе жақын жердегі бөлімшеге хабарласыңыз. Қол жеткізуді қалпына келтіру үшін қандай әрекеттер қажет екенін нақтылаңыз.
eGov.kz немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы ықтимал берешектің болуын тексеріңіз. Қажет болса, қаражаттың пайда болу көзін растайтын құжаттар дайындаңыз және ұсыныңыз.
Егер банк түсініктеме бермесе немесе шара қолданбаса, Сіз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым түсіре аласыз.
Бұғатталу қаупін қалай азайтуға болады:
Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы,