Мобильді банкингті пайдаланғанда қауіпсіздігіңізді қалай қамтамасыз етуге болады?

Мобильді банкингті пайдаланғанда қауіпсіздігіңізді қалай қамтамасыз етуге болады?

Мобильді банкинг күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Қаржыны басқару ыңғайлы болды: шоттарды төлеу, ақша аудару, кез-келген жерде сатып алу – интернетке қосылу жеткілікті.

Алайда барлық қарапайымдылық пен қолжетімділікпен киберқауіптерді есте ұстаған маңызды. Банктер сенімді қорғаныс жүйелерін қолданғанымен, алаяқтар пайдаланушылардың іс-қимылында осалдықтарды белсенді пайдаланады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қауіпсіздік қаржылық қызметтерді тұтынушының қырағылығынан басталатынын еске салады. Төменде сіздің қаражатыңызды қорғауға көмектесетін қарапайым, бірақ маңызды нұсқаулар берілген.  

 

Қоғамдық Wi-Fi желілеріне қосылу кезіндегі қауіпсіздік

Қоғамдық Wi-Fi желілері (кафелерде, сауда орталықтарында, қонақүйлерде және т. б.) жиі қажетті түрде қорғалмайды. Мұндай желілерге қосылған кезде қаскүнемдердің:

  • ұқсас атауы бар жалған желі жасау;
  • шифрланбаған трафикті ұстау;
  • кіру немесе төлем бетіне зиянды кодты енгізу қаупі болады.

Қоғамдық желілер арқылы мобильді банкингті пайдалану кезінде тәуекелдерді азайту үшін:

  • қандай желіге қосылатындығын тексеріңіз - қызметкерлерден желінің ресми атауын нақтылаңыз;
  • егер сайттың немесе қосымшаның интерфейсі әдеттегіден өзгеше болса, логиндерді, парольдерді немесе карта деректерін енгізбеңіз;
  • қажет болса, қорғалған қосылымды пайдаланыңыз – мысалы, мобильді интернет немесе өзіңіздің құрылғыдан кіру нүктесі арқылы;
  • операциядан кейін қосымшада сессияны аяқтаңыз.

        

Сенімді құпиясөздерді қолданыңыз

Банктік қосымшаның құпия сөзі күрделі және ерекше болуы керек-әлеуметтік желілер немесе электрондық пошта үшін бірдей құпия сөзді пайдаланбаңыз. Бұл басқа аккаунтқа нұқсан келтірсе де, сіздің қаржыңызды қорғайды.

Қорғанысты арттыру үшін:

  • ұзындығы кемінде 10 таңбадан тұратын құпиясөз ойлап табыңыз;
  • әріптердің түрлі регистрін, сандарды және арнайы таңбаларды қолданыңыз;
  • құпиясөздерді жазба дәптерге немесе мессенджерлерге жазбаңыз;
  • қажет болған жағдайда сенімді құпиясөздер менеджерін қолданыңыз (мысалы, Google немесе Apple ID-ге кіріктірілген).

        

Екіфакторлы аутентификацияны қосыңыз (2FA)

Екіфакторлы аутентификация – бұл бір жолғы код арқылы кіруді растауды талап ететін қосымша қорғаныс (мысалы, SMS арқылы). Қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету үшін:

  • банк қосымшасының теңшеулерінде 2FA-ны қосыңыз;
  • аутентификациялық SMS-терді немесе, мүмкіндігінше, қосымшаларды (Google Authenticator, Microsoft Authenticator және т.б.) қолданыңыз;
  • қоңырау соғушы өзін банк қызметкері деп таныстырса да, телефон немесе мессенджер арқылы растау кодтарын жібермеңіз.

        

Банктен хабарландыруларды қосыңыз 

Шот бойынша кез келген операциялар туралы SMS немесе push-хабарландыруларды қосыңыз. Бұл сізге күдікті белсенділікті бірден байқауға және қолжетімділікті жедел бұғаттауға мүмкіндік береді. 

        

Қосымшаларды тек ресми көздерден жүктеңіз

Мобильді банк қосымшасын тек ресми дүкендерден (App Store, Google Play) және тек ресми әзірлеушілерден орнатыңыз. Мессенджерлерден, хаттардан, SMS-тен немесе әлеуметтік желілерден күмәнді орнату туралы сілтемелерге өтпеңіз – бұл зиянды бағдарламалық қамтылымды орнатуға әкелуі мүмкін.

        

Құрылғыға деген қолжетімділікті қорғаңыз

  • бұғатты ашу үшін PIN-код, саусақтың ізін немесе Face ID пайдаланыңыз;
  • құпиясөздерді ашық түрде, әсіресе жазба дәптерге немесе ашық құжаттарда сақтамаңыз;
  • телефоныңызды жоғалтқан жағдайда сим-картаңызды бірден бұғаттап, қосымшаларға қолжетімділікті шектеңіз.

 

Қосымша қауіпсіздік шаралары

  • аударымдарға тәуліктік шектеулер белгілеңіз;
  • банк қосымшасындағы белсенді құрылғылар тізімін жүйелі түрде тексеріп отырыңыз;
  • телефон нөміріңізді ауыстырған жағдайда операцияларды растау және хабарлама алу мүмкіндігін сақтау үшін бұл туралы міндетті түрде банкке хабарлаңыз.

Сондай-ақ, Агенттік банк қызметкерлерінің растау кодтарын, құпиясөздерді немесе картаның деректерін сұрамайтыны туралы ескертеді. Егер сіз күдікті іс-қиымлды байқасаңыз, бірден банкке жүгініңіз.   

Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz