Қазақстан сақтандыру секторының 2025 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының  2025 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі туралы

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру, 15 компания жалпы сақтандыру бойынша компания.

2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 2,3%-ға 3,4 трлн теңгеге ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 10,6%-ға өсу), ол негізінен сақтандыру қызметінен түскен кірістердің өсуі нәтижесінде болды.

2025 жылғы 1 шілдеде активтер құрылымында  ең көп үлес бағалы қағаздарға – 72,5% (2,5 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 7,1% (245,0 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,4% (152,0 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жасалған шарттар бойынша сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2025 жылғы маусымда 1,7%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды
(2025 жылдың басынан бері 11,3%-ға өсу).

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде 3,8%-ға 1,0 трлн млрд теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 9,0%-ға өсу).

2025 жылғы маусымда сақтандыру ұйымдары 35,3 млрд теңге мөлшерінде пайда алды (2025 жылдың басынан бері таза пайда – 109,7 млрд теңге.

2025 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 13,0 млн шартты құрады, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 24,5%-ға көп. Негізгі өсім өмірді сақтандыру (1,3 млн шарт немесе 70,5%-ға өсу) бойынша шарттарға тиесілі.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2025 жылы маусымда 125,5 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 800,1 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 19,5%-ға артық. 

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы маусымда 65,0 млрд теңгені, 2025 жылдан бастап
390,4 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 30,6%-ға артық. Өсу негізінен жиналған сыйлықақылардың жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша 54,4%-ға 74,2 млрд теңгеге және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша 35,4%-ға 152,1 млрд теңгегеге ұлғаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылғы маусымда 39,2 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 279,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға артық. Өсу негізінен жиналған сыйлықақылардың  азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру санаты бойынша
23,2%-ға және мүлікті зияннан сақтандыру санаты бойынша 5,4%-ға өсуіне байланысты.

Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары
2025 жылғы маусым бойынша 21,3 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 130,0 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 6,6%-ға артық. Өсу негізінен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру сыйлықақылардың ұлғаюымен байланысты (21,6%-ға немесе 57,9 млрд теңгеге ұлғаю).

2025 жылғы маусымдағы сақтандыру төлемдері 38,3 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 205,1 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 41,4%-ға артық, барлығы 132,5 мың төлем жасалды.   

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы,

press@finreg.kz