2025 жылғы 28 шілдедегі Агенттік Төрағасы орынбасарының № Б-193 бұйрығына сәйкес, «Alatau City Garant» сақтандыру акционерлік қоғамына «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия белгіленген тәртіппен қайта ресімделді. Лицензияның қайта ресімделуі заңды тұлғаның атауының өзгеруіне байланысты жүргізілді — бұған дейін компания «Jusan Garant» сақтандыру акционерлік қоғамы атауымен қызмет атқарған.