Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазпошта» АҚ-тың атын пайдалана отырып жасалатын алаяқтық жағдайлары туралы ескертеді.
Алаяқтық схемасына мынадай әрекеттер кіреді:
Өзіңізді қалай қорғауға болады:
Қоңырау шалушы ресми ұйымның қызметкері болып көрінсе де, SMS-пен келген растау кодтарын ешқашан бермеңіз. Белгісіз адамдар жіберген хабарламалар бойынша сілтемелерге өтпеңіз. Телефон арқылы дербес деректерді, банк картасының нөмірін және CVV-кодты бермеңіз. Сонымен қатар, мессенджерлер арқылы бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауларға сақ болыңыз.
Барлық ақпаратты ресми арналар – сайт немесе мобильдік қосымша арқылы екі рет тексеру қажет. Алаяқтық белгілері анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну керек. Алаяқтық кредиттерді ресімдеуден қорғану үшін eGov.kz порталында немесе eGov mobile мобильдік қосымшасында банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу ұсынылады. Бас тартуды азамат кез келген уақытта сол ресми ресурстар арқылы алып тастай алады.
Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz. сайтынан таныса аласыздар.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
press@finreg.kz