Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасының 2025 жылғы 25 маусымдағы №21 қаулысымен Тлек Кабыкенович Альжановқа «Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім берілді.
Ірі және ірі (жанама) қатысушы мәртебесінің болуы сақтандыру ұйымының жағдайы нашарлаған жағдайда оның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде оның меншікті капиталын ұлғайтуды қоса алғанда, қаржылық жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылдау міндетін көздейді.
«Өмірді сақтандыру» саласындағы 10 сақтандыру ұйымының ішінде
«Standard Life» ӨСК» АҚ активтердің көлемі бойынша 6-шы орында, бұл сала бойынша жиынтық активтердің 4,0%-ын құрайды.
Қаржы ұйымы мен оның филиалдары туралы жалпы ақпаратпен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.