Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өткізу туралы

Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржыландыру нарығында өзін-өзі реттеуді енгізу бөлігінде реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың 2025 жылғы 2 шілде сағат 09.00-ден 2025 жылғы 4 шілде сағат 18.00-ге дейін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында «Реттеушілік әсерді талдау» бөлімінде өтетінін хабарлайды.

Қосымша бейнеконференция биыл 2 шілдеде сағат 10.00-ге жоспарланып отыр. Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, лауазымын және ұялы телефонының нөмірін Daniya.Kussantayeva@finreg.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

Бейнеконференцияға сілтеме мүдделі адамдарға ұялы телефон нөмірлеріне жіберіледі.

Туындаған барлық сұрақ бойынша +7 727 727 237-14-23 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз.