Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданысын тоқтата тұру туралы» бірлескен қаулы жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба екінші деңгейдегі банктерге алдағы өзгерістерге дайындалу үшін жеткілікті уақыт беру мақсатында әзірленді, бұл ішкі есепке алу және операциялық жүйелерді бейімдеуге, ағымдағы және жаңа ипотекалық өнімдер бойынша талаптарды қайта қарауға, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттарға қажетті өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Жоба шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖСТМ-ді 25%-дан 20%-ға дейін төмендету жөніндегі норманы 2025 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтата тұру көзделеді.
Жобаның толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы