Онлайн-платформада жаңа актуарлық курстың іске қосылуы туралы

Онлайн-платформада жаңа актуарлық курстың іске қосылуы туралы

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдар әрі - Агенттік) Қазақстан актуарийлерін оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы шеңберінде skills.enbek.kz онлайн-платформасында «Өмір мен денсаулықты сақтандыру» (төртінші актуарлық курс, «В» бөлігі) курсының іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Төртінші актуарлық курстың «B» бөлігі резервтеу әдістері мен принциптерін, өмірді және денсаулықты сақтандыру бойынша капиталды басқаруды зерттеуге баса назар аударады.

Курстар актуарлық әдістерді, сақтандыру ісін және тәуекелдерді басқаруды терең меңгеруге ниетті тыңдаушылардың кең ауқымына – бастапқы деңгейдегі студенттерден бастап білікті мамандарға дейін  арналған.

Сондай-ақ, онлайн-платформасында сақтандыру және зейнетақы өнімдерін талдау, әзірлеу және бағалау, тәуекелдерді басқару және сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің актуарлық әдістерін қолдануды жан-жақты меңгеруге бағытталған «Актуарлық қағидаттар және олардың көшірмелері» екінші актуарлық курсы қолжетімді.

Актуарийлерді оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша барлық (10 курс) актуарлық курстарды тапсыру Қазақстанда актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу мүмкіндігін береді.

Бұған дейін Агенттік актуарийлерді оқытудың онлайн-платформасының және «Өмірді сақтандырудағы пайыздық мөлшерлемелер мен кездейсоқ процестер теориясы» курсының (бірінші актуарлық курс) іске қосылғаны туралы хабарлаған болатын, оған 155 білім алушы тіркелген.

Жаңа курс туралы толық ақпарат сілтеме арқылы қолжетімді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz