Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін қызметтерді қашықтан көрсету және интернет-ресурста жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) есебіне қол жеткізуді қамтамасыз ету кезінде мобильді қосымшаларда ЖТСМ көрсету туралы талаптар белгіленеді.
Бұдан басқа, қарыз қаражатының нақты құны туралы ақпараттың ашықтығы мен толықтығын қамтамасыз ету үшін ЖТСМ есебіне кіретін барлық міндетті және ілеспе төлемдерді, оның ішінде үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдерді нақтылауға бағытталған өзгерістер енгізіледі.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы