Шетелдік банктер мен олардың филиалдарын ашу тәртібіне қойылатын қолданыстағы талаптарды жеңілдету туралы

Шетелдік банктер мен олардың филиалдарын ашу тәртібіне қойылатын қолданыстағы талаптарды жеңілдету туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» Басқарма қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында әзірленіп, шетелдік банктер мен олардың филиалдарын ашу тәртібіне қойылатын қолданыстағы талаптарды жеңілдетуді көздейді. Атап айтқанда, уәкілетті органға ұсынылуы тиіс құжаттар тізбесін оңтайландыру және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» және «Ақпараттандыру туралы» заңдарының талаптарына сәйкестікке келтіру көзделген.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz