«ТрансОйл» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы

«ТрансОйл» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың  ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасының №18 қаулысымен «Бозашы Мұнай» ЖШС-ға «ТрансОйл» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім берілді.

№19 қаулысымен Мурат Сафинге «ТрансОйл» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім берілді.

Ірі және ірі (жанама) қатысушы мәртебесінің болуы сақтандыру ұйымының жай-күйі нашарлаған жағдайда оның қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, оның ішінде қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде өзінің меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау міндетін көздейді.

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызмет атқаратын 15 сақтандыру ұйымының ішінде «ТрансОйл» сақтандыру компаниясы» АҚ активтер көлемі бойынша 15-орында тұр, бұл саладағы жиынтық активтердің 0,5%-ын құрайды.

Қаржы ұйымы және оның филиалдары туралы жалпы ақпаратпен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz