Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы Вячеслав Константинович Кимге «First Heartland Jusan Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы қаулы қабылдады.
Өтінішті қарау «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін алуына уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімі болған кезде ғана жол беріледі.
«First Heartland Jusan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі ірі банктерінің қатарына кіреді. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банктің активтері 3 195 млрд теңгені, меншікті капиталы 900 млрд теңгені құрайды. Банк капиталы мен өтімділіктің жеткіліктілігі нормативтерін қоса алғанда, белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтайды. Активтер көлемі бойынша Банк 6-шы орында, несие портфелінің мөлшері бойынша — елдің банк жүйесінде 8-ші орында.
Сонымен бірге В.К. Ким «Kaspi Bank» АҚ-тың жанама ірі қатысушысы болып табылады, аталған банк Қазақстан Республикасының банк секторында жетекші орын алады, оның ішінде активтер мен несие портфелінің мөлшері бойынша 2-ші орында.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы