2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру бойынша.
2025 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 3,9%-ға 3,3 трлн теңгеге ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 7,2%-ға өсу), ол негізінен инвестициялық қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде болды.
2025 жылғы 1 мамырда активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 72,0% (2,4 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 7,0% (236,1 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,8% (160,7 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері негізінен жасалған шарттар бойынша сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2025 жылғы сәуірде 4,6%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 8,6%-ға өсу).
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде 2,2%-ға 981 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 3,7%-ға өсу).
2025 жылғы сәуірде сақтандыру ұйымдары негізінен 24,4 млрд теңге мөлшерінде пайда алды (2025 жылдың басынан бері таза пайда – 42,6 млрд теңге).
2025 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 8,2 млн шартты құрады, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 28,1%-ға көп. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (1,4 млн шарт немесе 66,5%-ға өсу) бойынша шарттарға тиесілі.
Сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру (қайта сақтандыру) сыйлықақылары 2025 жылы сәуірде 152,6 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 543,6 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 24,8%-ға артық.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы сәуірде 72,6 млрд теңгені, 2025 жылдан бастап 264,5 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 43,8%-ға артық. Өсу негізінен жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша 2,1 есе немесе 62,4 млрд теңгеге және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша 1,6 есе немесе 97,3 млрд теңгеге жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша 2025 жылғы сәуірде 54,2 млрд теңге сомада, 2025 жылдың басынан бері 191,7 млрд теңге сомада сақтандыру төлемдері жүзеге асырылды, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, 11,4%-ға артық. Өсім негізінен кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру сыныбы бойынша жиналған сыйлықақылардың 3,2 есе 8,8 млрд теңгеге дейін ұлғаюына байланысты.
Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдері 2025 жылғы сәуірде 25,8 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 87,3 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,6%-ға артық. Өсу негізінен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру сыйлықақылардың ұлғаюымен байланысты (29,4%-ға немесе 37,8 млрд теңгеге ұлғаю).
2025 жылғы сәуірдегі сақтандыру төлемдері 41,6 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 131,9 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 37,6%-ға артық, барлығы 152,3 мың төлем жасалды.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz