Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің, «Kaspi.kz» АҚ (-3,9%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (-4,5%) өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының төмендеуі есебінен 2025 жылғы сәуірде 2,1%-ға төмендеп, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 31,1 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап 5,4%-ға төмендеді).
KASE индексі 2025 жылғы сәуірде 0,6%-ға 5 622,10 тармаққа дейін азайды (2025 жылдың басынан бастап 0,8%-ға өсті).
Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Кселл» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 2,5 есе ұлғайып, биыл сәуір айында 48,2 млрд теңгені құрады.
2025жылғы1мамырдағыжағдайбойынша«Қазақстанқорбиржасы»АҚ(бұдан әрі –KASE)саудатізімдерінде81 қазақстандық эмитенттің 96 атауының акциялары болды.
«KASE Global» секторында 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 47 атаудағы акциялары және 59 шетелдік эмитенттің 18 ETF болды. «KASE Global» секторында жасалған мәмілелердің жиынтық көлемі негізінен SPDR Series Trust, Microsoft Corporation, Apple Inc. акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 24,5%-ға ұлғайып, 2025 жылғы сәуірде 6,6 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2025 жылғы сәуірде 0,8%-ға 13,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 0,5%-ға өсті).
KASE-де Корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2025 жылғы сәуірде негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің 5,2 есе 403,8 млрд теңгеге дейін өсуі есебінен алдыңғы аймен салыстырғанда 3,4 есе 474,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 129 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 533 шығарылымы болды (01.01.2025ж. – 126 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 511 шығарылымы).
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2025 жылғы сәуірде 1,9%-ға 29,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 7,8%-ға өсті). KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2025 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша 17,1%-ға азайып, 791,1 млрд теңгені құрады.
2025 жылғы сәуірде МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 2,5%-ға 599,3 млрд теңгеге дейін азайды. Оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі 570,8 млрд теңге тартып, өтеуге кірістілігі 14,10-15,85% болатын облигациялардың 10 шығарылымын орналастырды, үш облыс пен Шымкент қаласының әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 28,5 млрд теңге тартты.
Ұжымдық инвестициялау нарығында 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 58 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 33 жабық және 1 ашық пай қоры жұмыс істеді.
Инвестициялық пай нарығындағы басқарудағы активтер 2025 жылғы сәуірде 0,2%-ға азайып, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 358,7 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері 2,0%-ға өсті). 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 300,8 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 83,9%-ын құрады.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 40 брокер мен дилер (16 банк және 24 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 4 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.
2025 жылғы сәуірде Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 2,4%-ға ұлғайып, 4 064,2 мың шотты құрады, оның ішінде:
- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 689,9 мың қосалқы шотқа дейін 0,9 мыңға немесе 0,1%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 4,5 мыңға немесе 0,7%-ға өсу);
- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 3 374,3 мың шотқа дейін 92,8 мыңға немесе 2,8%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 558,9 мыңға немесе 19,9%-ға өсу).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2025 жылғы сәуірде 0,9%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 547,2 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері негізінен «First Heartland Securities» АҚ-тың ерікті өтініші бойынша лицензиясының қолданылуын тоқтату есебінен 28,9%-ға төмендеді).
Міндеттемелер 10,1 млрд теңге сомасына алынған қарыздар бойынша міндеттемелердің өсуіне байланысты 12,2%-ға 130,3 млрдтеңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бері46,0%-ғатөмендеді).
Бөлінбеген пайданың 6,5%-ға 127,1 млрд теңгеге дейін төмендеуі нәтижесінде меншікті капитал 2,1%-ға 416,9 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы