Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының 2025 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының 2025 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) активтері 2025 жылғы 1-тоқсанда 5,2%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3,2 трлн теңгені құрады. Активтердің ұлғаюына микроқаржы ұйымдарының несие портфелінің өсуі себеп болды.

МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына – 1,8 трлн теңге немесе 57,4%, кредиттік серіктестіктерге – 0,9 трлн теңге немесе 29,4%, ломбардтарға – 0,4 трлн теңге немесе 13,2% тиесілі.

МҚҚЖҰ-ның несие портфелі  2025 жылғы 1-тоқсанда негізінен жеке тұлғаларға берілген микрокредиттер есебінен 3,2%-ға 2,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. МҚҚЖҰ микрокредиттерінің құрылымында  бизнес субъектілеріне микрокредиттердің үлесі 59,0%-ды, халыққа микрокредиттер үлесі 41,0%-ды құрады.

Бизнес субъектілеріне берілген қарыздар  2025 жылғы  1-тоқсанда  негізінен жеке тұлғаларға, оның ішінде кәсіпкерлік мақсаттарға берілген дара кәсіпкерлерге микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері есебінен 3,9%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Халыққа берілген қарыздар көлемі негізінен 2025 жылғы 1-тоқсанда ломбардтар берген микрокредиттердің ұлғаюы есебінен 3,4%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,2 трлн теңгені құрады.

 Мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздардың деңгейі (NPL 90+) МҚҚЖҰ-ның портфелінде 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша  5,2%-ды құрады (01.01.2025 ж. – 4,6%).

2025 жылғы 1-тоқсанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері 5,3%-ға ұлғайып, 2,1 трлн теңгені құрады. Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 66,8%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрайды. Міндеттемелердің ұлғаюы микроқаржы ұйымдарының басқа да міндеттемелерінің өсуіне байланысты.

МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы 2025 жылғы 1-тоқсанда негізінен бөлінбеген пайданың ұлғаюы есебінен 5,1%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,1 трлн теңгені құрады.  

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz