Меню
Страницы

Астанада студенттер үшін қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша форум өтті

Астанада студенттер үшін қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша форум өтті

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алаңында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша Fingramota.kz. жобасы шеңберінде «Иллюзиясыз кредит: мүмкіндіктер, тәуекелдер және жауапкершілік» форумы өтті.

Іс-шара қаржы нарығының сарапшыларын, салалық ұйымдардың өкілдерін және студенттерді біріктірді. Қатысушылар ағымдағы қаржылық күн тәртібінің негізгі мәселелерін – банк өнімдерінен, қаржылық сауаттылықтан қаржылық алаяқтық пен дропперлікке қарсы іс-қимылға дейін талқылады.

Форумды аша отырып, ЕҰУ әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректоры  Ләззат Төлегенқызы цифрлық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында студенттердің қаржылық жоспарлау, сыни тұрғыдан ойлау және өз қаржысына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру ерекше маңызды екенін атап өтті.

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша Fingramota.kz жобасының басшысы Айгүл Қанатбаева бүгінгі күні қаржылық сауаттылық қазіргі жастардың аса маңызды дағдысы екенін атап өтті. Оның айтуынша, қаржы өнімдерін сауатты пайдалану, ақпаратты талдай білу және алаяқтық схемаларды тану азаматтардың қаржылық қауіпсіздігінің негізгі элементтеріне айналуда.

Форум екі тақырыптық блокта өтті. Бірінші бөлік кредиттер  мәселелеріне арналды.

«Forte» АҚ атқарушы директоры Андрей Гриненко қатысушыларға банк өнімдерінің күнделікті өмірдегі рөлі, оларды пайдалану ерекшеліктері және қаржылық тұрғыдан сауатты іс-қимылдың негізгі қағидаттары туралы айтып берді. Банк карталарын, кредиттерді және басқа да қаржы өнімдерін дұрыс таңдау және қауіпсіз пайдалану мәселелері, сондай-ақ банк қызметтерінің шарттарын мұқият зерделеу, олардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және қабылданатын қаржылық міндеттемелерге жауапкершілікпен қарау қажеттілігі қаралды.

Қаржы блогері Батырхан Елемесов кредиттік сауаттылық тақырыбын ұсынды, кредитті ресімдеген кезде неге назар аудару керектігі туралы айтты, сонымен қатар ол қаржылық стратегияны құру тақырыбына тоқталып, кірістерді дұрыс бөлу, жинақтарды қалыптастыру және сараланған инвестициялық шешімдер қабылдау керектігін түсіндірді.

Сөз сөйлеу барысында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша Fingramota.kz жобасының жетекшісі А. Қанатбаева азаматтардың бірнеше кредитор алдындағы мерзімі өткен берешегін реттеу процесін жеңілдетуге арналған Finkelisim.kz жаңа платформасының мүмкіндіктері туралы айтып берді. Қатысушыларға платформаны пайдаланудың негізгі шарттары мен тәртібі, өтініш беру тетігі, сондай-ақ берешекті өтеудің бірыңғай кестесін қалыптастыру ерекшеліктері түсіндірілді.

Кредиттік жүктемені реттеуге және қабылданған қаржылық міндеттемелерді жауапкершілікпен орындауға байланысты практикалық мәселелерге ерекше назар аударылды.

Форумның екінші бөлігі алаяқтық схемаларға, дропперлікке және дербес деректерді қорғауға арналды. Алаяқтық схемалардың салдары туралы Астана қаласы полиция департаментінің өкілі Бақдәулет Оспанбаев айтып берді.

«Forte» АҚ Antifraud талдау және сүйемелдеу тобының жетекшісі Әсел Сәдуақасова антифрод-жүйенің даму векторы және банк мысалында алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетігі қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді.

Форум қаржы нарығының сарапшылары мен жастар арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Қатысушылар цифрлық дәуірде жеке қаржыны қорғауға көмектесетін алаяқтықтың нақты жағдайларын, заманауи қаржы құралдарын және практикалық дағдыларды талқылады.

«Киберқорғау өзіңнен басталады» бейнероликтер конкурсындағы студенттердің үздік жұмыстары марапаттарға ие болды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты