Меню
Страницы

Агенттік пен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Агенттік пен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КЕАҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат ЖОО студенттері арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған.

Келісім шеңберінде оқыту дәрістерін, вебинарларды, семинарларды және сарапшылардың консультацияларын өткізу жоспарлануда. Жеке бюджетті құру, шығыстарды басқару, инвестициялау негіздері және қаржылық қауіпсіздік сияқты практикалық аспектілерге ерекше назар аударылатын болады. Білім беру жобасы Fingramota.kz порталдың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Агенттік ел бойынша білім беру ұйымдарымен жүйелі түрде ынтымақтастық орнатып келеді. Осындай меморандумдар бұған дейін «Нархоз» университетімен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, Almaty Management University, «Туран» университетімен, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Алматы экономикалық колледжімен және басқа да оқу орындарымен жасалған.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты