Меню
Страницы

Агенттік басшысы Лондонда Kazakhstan Equity Capital Markets Day іс-шарасына қатысты

Агенттік басшысы Лондонда Kazakhstan Equity Capital Markets Day іс-шарасына қатысты

30 қазанда Лондон қаласында Deutsche Bank қолдауымен «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) ұйымдастырған, шетелдік инвесторлар үшін Kazakhstan Equity Capital Markets Day іс-шарасы өтті.

Іс-шара Лондонда орналасқан жетекші әлемдік фирмалардың, халықаралық банктердің, рейтингтік агенттіктердің, инвестициялық компаниялардың, консалтингтік компаниялардың,  оның ішінде Еуропа қайта құру және даму банкінің, The Bank of New York Mellon, Moody's Ratings, Dentons UK & Middle East LLP және басқаларының 130-дан астам өкілдерін біріктірді.

Кездесуге Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің, KASΕ индексінің «көгілдір фишкалар»  қазақстандық эмитенттерінің, қаржы институттары мен даму институттарының өкілдері қатысты.

Kazakhstan Equity Capital Markets Day әлеуетті инвесторларға Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерімен, қаржы нарығының дамуы туралы өзекті ақпаратпен, халықаралық инвесторлардың қазақстандық капитал нарығына қатысуын кеңейту әлеуетімен танысуға мүмкіндік берді.

Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова өз сөзінде елдік позицияны ағымдағы Frontier Markets (шекара нарықтары) деңгейінен FTSI және MSCI индекстерінің Emerging Markets (дамушы нарықтар) деңгейіне дейін, оның ішінде валюта нарығын ырықтандыру, бағалы қағаздармен кредиттеу, қысқа сатулар, институционалдық ортаның тұрақтылығын арттыру бөлігінде жақсарту мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

«Акциялар нарығы соңғы бес жылда 53%-ға өсіп, 69 млрд АҚШ доллары болатын нарықтық капиталдандыруға жетті, бұл ІЖӨ-нің 27%- ына сәйкес келеді. Корпоративтік борыш көлемі 29 млрд АҚШ долларын құрады. Жыл сайын нарыққа 30-ға жуық жаңа эмитент шығады. Соңғы бес жыл ішінде 19 млрд АҚШ доллары мөлшерінде корпоративтік борыш тартылды», – деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Сапар аясында Агенттік басшылығы London Stock Exchange Group өкілдерімен кездесу өткізді. Тараптар FTSI нарықтарын жіктеуде Қазақстанның мәртебесін арттыру және LSE алаңы арқылы инвестициялар тарту мәселелерін қоса алғанда, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Deustche Bank басшылығымен кездесу барысында ынтымақтастықты дамыту және инвестициялар тарту, оның ішінде банк секторына инвестициялар тарту мәселелері қаралды.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты