Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз ақпараты
Агенттік туралы
Қызметі
Қаржы нарықтары
Онлайн қабылдау
Сақтандыру секторы
Өзге қаржы ұйымдары
Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы активтерін басқару
Все материалы
Алаяқтар банктерден 18 млрд теңгеге несие рәсімдеген
19 ноября 2024

Кредит беру нарығында өзекті мәселелердің бірі – қаржы алаяқтығының өсуі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова айтты.

«Қазір несие беру нарығында өзекті мәселелердің бірі – қаржы алаяқтығының өсуі. Жыл басынан бері 18 млрд теңгеге 7,4 мың жалған кредит берілген. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық банк және Ішкі істер министрлігі бірлесіп, алаяқтықты анықтау, жолын кесу шараларын жасады», - дейді агенттік төрағасы.

Айтуынша, халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту үшін маусым айында қарыз алушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заң қабылданды.

Заңның негізгі жаңалықтары 90 күннен астам төлем мерзімі өткен кезде, кредит беруге тыйым салынады. Бұдан басқа 45 күнге дейінге мерзімге 50 АЕК-ге дейінгі сомада берілген микрокредиттерді реттеудің ерекше тәртібінің күші жойылады.

«Негізгі шаралардың ішінде әрбір онлайн қарыздар берген кезде клиенттерді міндетті биометриялық және көпфакторлы индентификаттауды енгізуді, банктердің ақпараттық қауіпсіздігіне және олардың мобильді қосымшаларына қойылатын талаптарды қатаңдатуды атап өтуге болады», - деді Мадина Әбілқасымова.

Сонымен қатар ол электронды үкімет порталы арқылы онлайн кредит алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі қарастырылғанын еске салды.

Бас тартылса да, алаяқтар кредит рәсімдеген жағдайда, банктер мен микроқаржы ұйымдары бұл кредитті сызып тастауға міндеттеліп отыр.

 

Дереккөз: Казинформ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Қазақстанның экономикалық әлеуеті Нью-Йоркте ұсынылған
30 октября 2024

Нью-Йоркте «Kazakhstan Finance Day» форумы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, АҚШ-тағы Елшілігі және Бас консулдығы ұйымдастыруымен, «Citigroup», «Mastercard», «Visa», «Solidcore Resources» және АҚШ Сауда палатасымен серіктестікте Нью-Йоркте «Kazakhstan Finance Day» форумы өтті.

Іс-шара «Citigroup» корпорациясының Нью-Йорктің іскерлік орталығындағы штаб-пәтерінде өтіп, екі елдің қаржы-экономикалық секторынан 450-ден астам өкілді жинады. Қатысушылардың арасында «Blackstone», «Ashmore», «JP Morgan», «Cerberus», «Apollo Global Management», «KKR», «Bloomberg» секілді Уолл Стриттің ірі инвесторларын біріктірді.

Қазақстан делегациясы ҚР Ұлттық Банкінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, АХҚО-ның, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан қор биржасының, «Kaspi.kz», «Halyk Bank», «Freedom Holding» компанияларының басшылары және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры сияқты даму институттарының өкілдері деңгейінде ұсынылды.

Әлемнің басты қаржы орталықтарының бірінде мұндай бірінші Форумды өткізу экономикалық байланыстарды нығайтуға және Қазақстанға

экономикалық тартымды инвестициялық бағыт ретінде жаңа инвестициялар тартуға бағытталған.

«Kazakhstan Finance Day» алаңы әлемдік қаржы нарығының негізгі ойыншыларына, инвесторлар мен іскер серіктестерге Қазақстан экономикасының даму серпіні, оның әлеуеті мен ағымдағы инвестициялық жобаларымен танысуға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы экономикасының макрошолуы, елдің қаржы нарығындағы даму тенденциялары туралы өзекті ақпарат, цифрландыру саласындағы жетістіктер және цифрландыру саласындағы технологиялар, қауіпсіздік пен ұлттық қаржылық инфрақұрылым тиімділігін арттыру бойынша алдағы жоспарлар ұсынылды.

Инвесторлар мен нарықтың кәсіби қатысушылары үшін тікелей және портфельдік инвестициялар бойынша жеке сессиялар мен презентациялар өткізілді.

Негізгі баяндамашылардың, қаржы секторы мен салалық компаниялардың жетекшілерінің сөздері америкалық инвесторларға Қазақстанда бизнес жүргізуді жеңілдетуге және банк заңнамасын ырықтандыруға арналған түрлі қаржы құралдарымен танысуға мүмкіндік берді.

Форумға қатысушылар жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды жоғары бағалап, олардың пікірінше, бұл елдің де, жалпы аймақтың да дамуының жаңа векторын белгілеп, оның америкалық бизнес үшін тартымдылығын арттырады. Делегаттар тұрақты макроэкономикалық саясатты және Қазақстанның Орталық Азия нарығына шығуды қалайтын инвесторлар үшін стратегиялық орталық рөлін атап өтті.

Іс-шара аясында екі елдің бизнес өкілдері арасында жеке екіжақты кездесулер, сондай-ақ жаңа іскерлік байланыстарды орнату және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мақсатында нетворкинг сессиялары өтті.

«Kazakhstan Finance Day» – қазақстандық экономикалық блок пен қаржы секторы өкілдерінің америкалық және халықаралық инвесторлармен кездесуіне және диалог жүргізуіне арналған платформа. Іс-шара Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетуге және қаржы секторында тұрақты халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

 

Дереккөз: DKnews.kz

Қаржы пирамидасын қалай тануға болады?
27 сентября 2024

 

Азаматтарды жеке қабылдауды өткізу туралы
26 сентября 2024

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған" халық үніне құлақ асатын мемлекетті " қалыптастыру жөніндегі міндеттер шеңберінде, сондай – ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі шеңберінде 2024 жылғы 26 қыркүйекте сағат 15:00 те  Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан азаматтарды кезекті қабылдау өтеді

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты-дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін және 15:00-ден 17: 00-ге дейін.

Сіз сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына жазыла аласыз.

Қосымша кеңес алу үшін Агенттікке хабарласуға болады:
• "1459" нөмірі бойынша Call-орталық (жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін);
• мобильді қосымша "𝑭𝒊𝒏𝒈𝒓𝒂𝒎𝒐𝒕𝒂 𝑶𝒏𝒍𝒊𝒏𝒆", оны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Call-орталыққа нөмірлер бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 237 1000, 1459
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09: 00-ден 17: 00-ге дейін

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Калькуляторлар
19 сентября 2024

Қарыз бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін (СЖТМ) есептеу

Заем бойынша сыйақының жылдық тиімді ставкасы

Депозит бойынша сыйақының есебі

Әлеуетті заемшының бюджетін есептеу

Ай сайынғы төлем кестесін дифференциалды және аннуитеттік әдістермен есептеу

Қабылдау кестесі
19 сентября 2024

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшылығының 2024 жылғы үшінші тоқсанда жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін

ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Агенттік басшылығының аты-жөні Лауазымы Қабылдау күні   Жеке қабылдау өткізу уақыты
Әбілқасымова М.Е. Агенттік Төрағасы
2024 жылғы 31 қазан
2024 жылғы 28 қараша
2024 жылғы 26 желтоқсан
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
Әбдірахманов Н.А.  Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары
2024 жылғы 03 қазан
2024 жылғы 24 қазан
2024 жылғы 14 қараша
2024 жылғы 19 желтоқсан
сағат 10:00-12:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
Әбілқасымов Т.Б. Агенттік Төрағасының орынбасары
2024 жылғы 16 қазан
2024 жылғы 13 қараша
2024 жылғы 11 желтоқсан
сағат 10:00-12:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
Қизатов О.Т.  Агенттік Төрағасының орынбасары
2024 жылғы 17 қазан
2024 жылғы 21 қараша
2024 жылғы 12 желтоқсан
сағат 10:00-12:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
Хаджиева М.Ж.  Агенттік Төрағасының орынбасары
2024 жылғы 10 қазан
2024 жылғы 07 қараша
2024 жылғы 05 желтоқсан
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
Исмағұлова Ж.Ж.  Агенттік Аппаратының басшысы  Әр айдың бірінші жұмасы сағат 11:00-12:00 аралығында



Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі
06 сентября 2024

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ        

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Тәуекелді жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті мемлекеттік органның позициясы

*Басқа мемлекеттік органға ұсынымдар жіберген кезде

Орындау мерзімі

1.

ҚНРДА-ның микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен коллекторлық агенттіктерге тексеру жүргізуді регламенттейтін ішкі құжаттарында тексеруші топ мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша нұсқама жүргізу жөніндегі талап көзделмеген.

 

 

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және коллекторлық агенттіктердің қызметін бақылау мен қадағалаудың ішкі рәсімдері жөніндегі нұсқаулықта қадағаланатын субъектілерді тексеруге шықпас бұрын танысу парағына қол қою арқылы тексеруші топ мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша нұсқама жүргізу рәсімін көздеу

ҚНРДА бұйрығы

 

Орындалды, 23.12.2024ж. №Б-401 бұйрық

2.

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі нормалар жоқ.

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарттарға ҚНРДА-да  тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі нормаларды енгізу

ҚНРДА бұйрығы

 

2025 жыл ішінде

3.

Қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері жөнінде түсіндіру және оқыту іс шараларын жеткілікті деңгейде жүргізбеу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жадынаманы таратуды жүзеге асыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жадынама

 

2025 жыл ішінде

 

Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырағыш лауазымдар тізбесі
06 сентября 2024

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырағыш лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Төраға

Агенттік қызметін ұйымдастыру

Агенттіктің қызметі бойынша шешім қабылдау құқығының болуы

2

Төрағаның бірінші орынбасары

Агенттік қызметін ұйымдастыру

жетекшілік ететін мәселелер бойынша, оның ішінде қаржы ұйымдарының қызметін бақылау және қадағалау мәселелері бойынша шешім қабылдау құқығының болуы

3

Төрағаның орынбасарлары

Агенттік қызметін ұйымдастыру

жетекшілік ететін мәселелер бойынша, оның ішінде қаржы ұйымдарының қызметін бақылау және қадағалау мәселелері бойынша шешімдер қабылдау құқығының болуы

4

Аппарат басшысы

Агенттік қызметін ұйымдастыру

жетекшілік ететін мәселелер бойынша шешім қабылдау және ұйымдастыру-шаруашылық функцияларын жүзеге асыру құқығының болуы

5

Бөлімшелердің басшылары, олардың орынбасарлары және/немесе ішкі құрылымдық бөлімшелердің басшылары, өңірлік өкілдер басқармаларының басшылары

құрылымдық/ішкі

құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру  

 

қаржы ұйымдарының қызметін бақылау және қадағалау мәселелері бойынша және жетекшілік ететін мәселелер бойынша және/немесе сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау құқығының болуы

6

Есепке алу және жоспарлау басқармасының бастығы – бас бухгалтер

қаржы ресурстарын басқару

қаржы ресурстарын басқару

7

Бюджетті жоспарлау және сатып алу бөлімінің бастығы – бас бухгалтердің орынбасары

қаржы ресурстарын басқару  

қаржы ресурстарын басқару

8

Агенттіктің лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызметтер көрсету кіретін қызметкерлері

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 31.01.2020ж. №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету

мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерді және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке өзі немесе делдалдар арқылы өзі не үшінші тұлғалар үшін мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар иелену немесе алу мақсатында заңсыз пайдалану

 

 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
О проведении личного приема граждан
23 августа 2024

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған" халық үніне құлақ асатын мемлекетті " қалыптастыру жөніндегі міндеттер шеңберінде, сондай – ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі шеңберінде 2024 жылғы 29 тамызда сағат 15:00 те  Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан азаматтарды кезекті қабылдау өтеді

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты-дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін және 15:00-ден 17: 00-ге дейін.

Сіз сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына жазыла аласыз.

Қосымша кеңес алу үшін Агенттікке хабарласуға болады:
• "1459" нөмірі бойынша Call-орталық (жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін);
• мобильді қосымша "𝑭𝒊𝒏𝒈𝒓𝒂𝒎𝒐𝒕𝒂 𝑶𝒏𝒍𝒊𝒏𝒆", оны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Call-орталыққа нөмірлер бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 237 1000, 1459
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09: 00-ден 17: 00-ге дейін

Қабылдау кестесі
30 июня 2024

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшылығының 2024 жылғы үшінші тоқсанда жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін

ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Агенттік басшылығының аты-жөні Лауазымы Қабылдау күні   Жеке қабылдау өткізу уақыты
Әбілқасымова М.Е. Агенттік Төрағасы
2024 жылғы 25 шілде
2024 жылғы 29 тамыз
2024 жылғы 26 қыркүйек
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
Әбдірахманов Н.А.  Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары
2024 жылғы 04 шілде
2024 жылғы 08 тамыз
2024 жылғы 22 тамыз
2024 жылғы 12 қыркүйек
сағат 10:00-12:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
Қизатов О.Т.  Агенттік Төрағасының орынбасары
2024 жылғы 18 шілде
2024 жылғы 15 тамыз
2024 жылғы 19 қыркүйек
сағат 10:00-12:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
Хаджиева М.Ж.  Агенттік Төрағасының орынбасары
2024 жылғы 11 шілде
2024 жылғы 01 тамыз
2024 жылғы 05 қыркүйек
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
Исмағұлова Ж.Ж.  Агенттік Аппаратының басшысы  Әр айдың бірінші жұмасы сағат 11:00-12:00 аралығында
Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы