Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Агенттік туралы
Баспасөз ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Қаржы нарықтары
Онлайн қабылдау
Кадрлық тағайындаулар
Агенттік қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс
Сақтандыру секторы
Все материалы
Бүкіл банктің қызметі бір қосымшаға біріктірілуі мүмкін
17 сентября 2026

Қазақстанда қаржылық қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін Open Finance жүйесіне көшу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Central Asia Fintech Summit 2026 форумында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Қазір банктердің, сақтандыру компанияларының, микроқаржы ұйымдары мен инвестициялық компаниялардың жеке сайттары мен мобильді қосымшалары бар. Клиент әр қызметті бөлек іздеп, бірнеше платформаны пайдалануға мәжбүр.

Open Finance іске қосылса, бұл модель өзгеруі мүмкін.

Жоспар бойынша, бір платформада немесе бір қосымшада:

  • банктердің несиелері мен депозиттері;

  • сақтандыру өнімдері;

  • инвестициялық құралдар;

  • микроқаржы ұйымдарының өнімдері бір жерден көрсетіледі.

Мысалы, азамат несие алғысы келсе, әр банктің қосымшасына жеке кірмей, бір платформадан бірнеше ұсынысты салыстыра алады. Сол сияқты сақтандыру немесе инвестициялық өнімдерді де бір жерден таңдау мүмкіндігі пайда болады.

Банктер клиент үшін бәсекелеседі

Әбілқасымованың айтуынша, Open Finance қаржы нарығындағы бәсекені де өзгертуі тиіс.

Қазір қаржы ұйымдары көбіне өз өнімдері мен платформаларын дамытуға басымдық береді. Ал жаңа модельде негізгі назар клиентке ауысады.

Яғни компаниялар «өз өнімін қалай сатамыз?» дегеннен гөрі, «клиентке қандай өнім керек?» деген принципке көбірек мән беруі тиіс.

Қазақстанда сақтандыру нарығы цифрландыру бойынша артта қалып отыр

Қаржы реттеушісінің басшысы қазір Қазақстандағы қаржы нарығының сегменттері бір-бірінен бөлек дамып жатқанын атап өтті.

Соның ішінде сақтандыру нарығы цифрландыру деңгейі бойынша ең артта қалған сегменттердің бірі.

Open Finance осы алшақтықты азайтып, қаржы өнімдерін бір экожүйеге біріктіруге мүмкіндік беруі керек.

Open Banking-нен Open Finance-ке

Қазақстан бұған дейін Open Banking тұжырымдамасын дамытуға кіріскен. Оның негізгі идеясы – клиенттің келісімімен банк деректері мен қызметтерін басқа қаржы сервистерімен байланыстыру.

Ал Open Finance бұдан кеңірек болады. Оның аясында тек банктер ғана емес, сақтандыру, инвестиция және микроқаржы секторлары да бір жүйеге қосылуы мүмкін.

Нәтижесінде қазақстандықтар үшін қаржы өнімдерін іздеу, салыстыру және таңдау әлдеқайда жеңілдеуі мүмкін.

Бірақ бұл үшін барлық қаржы ұйымдарының жүйелері бір-бірімен үйлесуі, ал клиенттердің деректері қауіпсіз қорғалуы маңызды.

Дереккөз: Naryk.kz

Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы активтерін басқару
Қазақстан қор нарығында үлкен реформа дайындап жатыр: 2030 жылға дейін не өзгереді
03 сентября 2026

Бизнеске банктерге балама қаржы көзі ұсынылмақ. Қазақстан капитал нарығын ауқымды реформалауға дайындалып жатыр: компаниялардың акциялар мен облигациялар шығаруын жеңілдету, инвесторлардың құқықтарын күшейту және қазақстандық бағалы қағаздарды шетелдік капитал үшін қолжетімді ету жоспарланған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматыда Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі ережелері мен басты бағыттары талқыланды. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен және нарық қатысушыларымен бірлесіп әзірледі. Бұл туралы қаржы реттеушісі ресми хабарламасында мәлімдеді.

Бағдарлама жеті стратегиялық бағыт пен 35 бастаманы қамтиды. Оның ауқымы биржадағы сауда-саттықпен ғана шектелмейді. Негізгі мақсаттардың бірі — қор нарығын қазақстандық компаниялар үшін банктік кредиттеумен қатар ұзақ мерзімді қаржы тартудың толыққанды көзіне айналдыру.

Акциялар нарығы бес жылда екі еседен астам өсті

Агенттік дерегінше, соңғы бес жылда қазақстандық акциялар нарығын капиталдандыру 19,1 трлн теңгеден 41,8 трлн теңгеге дейін өсті.

Борыштық бағалы қағаздар нарығы да іс жүзінде екі есеге ұлғайып, 32 трлн теңгеден 58 трлн теңгеге жетті. Корпоративтік борыш көлемі 24 трлн теңгені құрады.

Бірақ нарық көлемінің өсуі компаниялардың биржаны қаржыландыру көзі ретінде толық пайдаланып отырғанын білдірмейді.

KASE қатысқан капитал нарығының болашағына арналған бұған дейінгі талқылауда да нарық өтімділігінің төмендігі, институционалдық инвесторлар санының шектеулілігі және халықтың инвестициялық сауаттылығының жеткіліксіздігі негізгі мәселелердің қатарында аталған еді. Бұл жөнінде Қазақстан қор биржасының ресми материалында жазылған.

Сондықтан жаңа бағдарламаның міндеті капиталдандыру көрсеткішін жай ғана өсіру емес. Нарыққа жаңа компанияларды шығару және олар үшін нақты қаржы тарту мүмкіндігін кеңейту көзделіп отыр.

«Агенттікке Ұлттық Банкпен бірлесіп Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу және Капитал нарығы туралы жаңа заң дайындау тапсырылды. Аталған бастамаларды іске асыру қор нарығының заманауи архитектурасын қалыптастыруға, сондай-ақ банктерді кредиттеумен қатар экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі ретінде қор нарығын одан әрі дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған. Бұл ретте бағалы қағаздардың дамыған нарығы қаржыландыру көздерін әртараптандырудың, макроэкономикалық орнықтылықты нығайтудың және инвесторлардың сенімін арттырудың маңызды факторы болып табылады», — деп атап өтті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Компаниялардың биржаға шығуын жеңілдетпек

Реформаның ең маңызды бөліктерінің бірі бизнеске тікелей қатысты.

Компаниялардың бағалы қағаздар шығару рәсімдерін жылдамдатып, қарапайым ету жоспарланған. Соның ішінде шығарылымды тіркеуді Орталық депозитарийге беру және процесті цифрлық форматқа көшіру қарастырылып отыр.

Реттеуші шағын және орта бизнестің акциялар нарығына шығуын қолдау шараларын да жеке қарастырып отыр. 35 бастаманың мазмұны мен компанияларға қатысты жоспарлар Агенттіктің Капитал нарығын дамыту бағдарламасына арналған түсіндірмесінде жарияланған.

Орта бизнес үшін бағалы қағаздарды орналастырудың неғұрлым икемді шарттарын енгізу көзделеді.

Мақсат — әкімшілік және реттеушілік кедергілерді азайтып, қор нарығы арқылы қаржы тарта алатын компаниялардың санын көбейту.

Кәсіпкерлер үшін мұның практикалық маңызы бар. Компаниялар ұзақ мерзімді ақша қажет болған кезде тек банк кредитіне, пайыздық мөлшерлемеге және кепіл талаптарына тәуелді болмай, облигациялар шығару немесе акциялар орналастыру арқылы инвесторлардан капитал тартуға мүмкіндік алады.

Зейнетақы активтерінің рөлі күшеюі мүмкін

Бағдарламада институционалдық инвесторлардың рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінген.

Мұндай инвесторлар қазақстандық компаниялардың акциялары мен облигацияларына тұрақты әрі ұзақ мерзімді сұраныс қалыптастыра алады.

Осы бағытта зейнетақы активтерін басқару тәсілдерін жетілдіру және қаржы ұйымдарының қаражатын ішкі нарық құралдарына инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылып жатыр.

Бұл — қор нарығы үшін шешуші мәселелердің бірі.

Жеке инвесторлар санының өсуі нарыққа қосымша белсенділік береді. Бірақ ірі және тұрақты сұранысты зейнетақы активтері, сақтандыру ұйымдары және басқа да институционалдық инвесторлар қалыптастыра алады.

Егер олардың ішкі нарықтағы белсенділігі артса, қазақстандық компаниялар акциялар мен облигациялар шығарған кезде әлеуетті сатып алушылар базасы да кеңейеді.

KASE-де жабық қысқа сатылымдарға жол ашылмақ

Бағдарламаның тағы бір бөлігі акциялардың қайталама нарығындағы өтімділікке арналған.

Оны арттыру үшін бағалы қағаздарды қарызға алудың орталықтандырылған тетігін құру жоспарланған.

Осы жүйе арқылы институционалдық инвесторлар уақытша пайдаланылмай тұрған бағалы қағаздарын нарықтағы басқа операциялар үшін бере алады.

Оның негізінде Қазақстанда жабық қысқа сатылымдарға рұқсат беру жоспарланып отыр.

Мұндай операция кезінде инвестор алдын ала қарызға алған акцияны сатады. Егер қағаз бағасы кейін төмендесе, оны арзанырақ сатып алып, қарызды қайтарады.

Бағдарламада маркет-мейкерлердің рөлін күшейту және эмитенттер бойынша тәуелсіз талдауды қолдау да қарастырылған.

Жеке инвестор үшін басты нәтиже өтімділіктен байқалады: бағалы қағаз бойынша сатып алушылар мен сатушылар көбейген сайын оны қажетті уақытта сатып алу немесе сату жеңілдейді.

Қазақстандық акцияларды халықаралық жүйелерге қоспақ

Реформаның ең қызықты бағыттарының бірі шетелдік инвесторларға қатысты.

Қазақстандық акцияларды ірі халықаралық сақтау және есеп айырысу жүйелеріне қосу жоспарланып отыр.

Соның арқасында шетелдік инвесторлар қазақстандық бағалы қағаздарды өздеріне таныс халықаралық инфрақұрылым арқылы сатып алып, сақтай алады.

Бұл транзакциялық шығындарды төмендетіп, Қазақстан нарығына кіре алатын инвесторлардың санын көбейтуі тиіс.

Қазақстан халықаралық капиталға шығу бағытын қазірдің өзінде күшейтіп келеді. 2026 жылғы сәуірде KASE Нью-Йоркте халықаралық инвесторларға Қазақстанның капитал нарығын таныстырды. Кездесуде өтімділікті арттыру, инвесторлар базасын кеңейту және жаһандық нарықтармен интеграцияны тереңдету алдағы реформалардың негізгі міндеттері ретінде аталды. Толығырақ KASE-нің Нью-Йорктегі кездесуге арналған материалынан оқуға болады.

Қазақстандық компаниялар үшін халықаралық жүйелерге қосылу шетелдік капиталға жолды қысқартуы мүмкін.

Бірақ халықаралық инвесторлармен бірге талап та күшейеді. Компаниялардың есептілігі түсінікті, корпоративтік басқаруы сапалы, ал миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғау тетіктері сенімді болуы қажет.

Миноритарлық инвесторлардың құқықтарын күшейтеді

Бағдарламаның жеке бағыты корпоративтік басқару сапасын арттыруға және инвесторлардың құқықтарын қорғауға арналған.

Жария компаниялардың қызметін ашық ету, корпоративтік басқаруға қойылатын талаптарды күшейту және миноритарлық инвесторлардың құқықтарын тиімді қорғау жоспарланған.

«Корпоративтік басқару сапасын арттыруға және инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылатын болады. Жария компаниялар қызметінің ашықтығын арттыру, корпоративтік басқаруға қойылатын талаптарды күшейту және миноритарлық инвесторлардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл нарыққа ұзақ мерзімді сенімді қалыптастыру және жеке инвесторлардың қатысуын кеңейту үшін аса маңызды», — деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Бұл өзгерістер жеке инвесторлар үшін жаңа акциялар мен облигациялардың пайда болуынан кем емес маңызға ие.

Азаматтар жинақтарын бағалы қағаздарға көбірек сала бастаған сайын компаниялардың ақпаратты уақтылы ашуы, ірі акционерлердің әрекеті, мүдделер қақтығысы және шағын акционерлердің құқықтары маңызды бола түседі.

KASE-де тәуелсіз реттеушілік комитет құрылады

Нарықты бақылау жүйесі де қайта қаралады.

Агенттік тәуекелге бағдарланған қадағалау моделін қалыптастырып жатыр. Ол нарық қатысушыларының формальды талаптарды орындауын ғана емес, олардың нақты тәуекелдері мен іс-қимыл факторларын бағалауды көздейді.

Жаңартылған модель биыл пилоттық режимде сынақтан өткізіліп, инвесторларды қорғау мен корпоративтік басқаруды бағалау күшейтілді.

Енді оны бүкіл нарыққа қолдану жоспарланған.

Сонымен бірге Қазақстан қор биржасының реттеушілік рөлі артып, оның тиісті функцияларының дербестігі күшейеді.

Қазірдің өзінде KASE қатысушылар мен эмитенттерді сауда-саттыққа жіберу, ақпаратты ашу және сауда белсенділігіне мониторинг жүргізу бойынша бірқатар міндет атқарады.

Келесі қадам — биржа құрылымында тәуелсіз реттеушілік комитет құру.

Ол шешімдерді биржаның коммерциялық басшылығына тәуелсіз қабылдауы тиіс. Ал нарықта айла-шарғы жасау белгілері анықталған жағдайда ақпарат Агенттікке жедел беріледі.

«Белгіленген бағыттар нарықты дамытудың негізгі элементтерін, атап айтқанда сұранысты кеңейту мен жаңа эмитенттердің шығуынан бастап инфрақұрылымды дамытуға, инвесторларды қорғауды арттыруға және қадағалауды жетілдіруге дейін қамтиды», — деп атап өтті Әбілқасымова.

«Капитал нарығы туралы» жаңа заң әзірленеді

Бағдарламамен қатар Қазақстанда «Капитал нарығы туралы» жаңа Заң әзірленіп жатыр.

Құжат қолданыстағы нормаларды біріктіріп, жүйелеуге және нарық үшін біртұтас реттеушілік архитектура қалыптастыруға тиіс.

Бағдарлама мен жаңа заң бірнеше мәселені бір мезгілде шешуге бағытталған: нарыққа жаңа эмитенттер шығару, бағалы қағаздарға тұрақты сұраныс қалыптастыру, өтімділікті арттыру, халықаралық инвесторлардың кіруін жеңілдету және азаматтардың инвестицияларын жақсырақ қорғау.

Қазақстанның қор нарығында белсенділік қазірдің өзінде өсіп келеді. KASE мәліметі бойынша, 2026 жылдың алғашқы алты айында биржадағы сауда-саттық көлемі 261,9 трлн теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 48,8 пайызға өскен. Осы кезеңде листинг рәсімінен 29 жаңа эмитент өтті. Биржа бірінші жартыжылдықтың нәтижелерін өзінің ресми есебінде жариялады.

Ендігі мәселе — осы белсенділікті бизнесті ұзақ мерзімді қаржыландыратын тұрақты жүйеге айналдыру.

Егер жоспарланған 35 бастама іске асса, қазақстандық компаниялардың таңдау мүмкіндігі кеңейеді: ұзақ мерзімді қаражат қажет болған кезде олар банкке ғана бармай, акциялар мен облигациялар арқылы тікелей инвесторлардан капитал тартуға мүмкіндік алады.

Ал реформаның нақты нәтижесін нарық капиталдандыруының өсуі ғана емес, биржа арқылы шын мәнінде қанша қазақстандық компания қаржы тарта алғаны көрсетеді.

Дереккөз: Dknews.kz

 

Кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеуді өткізу туралы хабарландыру
28 августа 2026

«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, анықтама үшін телефон 
8 (727) 237-12-36 (бұдан әрі
Агенттік) кадр резервіне қабылдау үшін іріктеуді өткізу туралы хабарлайды.

Кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін ұсынылған нысан бойынша фотосуреті бар түйіндеменің электрондық нұсқасын (1-қосымша) Word форматында HR@finreg.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет.

 Түйіндеме ұсынылған нысан бойынша(1-қосымша) нақты тұрғылықты мекенжайы ментелефондары,оның ішінде байланыс телефондары, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер көрсетіле отырып толтырылады.

Кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу 2026 жылғы 31 тамыз бен 2026 жылғы 30 қыркүйек (қоса алғанда) аралығында жүргізіледі. Түйіндемені қабылдау мерзімі хабарландыру орналастырылған күннен бастап 1 (бір) ай өткен соң аяқталады (түйіндемені қабылдаудың соңғы күні 2026 жылғы 30 қыркүйек).

 

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптар:

Білімі – ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Жұмыс өтілі – Агенттікте және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қызметші лауазымында кемінде төрт жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура не докторантура) бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған, не Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлға үшін осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл.

Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс өтілінің болуы құптарлық.

Білімі – ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Жұмыс өтілі – Агенттікте және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қызметші лауазымында кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде үш жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған, не Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлға үшін осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл, не аудиторлық ұйымдарда кемінде екі жыл және аудиторлық тексерулерге қатысу, не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасында немесе «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған тұлға үшін кемінде екі жыл.

Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс өтілінің болуы құптарлық.

Білімі – ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Жұмыс өтілі – Агенттікте және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қызметші лауазымында кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл, не аудиторлық ұйымдарда кемінде екі жыл және аудиторлық тексерулерге қатысу.

Шетелдегі жоғары оқу орындарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқу бітірген не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін жұмыс өтілі талап етілмейді.

Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс өтілінің болуы құптарлық.

Білімі – ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Жұмыс өтілі – Агенттікте және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қызметші лауазымында кемінде бір жыл не осы топтың нақты қызметінің тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл, не нақты ғылымдар (математика, физика, информатика) бойынша ғылыми немесе педагогикалық қызметте кемінде бір жарым жыл, не аудиторлық ұйымдарда кемінде екі жыл және аудиторлық тексерулерге қатысу.

Шетелдегі жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқу бітірген не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам не FRM, CFA халықаралық сертификаттарының кемінде 1-деңгейі және (немесе) ACCA халықаралық сертификатының 4-деңгейі бар адам үшін жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімі – ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Жұмыс өтілі – талап етілмейді.

Кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына  сәйкес өткізіледі.

Түйіндемені қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кадр қызметі түйіндемені ұсынған адамдардың тізімін қалыптастырады.

 Әңгімелесуді өткізу уақыты, күні және орны туралы ақпаратты кадр қызметі электрондық пошта және (немесе) телефон байланысы құралдары арқылы кадр қызметі қалыптастырған тізімнен тұлғаларға жібереді.

Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия тізім құрылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Агенттік бөлімшесі қызметінің бағытына сәйкес салаларда білімі бар адамдарды анықтау мақсатында кадр қызметі қалыптастырған тізімдегі адамдармен әңгімелесу өткізеді.

Егер адамға кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берсе, адам оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған кезде кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Кадр резервіне алынған адамдардың тізімдері Агенттіктің ақпараттық стендінде жалпыға бірдей көруге болатын жерде және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

  

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметшілерінің бос лауазымдарының тізімі және лауазымдарға қойылатын арнайы талаптар:

БАНКТЕРДІ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар мен технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматтандыру және басқару) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлану туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Пошта туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу. Тәуекелдерді басқару, деректерді жүйелеу, есептеу және талдау құралдары бөлігінде тәуекелдерді басқару, тәуекелдер мен кемшіліктерді барынша азайту және жою бойынша түзету шараларын енгізу, түрлі талдамалық анықтамалар жазу, тәуекел-метрикаларды (EAD, PD, LGD) білу саласында білімнің, банктік қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын қаржылық талдау саласында білімнің болуы құптарлық. Шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Екінші деңгейдегі банктердің, банк конгломераттарының, ірі қатысушылардың, банк холдингтерінің, оның ішінде банктегі және банк холдингіндегі өкілдері ретінде қызметін, банктердің, банк конгломераттарының, ірі қатысушылардың, банк холдингтерінің қаржылық және реттеушілік есептілігін талдау; банктер мен банк холдингтері қызметінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуін талдау; банктердегі тәуекелдер деңгейін бағалау, оның ішінде банктердің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау арқылы бағалау; банктердің іс-шаралар, оның ішінде банктің күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын еншілес ұйымдарына банк берген активтер бойынша іс-шаралар, тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою бойынша және қаржылық жағдайдың нашарлауына әсер ететін факторларды жою; қажетті ақпаратты жинау және оны талдау, құжаттамалық тексерулер жүргізу; қадағалап ден қоюдың тиісті шараларын қолдану бойынша іс-шаралар жоспарларын орындауын мониторингтеу және қадағалау. Департамент басшылығының қарауына банктік қызмет мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат алмасуды жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар мен технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару), білім беру (құқық және экономика негіздері, шет тілі: екі шет тілі) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Пошта туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білу, шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың үлестес тұлғаларының, банк холдингі мен банк конгломератына қатысушылардың, кредиттік бюролардың қызметін тексеруге тексеру жетекшісі ретінде не тексеруші топтың құрамында қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әртүрлі мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулерге қатысу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бұзылған жағдайда банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың үлестес тұлғаларына, банк холдингіне және банк конгломератына қатысушыға, кредиттік бюроларға, олардың басшы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын, әкімшілік жазалар мен санкциялар қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың үлестес тұлғаларына, банк холдингіне және банк конгломератына қатысушыға, кредиттік бюроларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын, әкімшілік жазалар мен санкцияларды қолдану жөніндегі материалдарды дайындау және істерді ресімдеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын жинақтау және талдау, әлемдік тәжірибені зерделеу және департамент басшылығының қарауына тиісті ұсыныстар енгізу, басқарманың қаралып отырған кіріс және шығыс хат-хабарларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, басқарманың қызметіне қатысты басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар мен технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматтандыру және басқару) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлану немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Банктердің уақытша әкімшілерінің және тарату комиссияларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаулары бойынша қызметін бақылау, уақытша әкімшілердің, тарату комиссияларының атқарылған жұмысы туралы есептерін, өзге де келіп түсетін құжаттарды қарау, банктердің тарату комиссиялары мен уақытша әкімшілерінің қызметін тексеруді жүргізу, тарату комиссияларының төрағаларын (бөлімшелер басшыларын) әкімшілік жауапкершілікке тарту, тарату комиссияларының төрағаларының атына тарату өндірісі барысында жол берілген  Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, таратылатын банктер кредиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін  бұзуларын жою туралы жазбаша ұйғарымдар шығару туралы материалдар әзірлеу, банктердің уақытша әкімшілері мен тарату комиссияларының функцияларын орындау, уақытша әкімшілерге және тарату комиссияларына консультациялық және практикалық көмек көрсету, уақытша әкімшілердің басшылары мен мүшелері, тарату комиссияларының төрағалары мен мүшелері етіп тағайындау үшін кандидаттарға қатысты істер қалыптастыру және жүргізу, банктердің тарату өндірісіне қатысты мәліметтерді есепке алу және қалыптастыруды жүргізу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын және өзге де келіп түсетін хат-хабарды қарау, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және оларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу, банктерді тарату мәселелері бойынша соттармен, құқық қорғау органдарымен өзара іс-әрекет жасау, соттарға, прокуратура органдарына, құқық қорғау органдарына құжаттар дайындау, сот отырыстарына қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар және технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлаудан өтуі немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Пошта туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Тәуекелдерді басқару, деректерді жүйелеу, есептеу және талдау құралдары, тәуекелдер мен кемшіліктерді азайту және жою бойынша түзету шараларын енгізу, түрлі талдамалық анықтамалар жазу, тәуекел-метрикаларды (EAD, PD, LGD) білу бөлігінде тәуекелдерді басқару саласында білімнің болуы құптарлық, банктік қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білу. Шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Банктердің, банк конгломераттарының, ірі қатысушылардың, банк холдингтерінің қаржылық және реттеушілік есептілігін талдау; банктер мен банк холдингтері қызметін тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылаудың талаптарына сәйкестігін талдау; банктердегі тәуекелдер деңгейі, оның ішінде банктердің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау арқылы бағалау; банктердің іс-шаралар жоспарларын, оның ішінде банк берген активтер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын банктің еншілес ұйымдарына тексеру қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жою және қаржылық жай-күйдің нашарлауына әсер ететін факторларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын орындауына мониторинг жүргізу; қажетті ақпаратты жинау және оны талдау; құжаттамалық тексерулер жүргізу; қадағалап ден қоюдың тиісті шараларын қолдану бөлігінде банктердің, банк конгломераттарының, ірі қатысушылардың, банк холдингтерінің қызметіне, оның ішінде банктегі және банк холдингіндегі өкілдер ретінде талдау жүргізу. Департамент басшылығының қарауына банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер хат-хабар алмасуды жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар және технологиялар (информатика,  математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Ғылыми дәрежесінің немесе негізгімамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,  Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы»,  «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу. Бағалы қағаздар нарығының және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кәсіби қатысушыларын қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білу. Шет тілін білу, сондай-ақ психология және адам ресурстарын тиімді басқару саласында білімнің болуы құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу бөлігінде басқарма қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылық ету, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіп түскен құжаттар мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру, Департамент туралы ережеге және басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бөлу, басқарма қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыру, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық шығыс хат-хабарларға бұрыштама қою, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар, БЖЗҚ және бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілері қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және (немесе) әзірлеуге қатысу, басқарманың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуін жетілдіру жөнінде Агенттік басшылығына ұсыныстар дайындауды және енгізуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде шаралар әзірлеу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қолдану тәжірибесін қорыту және талдау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар және технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.    

CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгімамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,  Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу. Бағалы қағаздар нарығының және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кәсіби қатысушыларын қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын, шет тілін білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, БЖЗҚ және бағалы қағаздар нарығының өзге субъектілерінің қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және (немесе) әзірлеуге қатысу, басқарманың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру,  басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқармаға келіп түсетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, Агенттіктің нормативтік емес құқықтық актілерінің жобаларын қарау және олар бойынша қорытындылар дайындау, бағалы қағаздар нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қолдану практикасын қорыту және талдау, бағалы қағаздар нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және қолдану, Агенттіктің басшылығына бағалы қағаздар нарығын және жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу, Агенттіктің халықаралық қатынастар жөніндегі бөлімшесімен бірлесіп, шетелдік қадағалау органдарымен және халықаралық ұйымдармен, оның ішінде Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымымен (IOSCO), Халықаралық зейнетақы қорларын реттеушілер ұйымымен (IOPS), Халықаралық валюта қорымен (IMF), Дүниежүзілік банкпен (WB), Еуропа Қайта құру және Даму банкімен (EBRD), Азия даму банкімен (ADB) департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қолдану тәжірибесін қорыту және талдау, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат-хабар алмасуды жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар және технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Ғылыми дәрежесінің немесе негізгімамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,  Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын және жинақтаушы зейнетақы жүйесін қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білу. Шет тілін білу, сондай-ақ психология және адам ресурстарын тиімді басқару саласында білімнің болуы құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау тұрғысынан бақылау және қадағалау бөлігінде басқарма қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылық ету, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіп түскен құжаттар мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Департамент туралы ережеге және басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бөлу, басқарма қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыру, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық шығыс хат-хабарларға қол қою, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін жақсарту, жоғарыда көрсетілген ұйымдардың бақылау және қадағалау жөніндегі рәсімдерді жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды департамент басшылығының қарауына енгізу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, тексеру жетекшісі ретінде немесе тексеру тобының құрамында инспекциялық тексерулерге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар және технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, FRM, ACCA сертификаттарының болуы құптарлық.

Ғылыми дәрежесінің немесе негізгімамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,  Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу. Бағалы қағаздар нарығының және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кәсіби қатысушыларын қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білу. Шет тілін білу, сондай-ақ психология және адам ресурстарын тиімді басқару саласында білімнің болуы құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіндегі орын алған және ықтимал тәуекелдерді анықтау және талдау. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қаржылық және реттеушілік есептілігін, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың жылдық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді талдау. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметінде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жоюға, әлеуетті тәуекелдерді азайтуға бағытталған қадағалап ден қою шараларын қолдану. Қажет болған жағдайда бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін тексеруге қатысу. Басқарманың құзыреті шегінде Департаменттің, Агенттіктің басшылығына бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі бойынша талдамалық есептілікті, анықтамалық және басқа да ақпаратты дайындау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, гуманитарлық ғылымдар саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау  және қаржылық қолжетімділік бойынша халықаралық стандарттар мен қағидаттарды білуі, шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейін зерделеуді; халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды (жобаларды) әзірлеу мен іске асыруды; www.fingramota.kz оқыту сайтында және әлеуметтік желілердегі Fingramota.kz парақшаларында ақпараттың уақтылы толықтырылуын және жаңартылуын; басқарманың жұмыс жоспарлары мен есептерін, басқарманың жұмысы туралы апта сайынғы ақпаратты дайындауды қамтамасыз ету. Басқарма мен департамент басшылығының қарауына халықаралық тәжірибені ескере отырып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру іс-шаралары бойынша ұсыныстар енгізу; қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жобаларға қатысты медиа саласының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау және  қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша материалдарды БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыру. Департамент құзыретінің шеңберінде бюджеттік өтінімдерді, сатып алу жоспарын қалыптастыруға арналған ақпаратты, бюджетті және сатып алу жоспарын түзету бойынша өтінімдерді құру және ұсыну, бюджеттің және сатып алу жоспарының орындалуын мониторингтеу жұмыстарын жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘДІСНАМАСЫ ЖӘНЕ ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, CAMS, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

 

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Қаржы ұйымдарының қызметін қадағалаудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын білу. Шет тілін білу, сондай-ақ психология және адам ресурстарын тиімді басқару саласындағы білімнің болуы құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Басқарма қызметін ұйымдастыру және оған басшылық жасау. Басқарма құзыретіне кіретін шұғыл мәселелерді шешу, басқарманың ағымдағы міндеттерін және жоспарларын айқындау, қаржылық қызметтерді реттеудің нормативтік құқықтық базасын, қаржы нарығына қатысушыларды бақылау, реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру бойынша бақылауды жүзеге асыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шығыс хат-хабарға қол қою, департаментке келісу үшін келіп түскен басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық  актілердің жобаларын қарау, қаржы нарығына қатысушылардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу және департамент басшылығының қарауына енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

ІС-ҚИМЫЛДЫ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес, гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технология (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгімамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін,  Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық қолжетімділік саласында халықаралық стандарттар мен қағидаттарды білуі, шет тілін білуі құптарлық. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу негіздерін білу. Функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да білім. 

Функционалдық міндеттері

Қадағаланатын субъектілерді қадағалау процесін іске асыру және қадағаланатын ұйымдардың тәуекелдерді басқару жүйесін диагностикалау, қаржы өнімдерінің, сондай-ақ микрокредиттердің шарттарын талдау; қаржы нарығы субъектілеріне, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюроларға қадағалап ден қою шараларының, шектеулі шаралар мен өзге де ықпал ету шараларының жобаларын дайындау, қаржы нарығы субъектілеріне, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктерге және кредиттік бюроларға санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдану туралы ұсыныстар енгізу; мемлекеттік, қоғамдық және шетелдік ұйымдармен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметтерін бекіту туралы хабарламалар тізілімін жүргізу; коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу; құжаттарды аудару мәселелері бойынша және банк терминологиясы бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету, халықаралық тәжірибені зерделеу және департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Агенттіктің нормативтік емес құқықтық актілерін және басқа да құжаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (математика), білім беру саласында (құқық және экономика негіздері, шет тілі: екі шет тілі) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы»,

«Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық қолжетімділік саласындағы халықаралық стандарттар мен қағидаттарды білу, шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Жеке және заңды тұлғалардың қаржылық қызметтерді,  микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтерді ұсыну және коллекторлық агенттіктердің қызметі мәселелері бойынша жолданымдарын қарау; қаржылық қызметтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтерді тұтынушыларға құқықтық көмек көрсету;  қаржылық қызметтердің, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасын қадағалауды жүзеге асыру; қаржы ұйымдарына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктерге және бағалы қағаздар эмитенттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ықпал ету шараларын, санкциялар, сондай-ақ басқа шараларды қолдану туралы құжаттар дайындау; басқарма құзыретінің мәселелері бойынша олардың қызметін тексеруді жүзеге асыру. Қаржылық қызметтерді, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтерді тұтынушылар құқықтарының бұзушылықтарын анықтау.

Жеке және заңды тұлғалардың қаржылық қызметтерді,  микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтерді ұсыну, коллекторлық агенттіктердің қызметі мәселелері бойынша жолданымдары тізілімдерін жүргізу; қаржы ұйымдарына,  микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктерге және кредиттік бюроларға қолданған қадағалап ден қою шаралары, шектеулі ықпал ету шаралары, санкциялар тізілімін жүргізу; Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі шеңберінде мынадай өкілеттіктерді  жүзеге асыру: азаматтарды, заңды тұлғалар өкілдерін, қаржылық көрсетілетін қызметтермен байланысты дара кәсіпкерлерді қабылдау; азаматтарға, заңды тұлғалар өкілдеріне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультациялар және Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы нормаларының түсіндірмелерін беру; жекелеген жағдайда қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірлесіп проблемалық қарыз алушылардың екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру және өткізу; жолданымдарды қабылдау және оларды мәні бойынша одан әрі қарауды қамтамасыз ету; басқарма қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, сәйкестендіру, талдау, бағалау және басқару. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру

ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: техникалық ғылымдар және технология (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия және инженерлік іс, телекоммуникация), жаратылыстану ғылымдары (математика, физика) саласында және (немесе) инженер біліктілігінің болуы.

Oracle Certified Associate/Professional/Master/Expert, CISA, CCNA/CCNP сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлаудан өту немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Ақпараттандыру туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,  «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын және Агенттіктің цифрлық даму және ақпараттандыру саласындағы қызметін реттейтін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Қолданылатын аппараттық құралдарды, дерекқорларды басқару жүйелерін, жергілікті желілерді құру негіздерін, телефония жүйелерін, бұлтты платформаларды, виртуализация жүйелерін, қосымшаларды ықпалдастырудың заманауи тәсілдерін, API архитектураларын білу. АТ-сервистердің (ITSM/ITIL) сапасын, оқыс оқиғаларын, проблемаларын, жұмысын және үздіксіздігін басқарудың жалпыға бірдей танылған әдіснамаларының негіздерін білу. АТ бюджетін қалыптастыру және орындау процесінің, сатып алу рәсімдерінің және жеткізушілермен өзара іс-қимылдың негізгі білімі. Ақпараттық қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару негіздері туралы жалпы білім. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Серверлік және/немесе желілік және/немесе компьютерлік және кеңсе жабдықтарын және/немесе құрылымдық кабельдік желіні және/немесе дерекқорларды және/немесе IP-телефонияны, жүйелік бағдарламалық қамтылымды, операциялық жүйелер мен серверлік қосымшаларды басқару, дамыту және қолдау көрсету. Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту, АТ-инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жөніндегі жобаларға қатысу. Бекітілген ақпараттандыру және бағдарламалық қамтылым объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, олардың үздіксіз жұмыс істеуін мониторингтеу, оқыс оқиғалар мен проблемаларды уақтылы жою. Агенттіктің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі іс-шараларға қатысу.  Агенттіктің АТ-активтерін басқару жөніндегі жұмыстарға қатысу. Жасалған шарттар шеңберінде АТ-инфрақұрылымын техникалық қолдау, сүйемелдеу және дамыту, компьютерлік және баспа жабдықтарын жөндеуді жүзеге асыру мәселелері бойынша қызметтерді жеткізуші бөгде ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Басқарманың құзыретіне кіретін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін техникалық ерекше нұсқауларды дайындау және келісу. Нарыққа маркетингтік талдау жүргізу және бюджетті қалыптастыру және игеру, басқарманың құзыретіне кіретін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу жұмыстарына қатысу.

Департаменттің бизнес-процестерінің тәуекелдерін бағалау жұмыстарын үйлестіру. Департамент құзыреті шегінде Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерін және басқа да құжаттарды әзірлеуге және жетілдіруге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

ЗАҢ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Құқық саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары.

Негізгімамандық бейіні бойынша  курстарда қайта даярлаудан өту немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін,  «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен Агенттіктің және Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық  міндеттері

Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету және заңдылықты нығайтуға жәрдемдесу. Агенттіктің бөлімшелерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының және Агенттіктің нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің жобаларын, процессуалдық құжаттарды әзірлеуге қатысу, Агенттікке келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды, сондай-ақ Агенттік әзірлейтін, оның ішінде оларды Агенттіктің басқа бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу арқылы заңды сипаттағы басқа да құжаттарды дайындау. Басқарма құзыреті шегінде банк заңнамасын, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, микроқаржы ұйымдары туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты жұмыс істейтін және басқа да комиссиялардың, сондай-ақ жұмыс топтарының жұмысына қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттік атынан шағым-талап материалдарын ресімдеу, сот органдарында оның мүдделерін қорғау. Банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша құжаттарды қарау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерін қолдану бойынша түсініктемелер беру. Басқарманың қарауына келіп түсетін заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдарын, хабарларын, жауаптарын, сұратуларын, ұсыныстарын құжаттарын (материалдарын) қарау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, жұртшылықпен байланыс, маркетинг, халықаралық қатынастар, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент), жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар, гуманитарлық ғылымдар, өнер саласында, білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі). Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярланғаны немесе біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жарнама туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және сыртқы коммуникациялар қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Қазақстанның БАҚ, PR және жарнама нарығын білу.

Шет тілін, әлеуметтік желілер мен заманауи цифрлық платформалардың жұмыс істеу қағидаттарын білуі, фото және бейнематериалдарды монтаждау және өңдеу бағдарламаларын меңгеруі, композиция, жарықпен, дыбыспен және визуалды коммуникациялармен жұмыс істеу негіздерін түсінуі, сондай-ақ кәсіби фото-, бейне- және аудиотехникамен жұмыс істеу дағдыларының болуы құптарлық.

Функционалдық міндеттері

БАҚ-пен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға қатысу. Мемлекеттік органдармен хат алмасу, Басқарманың құзыреті шеңберінде сыртқы және ішкі хат-хабарларды қарау және өңдеу. Басқарманың құзыретіне кіретін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу. Агенттік сайтының мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп толтырылуын қамтамасыз ету. Агенттіктің сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарына контенттік сүйемелдеуді жүзеге асыру, Агенттіктің қызметі туралы қалың жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында Агенттік материалдарын БАҚ-та және әлеуметтік желілерде (фото-, бейне- және мәтіндік материалдар) дайындауға және жариялауға қатысу.

Агенттіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларының жұмысын сүйемелдеу, Агенттіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы жұртшылықпен байланысты қолдау, фото және/немесе бейнеконтент дайындау. Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, экономика, қаржы), жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар және технологиялар және (немесе) экономист мамандығының болуы.

Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,  Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және бюджетті, бухгалтерлік есепке алуды, сатып алуды қалыптастыру және пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу құптарлық. Талдамалық жұмыс және бюджетті болжау дағдыларын, қаржылық талдау әдістемесін меңгеру, басқаруды есепке алудың негіздерін білу. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білімі.

Функционалдық міндеттері

 

Агенттіктің бюджетін құру және пайдалану мәселелері бойынша Агенттіктің құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу. Агенттіктің бюджетін жоспарлау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, оның ішінде есеп айырысу кестелерін дайындау, Агенттік бөлімшелері ұсынған деректерді жинау мен тексеруді жүзеге асыру, бюджет жобасын жасау, Агенттіктің Бюджеттік комиссиясының қарауы үшін бюджет жобасы бойынша талдамалық ақпаратты, материалдарды дайындау. Агенттіктің бюджетіне өзгерістер енгізу бойынша материалдар дайындау. Бюджеттің атқарылуын талдау, есептілікті, бюджет мәселелері бойынша қажетті талдамалық ақпаратты дайындау, Агенттікте бюджеттік процеске байланысты басқа да іс-шараларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және Агенттіктің актілеріне сәйкес сатып алу жоспарын қалыптастыру. Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді уақтылы зерделеу. Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, экономика, қаржы) саласындағы және (немесе) экономист мамандығының болуы.

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген «Кәсіби бухгалтер» сертификатының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және бухгалтерлік есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу құптарлық. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білімі.

Функционалдық міндеттері

 

Агенттіктің әкімшілік-шаруашылық қызметі бойынша төлемдерді өз уақытында жүзеге асыру, бекітілген бюджетке, сатып алу жоспарына, шарттарға, бухгалтерлік есеп әдістеріне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және Агенттіктің нормативтік емес актілеріне және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес бекітілген бухгалтерлік есепке алу шоттарында (жалақы төлемдер бойынша есеп айырысуларды қоспағанда) бекітілген Агенттіктің әкімшілік-шаруашылық қызметінің операцияларын жүргізу және көрсету. Тиісті мемлекеттік органдарға қаржылық, бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жасау және ұсыну. Агенттіктің комиссиялар жұмысына және жұмыс тобына қатысу. Мемлекеттік органдарға, өзге ұйымдарға және Агенттіктің бөлімшелеріне хаттарды, сұрау салуларды дайындау. Агенттіктің бөлімшелері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарауға қатысу. Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді өз уақытында зерттеу. Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕР БАСҚАРМАСЫ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, құқық, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар және (немесе) экономист мамандығының болуы.

Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандығының саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Психология және адам ресурстарын тиімді басқару саласындағы білімінің болуы, шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білімі.

Функционалдық міндеттері

 

Басқарма қызметіне басшылық жасау, оның жұмысын ұйымдастыру. Басқарма туралы ережеге сәйкес Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бөлу, басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыру, басқарма атынан басқармадан шығатын барлық құжаттарға құжаттар мен хат-хабарларға қол қою. Басқарма қызметкерлерінің қаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктерді олардың Қазақстан Республикасы Заңдарының және өзге де НҚА талаптарын сақтауы тұрғысынан тексеруге қатысуын ұйымдастыру, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға (қайта ресімдеу, түпнұсқа беру, тоқтата тұру не тоқтату) лицензия беру, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу және тізілімін жүргізу тәртібін қамтамасыз ету, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын уақтылы және сапалы қарау, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер, жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулер жүргізу, басқарма қызметкерлерінің банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссияларының жұмысына қатысуын қамтамасыз ету, әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету, басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру. 

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, құқық, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдар (математика), техникалық ғалымдар және технологиялар саласындағы және (немесе) экономист мамандығының болуы.

Негізгі мамандығының саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білімі.

Функционалдық міндеттері

 

Қаржы ұйымдарын тексеруге қатысу, микроқаржылық қызметті, есептік тіркеуді және коллекторлық агенттіктердің қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беруді (қайта ресімдеуді, түпнұсқалар беруді, тоқтата тұруды не тоқтатуды) жүзеге асыру. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын уақтылы және сапалы қарау, жолданымдар бойынша жоспардан тыс және құжаттамалық тексеру жүргізу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бұзылған жағдайда банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру компанияларына, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктерге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларына, әкімшілік жазалар мен санкцияларға қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу, материалдарды дайындау және әкімшілік іс жүргізуді орындау. Микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіту туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау. Агенттіктің бөлімшелеріне тиісті есептілікті сапалы дайындауды және тапсыруды жүзеге асыру. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында басшылықтың жекелеген тапсырмаларын орындау. Басқармада іс жүргізуді жүзеге асыру. Тәуекелдердің алдын алу немесе барынша азайту мақсатында негізгі оларды басқаруды ішкі бақылау жөніндегі негізгі шараларды қамтамасыз ету. Құпиялылықтың тиісті режимін және ақпаратты рұқсатсыз кіруден және бұрмалаудан қорғауды қамтамасыз ету. Қауіпсіздік техникасы, жабдықты пайдалану және өрттен қорғау ережелерінің сақталуын бақылау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, құқық, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдар (математика), техникалық ғалымдар және технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) саласындағы және (немесе) экономист мамандығының болуы.

Орта кәсіби білімге рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдар (математика), техникалық ғалымдар және технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) саласындағы және (немесе) экономист мамандығының болуы.

Кәсіби құзыреттілігі

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білімі.

Функционалдық міндеттері

 

Қаржы ұйымдарын тексеруге қатысу, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияларды беруді (қайта ресімдеуді, телнұсқаларын беруді, қолданылуын тоқтата тұруды не қолданылуын тоқтатуды), есептік тіркеуді жүзеге асыруды және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізуді жүзеге асыру. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін уақтылы әрі сапалы қарау, өтініштер бойынша жоспардан тыс және құжаттық тексерулер жүргізу. Банк және сақтандыру заңнамасын, микроқаржылық қызмет және коллекторлық қызмет туралы заңнаманы бұзу фактілері бойынша материалдарды қарау, басқарма басшысына қадағалау ден қоюының ұсынымдық шараларын, қаржы нарығы субъектілеріне қатысты ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу, әкімшілік іс жүргізуді жүргізу. Микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бекітілгені туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелеріне тиісті есептілікті сапалы дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында басшылықтың жекелеген тапсырмаларын орындау. Басқармада іс жүргізуді жүзеге асыру. Тәуекелдердің алдын алу немесе оларды барынша азайту мақсатында негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі бақылаудың негізгі шараларын қамтамасыз ету. Құпиялылықтың тиісті режимін және ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден және бұрмалаудан қорғауды қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, басқарманың қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу.   

 

Сақтандыру секторы
Қазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін
25 августа 2026

Тұрғын үйді қорғау міндетті болуы мүмкін. Қазақстанда үйлер мен пәтерлерді жер сілкінісінен, су тасқынынан және орман өрттерінен міндетті сақтандыруды енгізу ұсынылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл бастама Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасына енгізілген. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк сақтандыру нарығына қатысушылармен бірлесіп әзірледі.

Бағдарламаның негізгі ережелері Алматыда өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Оған Агенттік, Еуропалық Қайта құру және даму банкі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, Мемлекеттік кредиттік бюро, Қазақстан сақтандырушылары қауымдастығы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, сақтандыру нарығының өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.

Тұрғын үйді үш ірі тәуекелден міндетті сақтандыру ұсынылды

Бағдарламадағы азаматтарға тікелей әсер ететін бастамалардың бірі тұрғын үйге қатысты.

Міндетті сақтандыру сыныптарының тізбесін тұрғын үйді жер сілкінісінен, су тасқынынан немесе су басудан және орман өрттерінен міндетті сақтандыру есебінен кеңейту ұсынылады.

Әзірге бұл талап күшіне енген жоқ. Бастама бағдарламада қарастырылған, ал оны іске асыру үшін тиісті заңнамалық өзгерістер қажет болады.

Егер ұсыныс заң деңгейінде бекітілсе, табиғи апаттардан сақтандыру тұрғын үй иесінің ерікті таңдауынан міндетті сақтандыру тетігіне айналады.

Полистің нақты құны, сақтандыру сомасы, төлем тәртібі және басқа талаптар әзірге жарияланған жоқ. Бұл параметрлер кейін заңға тәуелді актілер мен сақтандыру шарттарының талаптары арқылы белгіленуі мүмкін.

Міндетті сақтандырудың бірыңғай моделі енгізілмек

Бағдарлама міндетті сақтандыру жүйесінің өзін де өзгертуді ұсынады.

Қазіргі міндетті және жүктелген сақтандыру түрлерін бөлек қарастырудың орнына міндетті сақтандырудың бірыңғай моделіне көшу жоспарланып отыр.

Заң сақтандыру арқылы қорғаудың негізгі қағидалары мен кепілдіктерін айқындайды. Ал экономикалық жағдай мен тәуекелдердің өзгеруіне байланысты параметрлер заңға тәуелді актілер мен шарттар деңгейінде реттелмек.

Бұл тәсіл тарифтерді нарықтағы жағдай мен тәуекел деңгейіне қарай жедел қайта қарауға мүмкіндік береді.

Реформа міндетті автосақтандыру мен қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру сияқты ең жаппай және әлеуметтік маңызы бар сақтандыру түрлерін де қамтиды.

Сақтандырушылардың активтері 3,9 трлн теңгеге жетті

Сақтандыру нарығындағы өзгерістер сектордың қарқынды өсуі аясында ұсынылып отыр.

Соңғы бес жылда сақтандырушылардың активтері екі есе өсіп, 3,9 трлн теңгеге жетті. Олардың ІЖӨ-ге қатынасы 2,58%-ды құрайды.

Өсудің негізгі драйвері — өмірді сақтандыру компаниялары. Олардың активтері шамамен үш есеге артқан.

Жалпы сақтандыру саласында активтер 1,6 есе ұлғайды, ал активтердің орташа жылдық өсу қарқыны 21%-ды құрады.

2021–2025 жылдар аралығында сақтандыру сыйлықақыларының көлемі де екі есе өсті. Ең елеулі жеделдеу 2023 жылдан бастап байқалады.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға сақтандыру нарығының орнықты дамуы, халық пен бизнесті сақтандырумен қамтуды кеңейту, ұзақ мерзімді жинақтарды дамыту және ұлттық экономика тәуекелдерін басқару жүйесінде сақтандырудың рөлін арттыру үшін жағдайлар жасау туралы ауқымды әрі стратегиялық міндет қойды», — деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова.

Бағдарлама сақтандыру секторын дамытудың алдағы жылдарға арналған негізгі бағдарларын айқындайды. Құжатта нарықтың экономикадағы рөлін арттыру, сақтандыру аясын кеңейту, жаңа өнімдер мен сату арналарын дамыту, цифрландыру және қадағалау жүйесін жетілдіру көзделген.

Бағдарламада 6 бағыт пен 18 бастама бар

Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы алты стратегиялық бағыт пен 18 бастаманы қамтиды.

Тұрғын үйді міндетті сақтандыру — сол бастамалардың бірі ғана.

Екінші ірі бағыт ерікті сақтандыруды дамытуға арналған. Оның аясында қазақстандықтарға инвестициялау стратегиясын таңдау құқығы бар жаңа зейнетақы аннуитеттерін ұсыну жоспарланып отыр.

Мұндай өнімдер өмір бойғы кепілді төлемдерді сақтай отырып, инвестициялық кіріс есебінен болашақ төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік беруі тиіс.

Бұған дейін біз Қазақстанда инвестициялық құрамдас бөлігі бар зейнетақы аннуитеттерін енгізу жоспарланып отырғанын жазған едік.

Ерікті медициналық сақтандыру МӘМС-ті толықтыруы тиіс

Бағдарламада ерікті медициналық сақтандыруды да дамыту ұсынылады.

Оны МӘМС-ке қосымша контур ретінде қарастыру көзделіп отыр. Яғни ерікті медициналық сақтандыру кепілдендірілген медициналық көмекті қайталамай, азаматтардың қосымша медициналық қызметтер алу мүмкіндігін кеңейтуі тиіс.

Бұл тәсіл азаматқа міндетті жүйеден тыс қосымша қызметтерді сақтандыру арқылы алуға мүмкіндік береді.

Сақтандыру агенттері мен брокерлердің міндеттері бөлінеді

Үшінші бағыт сату арналарын дамытуға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған.

Бағдарлама сақтандыру агенттері мен брокерлердің қызметін нақты ажыратуды ұсынады.

Агенттер халықпен жұмыс істеуге, сақтандыру өнімін таңдауға және рәсімдеуге басымдық береді. Брокерлердің қызметі сақтандыру төлемдерін кәсіби реттеуге бағытталмақ.

Сақтандыру төлемдерін алу процесін жүйелі түрде сүйемелдейтін делдалдардың жұмысы да реттеледі.

Олар клиентке сақтандыру компаниясымен өзара іс-қимыл тәртібін және алатын комиссиялық сыйақының мөлшерін ашуға міндетті болады.

Электрондық сақтандыру шарты негізгі форматқа айналады

Төртінші бағыт сақтандыру нарығын цифрландыруға арналған.

Ерікті жаппай сақтандыру өнімдерінде электрондық шартты негізгі форматқа айналдыру ұсынылып отыр.

Сонымен қатар әртүрлі сақтандырушылардың ұсыныстарын салыстыруға және шартты онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін сақтандыру маркетплейстерінің мәртебесі заңнамалық деңгейде бекітілмек.

Бірыңғай сақтандыру дерекқоры бүкіл нарық үшін ортақ цифрлық инфрақұрылым ретінде дамиды.

Міндетті сақтандыру шарттарын бірегей сәйкестендіру жүйесі нарықтың ашықтығын арттырып, клиенттерді жалған полистерден қорғауға бағытталады.

Сақтандыру ақпаратымен алмасу қауіпсіз түрде және клиенттің келісімімен жүргізілуі тиіс.

Қазақстанда Орталық актуарий құрылуы мүмкін

Актуарлық есептердің сапасын арттыру үшін Орталық актуарий құру жоспарланған.

Ол тәуекелдер мен ұзақ мерзімді міндеттемелерді бағалаудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастырады.

Сондай-ақ Орталық актуарий міндетті сақтандыру сыныптары бойынша тарифтерді есептеуге және қайта қарауға қатысады.

Бұл тетік сақтандыру тарифтерін нақты тәуекелдерге бейімдеуде маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Шетелдік сақтандырушыларға нарыққа кіру жеңілдеуі мүмкін

Бағдарламаның бесінші бағыты қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етуге арналған.

Бәсекелестікті күшейту үшін шетелдік сақтандырушылардың Қазақстан нарығына қолжетімділігін ырықтандыру ұсынылып отыр.

Сонымен бірге қайта сақтандырудың елдік саясатын әзірлеу жоспарланған.

Мақсат — қазақстандық нарық өзі тиімді қабылдай алатын тәуекелдерді ел ішінде ұстап қалу, ал аса ірі тәуекелдерді халықаралық нарыққа беру.

Пруденциялық қадағалау жүйесі ұлттық сақтандыру нарығының ерекшеліктеріне бейімделген Solvency II және 17 ХҚЕС қағидаттарын ескере отырып күшейтіледі.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры да таратылатын сақтандырушылардың міндеттемелерін реттеуге қатысу үшін қосымша өкілеттіктер алмақ.

ШОБ үшін арнайы сақтандыру өнімдері әзірленеді

Алтыншы бағыт сақтандырудың жаңа бизнес-модельдерін дамытуға арналған.

Бағдарлама шағын және орта бизнес субъектілері үшін арнайы сақтандыру өнімдерін құруды көздейді.

Сақтандыруды кредит алу, мемлекеттік сатып алуға қатысу және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары сияқты қолданыстағы процестерге кеңінен енгізу ұсынылып отыр.

Бұл бизнестің жекелеген тәуекелдерін сақтандыру арқылы азайтуға бағытталған.

Сақтандырушыларға «исламдық терезелер» ашу ұсынылды

Қазақстанда исламдық сақтандыруды кезең-кезеңімен дамыту да жоспарланып отыр.

Бағдарлама қолданыстағы сақтандырушыларға жеке заңды тұлға құрмай-ақ исламдық өнімдер ұсынуға мүмкіндік беретін «исламдық терезелер» тетігін енгізуді ұсынады.

Бұл сақтандыру компанияларына дәстүрлі өнімдермен қатар ислам қаржысының қағидаттарына сәйкес келетін өнімдерді де ұсынуға мүмкіндік береді.

Жаңа заң жобасын жыл соңына дейін Құрылтайға енгізу жоспарланған

Бағдарламадағы бастамалардың басым бөлігі әзірге ұсыныс деңгейінде. Оларды іске асыру үшін заңнамалық база өзгеруі тиіс.

«Бағдарламаның негізгі бастамалары ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізіледі деп жоспарланып отырған сақтандыру нарығы туралы жаңа Заң жобасында көрініс табады.

Бағдарламада көзделген бастамаларды іске асыру, ең алдымен, тұтынушылар байқайтын болады: сақтандыру өнімдерінің таңдауы кеңейеді, цифрлық сервистердің арқасында олардың қолжетімділігі артады және полисті рәсімдеу уақыты қысқарады. Сонымен қатар, сақтандырушыларға қойылатын талаптарды күшейту және қадағалауды жетілдіру сақтандыру ұйымдарының сенімділігін және клиенттердің құқықтарын қорғау деңгейін арттырады. Азаматтардың мүлкін, денсаулығын, кірістері мен жинақтарын қорғауға арналған жаңа өнімдерге ерекше назар аударылатын болады», — деді Мәдина Әбілқасымова.

Сондықтан Қазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандыру әзірге енгізілген жоқ. Қазір сөз Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасындағы ұсыныс туралы болып отыр.

Егер бастама заңнамалық деңгейде қабылданса, жер сілкінісі, су тасқыны және орман өрттері тұрғын үйді міндетті сақтандырумен қамтылатын негізгі табиғи тәуекелдердің қатарына енеді.

 

Дереккөз: Dknews.kz

Сақтандыру секторы
Қазақстандықтарға инвестициясы бар зейнетақы аннуитеті ұсынылады
24 августа 2026

Зейнетақы таңдауы кеңеймек. Қазақстандықтарға өмір бойғы кепілдендірілген төлемдермен қатар, нәтижесі инвестициялық портфельдің немесе нарықтық индекстің кірістілігіне байланысты болатын жаңа аннуитет түрлерін ұсыну жоспарланып отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бастама «Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы» жобасына енгізілген. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нарық қатысушыларымен және сарапшылар қоғамдастығымен бірлесіп әзірледі.

 

Инвестициялық аннуитеттің табысы нарыққа байланысты болады

Қазір қазақстандықтарға зейнетақы аннуитетінің үш түрі қолжетімді: шұғыл, кейінге қалдырылған және бірлескен, яғни ерлі-зайыптыларға арналған аннуитет. Олар өмір бойғы сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік береді.

Реформаның келесі кезеңінде зейнетақы өнімдерінің желісін кеңейту ұсынылып отыр. Ең елеулі жаңалықтардың бірі — инвестициялық-байланысты аннуитет, немесе unit-linked.

Бұл өнім зейнетақы қорғанысын инвестициялық табыс алу мүмкіндігімен біріктіреді. Нәтиже таңдалған инвестициялық портфельдің немесе нарықтық индекстің кірістілігіне байланысты болады.

Мұнда клиент үшін айырмашылық айқын: кепілдендірілген аннуитетте болашақ төлемнің тұрақтылығына басымдық берілсе, инвестициялық өнімде нәтиже нарықтағы жағдайға тәуелді болады.

Кейін мұндай жинақты өмір бойы төлем жасайтын кепілдендірілген зейнетақы аннуитетіне ауыстыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Кепілдендірілген өмір бойғы төлем сақталады

Жаңа өнімдердің пайда болуы классикалық зейнетақы аннуитетінің жойылатынын білдірмейді.

Кепілдендірілген аннуитет негізгі өнім болып қала береді. Оның басты ерекшелігі — адам күтілген мерзімнен ұзақ өмір сүрген жағдайда да өмір бойы төлем жасау міндетін сақтандыру компаниясы өз мойнына алады.

Қолданыстағы өнімді де икемдірек ету жоспарланған. Соның ішінде зейнетақы төлемдерін индекстеудің бірнеше нұсқасын енгізу көзделіп отыр.

Яғни клиент үшін негізгі таңдау тек «аннуитет алу немесе алмау» мәселесімен шектелмеуі мүмкін. Болашақта кепілдік деңгейі мен инвестициялық тәуекелдің арақатынасын да таңдауға тура келеді.

Гибридті аннуитетте ақша екі бөлікке бөлінеді

Тағы бір жаңа нұсқа — гибридті зейнетақы аннуитеті.

Мұнда жинақ бірден екі бөлікке бөлінеді. Бір бөлігі өмір бойғы кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етеді, ал екіншісі қосымша табыс алу үшін инвестицияланады.

Бұл модель толық кепілдендірілген және толық инвестициялық тәсілдің ортасындағы нұсқа болмақ.

Азамат бір жағынан тұрақты зейнетақы төлемін сақтайды, екінші жағынан жинағының бір бөлігінің инвестициялық кірісіне қатыса алады.

Аннуитет шарттарының саны бес жылда 2,5 есе өсті

Жаңа өнімдер нарықтың өзі айтарлықтай үлкейген кезде ұсынылып отыр.

2021 жылмен салыстырғанда 2026 жылдың басына қарай қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарының саны 2,5 есе, ал сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 3,5 есеге жуық өскен. Агенттік мұндай өсімді кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттерінің енгізілуімен байланыстырады.

2026 жылдың басында 164 294 қолданыстағы шарт болған. Олар бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемі 1 168 млрд теңгеге жетті.

Соның ішінде кейінге қалдырылған аннуитеттер бойынша 53 826 шарт 429,4 млрд теңгеге жасалған.

Ал бірлескен зейнетақы аннуитеттері әзірге әлдеқайда шағын сегмент болып отыр: 275 шарттың жалпы сомасы 5,6 млрд теңгені құрайды.

Бұл сандар жаңа өнімдердің нарықта бірдей жылдам таралмайтынын көрсетеді. Кейінге қалдырылған аннуитет айтарлықтай көлемге жетсе, ерлі-зайыптыларға арналған өнім әлі де шағын үлеске ие.

1,168 трлн теңгелік нарық аннуитет бәріне қолжетімді деген сөз емес

Зейнетақы аннуитеттері нарығының өсуін оның барлық салымшыға бірдей қолжетімділігімен шатастырмаған жөн.

Аннуитет шартын жасау үшін азаматтың жеткілікті көлемде зейнетақы жинағы болуы қажет. Сондықтан өнім түрлерінің көбеюі ең алдымен аннуитет талаптарына сай келетін азаматтардың таңдауын кеңейтеді.

Бұл тұрғыда Қазақстандағы зейнетақы жүйесіндегі басқа өзгерістер де маңызды. Бұған дейін біз зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі не үшін өзгергенін талдаған едік. Жинақтың жеткіліктілігі зейнетақы қаражатын пайдалану мүмкіндігіне тікелей әсер ететін негізгі параметрлердің бірі болып қала береді.

Болашақ төлемді бір цифрлық сервисте есептеу ұсынылды

Өнімдердің саны көбейген сайын оларды салыстыру да күрделене түседі.

Сондықтан зейнетақыны жоспарлаудың бірыңғай цифрлық сервисін құру жоспарланып отыр. Оның көмегімен азаматтар әртүрлі өнімдерді салыстырып, болашақ төлемдердің ықтимал мөлшерін есептей алады.

Сервис қолайлы нұсқаны таңдауға және дербес зейнетақы жоспарын қалыптастыруға мүмкіндік беруі тиіс.

Бұл әсіресе unit-linked және гибридті өнімдер іске қосылған жағдайда өзекті болады. Өйткені клиентке тек ай сайынғы төлем көлемін емес, кепілдік деңгейін, инвестициялық бөліктің ықтимал нәтижесін және ұзақ мерзімді тәуекелді салыстыру қажет болады.

Сонымен бірге аталған өзгерістердің барлығы әзірге «Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы» жобасындағы ұсыныстар. Инвестициялық және гибридті аннуитеттер қазір қолданыстағы өнімдер ретінде енгізілген жоқ.

Бұған дейін біз Қазақстандағы зейнетақы жүйесін реформалаудың жаңа бағыттары қалай талқыланып жатқанын жазған едік. Енді сақтандыру нарығына ұсынылған модель зейнетақы жинағы жеткілікті азаматтарға үш түрлі тәсіл арасынан таңдау беруді көздейді: өмір бойғы кепілдік, инвестициялық кіріс немесе осы екеуін біріктіретін гибридті нұсқа.

Дереккөз: Dknews.kz

Банк секторы
Қазақстандағы банктер өз кредиттері мен депозиттерін қайта қарауы тиіс
21 августа 2026

Қазақстандағы банктерге несиелер мен депозиттерді қоса алғанда, өздерінің қаржылық қызметтер тізбегін қайта қарау үшін жарты жыл уақыт берілді. Бұл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қаулысынан белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚНРДА қаулысы 2026 жылғы 3 тамызда қабылданып, кейін ресми түрде жарияланды. Құжат алғаш ресми жарияланған күннен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң, яғни қазанда күшіне енеді. Осыдан кейін барлық қаржы ұйымына қолданыстағы өнім портфеліне толық ревизия жүргізу үшін тура 6 ай уақыт беріледі.

Бұл не үшін жасалып жатыр?

Реттеушінің басты мақсаты - нарықты әділетсіз айла-шарғылардан арылту арқылы қатардағы азаматтардың құқықтарын қорғау:

Таңылған қызметтер мен жасырын комиссияларды жою: банктерге ақылы сервистерді автоматты түрде қосуға немесе несиенің нақты құнын жасыруға тыйым салынады.

Артық қарыз алуға жол бермеу: қаржы ұйымдары белгілі бір несиенің нақты кімге сәйкес келетінін анықтауға міндетті болады. Күрделі немесе тәуекелі жоғары қаржы құралдарын тәжірибесі мен жоғары табысы жоқ клиенттерге сатуға бұдан былай рұқсат етілмейді.

Шарттарды әділ ету: депозиттен немесе қарыздан келетін нақты пайда оның бағасына сәйкес келуі тиіс. Егер комиссия тым жоғары, ал клиент үшін пайдасы күмәнді болса, өнімді өзгертуге немесе жабуға тура келеді.

Алдын алу шаралары бойынша жұмыс істеу: ҚНРДА банктерді қарыз алушылардың шағымдарынан кейін олардың салдарымен күресуге емес, бастапқыда қауіпсіз жағдайлар жасауға мәжбүрлейді.

Банктер өз өнімдерін қалай тексереді?

Әрбір несие немесе салым үшін толық мөлшерлеме (ЖТСМ), барлық комиссия, тәуекелдер көрсетілген және ол кімге арналғаны сипатталған түсінікті "карточка" жасалады. Құжат кемінде 5 жыл сақталады.

Сондай-ақ банктер клиенттердің шағымын зерттеп, шарттардағы ұсақ жазуларды, жасырын жазылымдар мен автоматты келісімдерді алып тастауы тиіс.

Жаңартылған шарттары бар өнімдер алдымен пилоттық топтарда тексерілуі керек. Егер тәуекелдер анықталса, олар пысықтауға жіберіледі. Белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін өнімдер нарықтан толықтай жойылуы тиіс.

Сонымен қатар алты айлық мерзім банктер әрбір қазақстандықтың несиесі мен депозиті бойынша шарттарды қайта есептеуі немесе өзгертуі тиіс дегенді білдірмейді. Жаңа талаптар, ең алдымен, клиенттердің барлық жеке шартын автоматты түрде қайта қарауды емес, банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының өз өнімдерін жасау және бақылау тәсілдерін өзгертеді.

Клиенттер үшін тағы не өзгереді?

Ойлануға 14 күн ("бас тарту кезеңі"). Екі апта ішінде айыппұл мен өсімпұлсыз кепілсіз несиеден немесе сақтандырудан бас тартуға болады.

Авто-белгілердің болмауы. Қосымшалар мен шарттарда клиенттің орнына алдын ала белгі қоюға тыйым салынады - кез келген келісім саналы түрде жасалуы тиіс.

Әділ жарнама. Банктерге толық нақты мөлшерлемені (ЖТСМ) көрсетпей, "тартымды" төмен пайыздарды жарнамалауға тыйым салынады.

Сату көрсеткіші үшін жарысуды тоқтату. Банк менеджерлерінің сыйақысы бұдан былай тек сатылған қызметтер санына байланысты болмайды, сондықтан оларға артық қызметтерді таңу тиімсіз болады.

Бұған дейін ломбардтардағы кейбір қарыздар бойынша мерзімін өткізіп алу қазақстандықтардың несие тарихына әсер етпеуі мүмкін екені белгілі болған еді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі автокөліктер мен басқа да жылжымалы мүлік кепілімен берілген микрокредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдер, айыппұлдар мен өсімпұлдар туралы мәліметтерді несие есептерінен алып тастауды қарастыратын құжат әзірледі. Толығырақ мына материалдан оқыңыз.

 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру
Алаяқтар екінші телефонды сұрай бастады: олардың мақсаты не
18 августа 2026

Алаяқтар екінші телефонды пайдалануды сұрайды. Олар банктік шотты «қорғау» деген сылтаумен қазақстандықтарды бейнебайланысты қосуға, экранды көрсетуге және мобильдік банкте өз нұсқаулары бойынша әрекет жасауға көндіреді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі телефон алаяқтығы ақша қаражатын ұрлау мен алаяқтық қарыздарды ресімдеудің кең таралған схемаларының бірі болып қала беретінін ескертті.

 

Қоңырау әдетте «шотыңыз бойынша күдікті операция жүріп жатыр», «сіздің атыңызға кредит рәсімдеуге тырысып жатыр» немесе «банктің мобильдік қосымшасына шабуыл жасалды» деген сөздерден басталады.

Екінші телефон алаяқтарға клиенттің әрекетін бақылау үшін керек

Соңғы уақытта қаскүнемдер екінші мобильді құрылғыны пайдаланатын тәсілге жиі көшкен.

Азаматтан екінші смартфонды немесе планшетті алып, бейнебайланысты қосуды, негізгі телефонның экранын көрсетуді және банктің мобильдік қосымшасына кіруді сұрайды.

Одан кейін қоңырау шалушы әр қадамды өзі айтып отырады.

Адамға мұның бәрі банктің қашықтан жүргізіп жатқан «қауіпсіздік тексеруі» сияқты көрінуі мүмкін. Алайда Агенттік мұндай талаптарды алаяқтықтың сипатты белгілерінің бірі деп атайды.

Олардың мақсаты — клиенттің мобильдік қосымшада қандай әрекет жасап жатқанын бақылап, қажетті операцияны оның өз қолымен орындату.

Биометриядан жәбірленушінің өзі өтуі мүмкін

Бұл схеманың қауіпті тұсы осында.

Алаяққа банктің қорғаныс жүйесін тікелей бұзудың қажеті болмауы мүмкін. Психологиялық қысым арқылы ол азаматтың өзін мобильдік қосымшаға кіргізіп, биометриялық сәйкестендіруден өткізіп, қажетті операцияны растатады.

Соңында ақша басқа шотқа аударылуы немесе азаматтың атына кредит рәсімделуі мүмкін.

Сондықтан алаяқтар әңгімені әдейі шұғыл сипатта жүргізеді: шотқа «қауіп төніп тұр», кредитті «қазір тоқтату керек», ақшаны «қауіпсіз шотқа» дереу аудару қажет деп сендіреді.

«Екінші телефонды алыңыз» десе, әңгімені тоқтатқан дұрыс

Агенттік күмән тудыруы тиіс бірқатар сөз тіркесін атады.

Олардың арасында:

  • «Сіздің шотыңыз бойынша күдікті операция жүргізіліп жатыр»;
  • «Сіздің шотыңызға қауіп төніп тұр»;
  • «Сіздің атыңызға кредит рәсімдеуге тырысып жатыр»;
  • «Дереу ақшаны қауіпсіз шотқа аударыңыз»;
  • «Кредитке өтінімді дереу жою қажет»;
  • «Мына сөйлескенімізді ешкімге айтпаңыз»;
  • «SMS-кодты айтыңыз»;
  • «Шотты қорғау үшін қосымшаны орнатыңыз»;
  • «Екінші телефонды алып, біздің нұсқауларымызды орындаңыз»;
  • «Экран көрсетілімін қосыңыз»;
  • «Телефон экранын бейнебайланыс арқылы көрсетіңіз».

Осындай талаптардың бірі айтылса, қоңырауды жалғастырудың өзі тәуекелге айналады.

Банк CVV-код пен SMS-кодты сұрамайды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметкерлері телефон арқылы қандай әрекеттерді талап етпейтінін нақтылады.

Олар SMS-кодтарды, push-кодтарды және құпиясөздерді сұратпайды, банк картасының толық нөмірі мен CVV-кодын талап етпейді.

Сондай-ақ банк қызметкері ақшаны сақтау үшін басқа шотқа аударуды, екінші мобильді құрылғыны пайдалануды, экранды көрсетуді немесе бейнебайланысты қосуды сұрамайды.

Бұл қағида өзін құқық қорғау немесе мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстырған адамдарға да қатысты.

Мұндай органдардың қызметкерлері телефон немесе бейнебайланыс арқылы биометриялық сәйкестендіруден өтуді, растау кодтарын айтуды немесе олардың нұсқауы бойынша қаржылық операция жасауды талап етпейді.

«Стоп-кредит» қосымша қорғаныс бола алады

Агенттік алаяқтық кредиттерден қорғанудың қосымша шарасы ретінде «Стоп-кредит» сервисін пайдалануды ұсынады.

Сонымен бірге азаматтарға күрделі құпиясөздер мен екі факторлы аутентификацияны қолдану, кредиттік тарихты, банк хабарламаларын және шоттар бойынша операцияларды тұрақты тексеру ұсынылады.

Күмәнді қоңырау түскен жағдайда әңгімені тоқтатып, банкпен оның интернет-ресурсында немесе төлем картасында көрсетілген ресми телефон нөмірі арқылы өз бетінше байланысқан дұрыс.

Белгісіз адамның өтініші бойынша қосымша орнатуға, күмәнді сілтемеге өтуге немесе экран көрсетілімін қосуға болмайды.

Деректерді беріп қойсаңыз, банкке дереу хабарласу керек

Егер азамат алаяқтарға растау кодын, карта деректерін беріп қойса немесе ақша аударса, әрекетті кейінге қалдыруға болмайды.

Агенттік ең алдымен банкке хабарласып, картаны және мобильдік қосымшаға кіру мүмкіндігін бұғаттауды ұсынады.

Сонымен бірге хат алмасуды, қоңырау түскен телефон нөмірлерін және операциялар туралы ақпаратты сақтау қажет. Қаскүнемдердің телефон нөмірін 116 нөмірі арқылы хабарлап, құқық қорғау органдарына жүгіну керек.

Ең қарапайым белгі өзгерген жоқ: егер қоңырау шалушы асықтырып, қорқытып, әңгімені құпия ұстауды, экранды көрсетуді немесе екінші құрылғыны пайдалануды талап етсе, оның нұсқауларын орындамау қажет.

Бұған дейін біз «сіздің шотыңызға қауіп төніп тұр» деген сөздермен басталатын алаяқтық схема қалай жұмыс істейтіні және қаскүнемдердің адамдарды асықтыру арқылы қалай әрекетке итермелейтіні туралы жазған едік.

Дереккөз: Dknews.kz

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру
“Жоғалған ақшаны қайтарамыз“: қазақстандықтарға жаңа схема туралы ескертілді
13 августа 2026

Жалған құжаттарда алаяқтықтан зардап шеккен азаматтарға ақшаны қайтару рәсімі жүріп жатқаны туралы айтылған. Сондай-ақ қаскөйлер криптовалюта биржаларындағы, криптоәмияндардағы және банк карталарындағы транзакцияларды тексеруді ұсынады.

"Агенттік алаяқтық немесе өзге де операциялар нәтижесінде жоғалған ақшалай қаражатты азаматтарға қайтару жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырмайды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі қызметтерді ұсынатын үшінші тұлғалардың сенімділігін растамайды", - делінген хабарламада.

"Ақшаны қайтару" үшін қаражат аудармаңыз

ҚНРДА қазақстандықтарды белгісіз тұлғаларға ақша аудармауға және оларға дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтар, парольдер және басқа да құпия ақпаратты бермеуге шақырды.

Егер "ақшаны қайтару" үшін комиссия, сақтандыру немесе басқа төлем талап етілсе, сақ болу қажет. Мұндай жағдайларда агенттік төлем жасамауға және құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес береді.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру
Қазақстан банктеріне киберқауіпсіздік талаптары күшейтілді
13 августа 2026

Қаржы секторында талап күшейді. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстанның қаржы нарығындағы барлық қатысушылар үшін ақпараттық қауіпсіздікке қатысты ең төменгі міндетті талаптар қолданыла бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Банктерге кибертәуекелдерді басқарудан бастап ақпараттық жүйелерді тұрақты тексеруге дейінгі бірқатар талап қойылған.

 

Банктер жүйелерін тұрақты түрде осалдыққа тексеруге міндетті

Жаңа талаптар қаржы ұйымдарының киберқауіпсіздік жүйесін бірнеше бағыт бойынша күшейтуді көздейді.

Банктер кибертәуекелдерді басқаруға, оқыс оқиғаларға жедел ден қою қызметтерінің жұмысын қамтамасыз етуге және ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуіне жауап береді.

Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік аудитін және жүйелерге ену арқылы осалдықтарды анықтайтын тестілеуді тұрақты өткізу талап етіледі.

Талаптардың орындалуын Агенттік есептілікті талдау, қашықтан бақылау және тәуекелге бағдарланған тексерулер арқылы қадағалайды.

Егер тексеру барысында бұзушылық анықталса, оны жоюға және қорғаныс деңгейін көтеруге бағытталған қадағалап ден қою шаралары қолданылады.

«Ақшаны қазір аударыңыз» деген талап күдік тудыруы тиіс

Банк жүйесінің қорғанысы күшейгенімен, алаяқтар клиенттің өзінен қажетті мәліметті алуға тырысуы мүмкін.

Сондықтан Агенттік телефон қоңырауы, мессенджер немесе әлеуметтік желі арқылы жасалатын шұғыл талаптарға ерекше сақ болуға шақырады.

Егер белгісіз адам дереу ақша аударуды, растау кодын айтуды, қандай да бір қолданба орнатуды немесе телефон мен компьютерге қол жеткізуді талап етсе, мұны ықтимал алаяқтық белгісі деп қарастырған жөн.

Мұндай жағдайда әңгімені тоқтатып, ақпаратты банкпен немесе тиісті ұйыммен оның ресми байланыс арналары арқылы қайта тексеру қажет.

PIN, CVV және растау кодтарын ешкімге беруге болмайды

Қаржыға қол жеткізудің ең оңай жолдарының бірі — адамның өзінен құпия деректерін алу.

Агенттік PIN-кодтарды, CVV-кодты, бір реттік растау кодтарын және банк картасының өзге де деректерін бөгде адамға бермеуге кеңес береді.

Банк қолданбаларын тек ресми дүкендерден жүктеп, жаңартуларды уақытында орнатқан дұрыс. Күдікті хабарламалардағы сілтемелерге өтпей, дербес немесе төлем деректерін енгізер алдында сайттың мекенжайын мұқият тексеру қажет.

Ашық Wi-Fi арқылы банк операциясын жасамаған дұрыс

Қауіптің тағы бір көзі — белгісіз қоғамдық Wi-Fi желілері.

Агенттік мұндай желілер арқылы банк операцияларын жүргізбеуге кеңес береді. Аккаунттарда күрделі құпия сөздер мен екі факторлы аутентификацияны қолданған жөн, ал құрылғыларда вирусқа қарсы қорғаныс болуы керек.

Сондай-ақ операциялар туралы хабарламаларды қосып, шоттағы ақша қозғалысын тұрақты тексеру ұсынылады.

Асықтыру мен қысым — алаяқтықтың жиі кездесетін белгісі

Белгісіз адамның нұсқауымен ақша аударуға немесе қысыммен қаржылық шешім қабылдауға болмайды.

Егер әңгімелесуші тексеруге уақыт бермесе, қосымша орнатуды сұраса немесе құрылғыға қашықтан кіруге рұқсат талап етсе, қауіпсіз жол — байланысты үзіп, ұйымға өзіңіз ресми нөмір арқылы хабарласу.

12 шілдеден бастап қаржы ұйымдарының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейді. Ал клиент үшін негізгі қорғаныс қағидасы өзгермейді: құпия кодтарды бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз адамның нұсқауымен ақша аудармау.

Дереккөз: Dknews.kz

Қазақстанда әйел кәсіпкерлерге арналған жаңа цифрлық платформа іске қосылды
05 августа 2026

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруды бақылауға арналған алғашқы ұлттық цифрлық платформа жұмысын бастады. Жаңа ресурс қаржыға қолжетімділік туралы деректерді ашық әрі жүйелі түрде талдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды DKNews.kz.

 

Платформа Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірлескен жұмысы нәтижесінде әзірленді.

Платформа не үшін қажет?

Жоба Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Оның негізгі мақсаты:

  • әйел кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қолжетімділігін талдау
  • қаржылық қызметтер туралы деректерді жүйелеу
  • мемлекеттік шешімдердің тиімділігін арттыру
  • әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шараларын жетілдіру

Бұл – елімізде әйелдердің кәсіпкерлік қызметін қаржыландыру бойынша бірыңғай аналитикалық базаны қалыптастыруға бағытталған алғашқы цифрлық бастама.

Алғаш рет бірыңғай әдіснама әзірленді

Агенттік кредиттер туралы деректерді жинақтап, жүйелеп қана қоймай, әйел кәсіпкерлерді сәйкестендірудің арнайы әдіснамасын әзірледі.

Бұл әдіснама:

  • кәсіпкерлікті қаржыландырудағы әйелдердің үлесін бағалауға
  • сенімді статистикалық мәлімет қалыптастыруға
  • нарықтағы үрдістерді нақты талдауға мүмкіндік береді

Қандай мәліметтер қамтылады?

Платформа банк және микроқаржы ұйымдарындағы әйел кәсіпкерлерді қаржыландыруды кешенді түрде бақылайды.

Онда:

  • шағын бизнес
  • орта бизнес
  • ірі бизнес

субъектілерінің кредиттік портфельдері қамтылған.

Сонымен қатар жүйеде:

  • кредиттік портфельдің құрылымы мен сапасы
  • қаржыландырудың салалық ерекшеліктері
  • өңірлік көрсеткіштер
  • қарыз алушылардың демографиялық және ұйымдық сипаттамалары көрсетіледі

Аналитикалық мүмкіндіктер кеңейтілді

Платформадағы бірыңғай сүзгілеу жүйесі әртүрлі көрсеткіштер бойынша талдау жасауға мүмкіндік береді.

Пайдаланушылар ақпаратты:

  • есепті күн бойынша
  • кәсіпкерлік субъектісінің түрі бойынша
  • бизнес көлемі бойынша
  • өңірлер бойынша іріктей алады

Осының арқасында жалпыұлттық көрсеткіштерден бастап жекелеген сала немесе өңір деңгейіне дейін егжей-тегжейлі талдау жүргізуге болады.

Неліктен бұл маңызды?

Жаңа платформа әйел кәсіпкерлерді қаржыландыру туралы ақпараттың ашықтығын арттырып, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қажетті сапалы аналитикалық деректер базасын кеңейтеді. Сонымен қатар кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қолдау шараларын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Dknews.kz

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты