Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 2 және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы «___»____________ №___ қаулысына 1-қосымша
|
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздік) – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
2) ақпаратты штаттық тасымалдаушы – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің құрамдас бөлігі болып табылатын және оған тұрақты қосылған ақпарат тасымалдаушы;
3) ақпараттық актив – ақпараттың және оны сақтауға және (немесе) өңдеуге пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің жиынтығы;
4) ақпараттық жүйенің/активтің АТ-менеджері – банктің, ұйымның ақпараттық жүйені/активті ақпараттық жүйенің/активтің бизнес-иесінің талаптарына сәйкес келетін күйде ұстап тұруға жауапты қызметкері немесе бөлімшесі (қызметкерлері немесе бөлімшелері);
5) ақпараттық жүйенің немесе шағын жүйенің бизнес-иесі – банктің, ұйымның ақпараттық жүйені немесе шағын жүйені автоматтандыратын негізгі бизнес-процестің иесі болып табылатын бөлімшесі (қызметкері);
6) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым (бұдан әрі – ақпараттық инфрақұрылым) – электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қолжетімділік беру мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
7) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау шегі – банктің, ұйымның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сыртқы ақпараттық желілерден оқшаулайтын және ақпараттық қауіпсіздік қауіпінен қорғауды іске асыратын бағдарламалық-аппараттық құралдардың жиынтығы;
8) ақпараттық қауіпсіздік қатері – ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларының пайда болуының алғышарттарын туындататын жағдайлардың және факторлардың жиынтығы;
9) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі – банктің, ұйымның ақпараттық активтері құпиялылығының бұзылуы, тұтастығының немесе қолжетімділігінің қасақана бұзылуы салдарынан залалдың ықтимал пайда болуы;
10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – банктің, ұйымның ақпараттық активтерінің конфиденциалдылық, тұтастық және қолжетімділік күйін ұстап тұруға бағытталған процесс;
11) ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғалары туралы ақпарат – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жеке немесе сериялық туындайтын, олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп келтіретін және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алуға, көшіруге, таратуға, жаңғыртуға, жою немесе бұғаттауға жағдайлар жасайтын іркілістер туралы ақпарат;
12) ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғасы – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жеке немесе сериялық туындайтын, олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп келтіретін іркілістер және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алу, көшіру, тарату, жаңғырту, жою немесе бұғаттау үшін жағдайлар;
13) алдын ала орнатылған есептік жазбалар – ақпараттық жүйелерді өндірушілер орнатқан есептік жазбалар;
14) артықшылықты есептік жазба –есептік жазбаларды жасау, жою және оларға кіру құқықтарын өзгерту артықшылықтары бар ақпараттық жүйедегі есептік жазба;
15) әкімшілендіру және мониторинг консолі – ақпараттық жүйені қашықтан басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жұмыс станциясы;
16) бизнес-процесс – сыртқы немесе ішкі тұтынушы үшін белгілі бір өнімді немесе қызметті жасауға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар немесе міндеттер жиынтығы;
17) бизнес-процестің иесі – банктің, ұйымның бизнес-процестің жұмыс істеу цикліне және банктің, ұйымның бизнес-процеске тартылған бөлімшелерінің қызметін үйлестіруге жауап беретін бөлімшесі (қызметкері);
18) виртуалды орта – аппараттық іске асырудан абстракцияланған және бір нақты ресурста орындалатын есептеуіш процестердің бір-бірінен қисынды оқшаулануын да қамтамасыз ететін есептеу ресурстары немесе олардың қисынды бірігуі;
19) гипервизор – бірнеше операциялық жүйені сол бір серверде немесе компьютерде құруға және іске қосуға мүмкіндік беретін бағдарламалық немесе аппараттық-бағдарламалық қамтылым;
20) деректер беру хаттамасы – желіге қосылған екі және одан көп құрылғы арасында қосу мен айырбастауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қағидалар мен іс-қимылдар жиынтығы;
21) банктің, ұйымның деректерді өңдеу орталығы – банктің, ұйымның ақпараттық жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін серверлер орналастырылған, арнайы бөлінген үй-жай;
22) желіаралық экран – ақпараттық инфрақұрылымның берілген қағидаларға сәйкес ол арқылы өтетін желілік трафикке бақылау мен сүзгіден өткізуді жүзеге асыратын элементі;
23) жұмыс станциясы – банктің, ұйымның ақпараттық активін пайдаланушының стационарлық дербес компьютері;
24) кіру – банктің, ұйымның ақпараттық активтерін пайдалану мүмкіндігі;
25) қауіпсіздіктің топтық саясаттары – ақпараттық жүйелердің құралдары арқылы іске асырылған ақпараттық қауіпсіздік қағидаларының үлгі жиынтықтары;
26) қосымша – ақпараттық жүйе пайдаланушысының қолданбалы бағдарламалық қамтылымы;
27) резервтік көшірме – деректер зақымдалған немесе бұзылған жағдайда оларды түпнұсқада немесе жаңадан орналастырылған орнында қалпына келтіруге арналған ақпарат жеткізгіштегі деректер көшірмесі;
28) сигнатуралар – бағдарламалық кодты сәйкестендіретін деректер жиынтығы;
29) техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – техникалық құралдарды (күзет және өрт сигнализациясы, кіруді бақылау және басқару, бейнебақылау, өрт сөндіру, деректерді өңдеу орталығында температуралық режим мен ылғалдылықты бақылау жүйелерін) пайдалана отырып банктің, ұйымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесі;
30) технологиялық есептік жазба – ақпарат жүйесіндегі ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл жасауы кезінде аутентификаттауға арналған есептік жазба;
31) түзету шарасы – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында болған проблеманы не оның бұзылу салдарын түзетуге бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шараларының жиынтығы;
32) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
1) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
2) банктің, ұйымның ақпараттық активтерін санаттарға бөлуге қойылатын талаптар;
3) банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне қолжетімділікті ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
4) ақпараттық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
5) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына қойылатын талаптар;
6) үшінші тұлғалардың банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне қол жеткізуі кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
7) ақпараттық қауіпсіздік жай-күйін ішкі тексеруге қойылатын талаптар;
8) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің процестеріне қойылатын талаптар.
2-тарау. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1) басқару органы;
2) атқарушы органы;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – алқалы орган);
4) ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі;
5) ақпараттық технологиялар бөлімшесі;
6) қауіпсіздік бөлімшесі;
7) қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімшесі;
8) заң бөлімшесі;
9) комплаенс-бақылау бөлімшесі;
10) ішкі аудит бөлімшесі;
11) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару бөлімшесі болып табылады.
Бөлімшелердің осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген функцияларын ұйымда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бөлімшелер не ұйымның жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.
1) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құрудың мақсаттары, міндеттері және негізгі қағидаттары;
2) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің қолданылу саласы;
3) банктің, ұйымның ақпараттық активтерінде жасалатын, сақталатын және өңделетін ақпаратқа қолжетімділікті басқаруға қойылатын талаптар;
4) ақпараттық қауіпсіздікті және ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау мен талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл және оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті мониторингтеуді жүзеге асыруға қойылатын талаптар;
5) ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинауды, шоғырландыруды және сақтауды жүзеге асыруға қойылатын талаптар;
6) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізуге қойылатын талаптар;
7) банк, ұйым қызметкерлерінің өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді атқару кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапкершілігі айқындалады.
Банкте, ұйымда алқалы орган құрылған жағдайда банктің, ұйымның алқалы органының басшысы болып банктің, ұйымның атқарушы органының басшысы немесе ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметіне жетекшілік ететін банктің, ұйымның атқарушы органының мүшесі тағайындалады.
1) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құрады, банк, ұйым бөлімшелерінің ақпараттық қауіпсіздікті және қауіптерді анықтау және талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
2) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздік саясатын әзірлейді;
3) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін әдіснамалық қолдауды қамтамасыз етеді;
4) өз өкілеттіктері шеңберінде банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін басқару, қамтамасыз ету және бақылау әдістерін, құралдары мен тетіктерін таңдауды, енгізуді және қолдануды жүзеге асырады;
5) ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинауды, шоғырландыруды, сақтауды және өңдеуді жүзеге асырады;
6) ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
7) алқалы органның ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мәселелер бойынша шешім қабылдауы үшін ұсыныстар дайындайды;
8) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесін автоматтандыратын бағдарламалық-техникалық құралдарды енгізуді және олардың тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ оларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
9) артықшылық берілген есептік жазбаларды пайдалану бойынша ақпараттық қауіпсіздік талаптарын айқындайды;
10) банк, ұйым қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласында хабардар болуын арттыру бойынша іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
11) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйін мониторингтеуді жүзеге асырады;
12) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі туралы банктің, ұйымның басшылығын хабардар етуді жүзеге асырады.
1) банктің, ұйымның ақпараттық инфрақұрылымы схемасының өзектілігін әзірлейді және қолдау жасайды;
2) ақпараттық технологиялар жөніндегі бөлімшеге жатпайтын ақпараттық жүйелердің АТ-менеджерлері кіруге рұқсат беретін мамандандырылған ақпараттық активтерді қоспағанда, банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне банктің, ұйымның ақпараттық активтерін пайдаланатын банктің, ұйымның қызметкері (бұдан әрі-пайдаланушы) қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
3) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, банктің, ұйымның жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтылымының үлгі баптауларын қалыптастыруды және конфигурациялауды қамтамасыз етеді;
4) банктің, ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес ақпараттық инфрақұрылымның үзіліссіз жұмыс істеуі, банктің ақпараттық жүйелері деректерінің конфиденциалдылығы, тұтастығы және қолжетімділігі (ақпаратты резервтеуді және (немесе) архивтеуді және резервтік көшіруді қоса алғанда) бойынша белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
5) ақпараттық жүйелерді таңдау, ендіру, әзірлеу және тестілеуден өткізу кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
1) банкте, ұйымда физикалық және техникалық қауіпсіздік шараларын іске асырады, оның ішінде өткізу және объектішілік режимді ұйымдастырады;
2) банк, ұйым қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату кезінде ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің туындау тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізеді.
1) банк, ұйым қызметкерлерінің, сондай-ақ қызмет көрсету туралы шарт бойынша жұмысқа тартылған адамдардың, тағылымдамадан, іс-тәжірибеден өтушілердің конфиденциалды ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемелерге қол қоюын қамтамасыз етеді;
2) банк, ұйым қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік саласында хабардар болуын арттыру процесін ұйымдастыруға қатысады;
3) уәкілетті органды ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімше қызметкерлерін тағайындау және жұмыстан босату туралы хабардар етеді.
Ұйымның ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару бөлімшесі ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес функцияларды жүзеге асырады.
1) қызметкерлердің банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды (бұдан әрі - ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптары) қамтитын ішкі құжаттарымен танысуын қамтамасыз етеді;
2) олар басқаратын бөлімшелерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дербес жауапкершілік атқарады;
3) конфиденциалды ақпаратты жария етпеу туралы келісімдер жасасуды және банктің, ұйымның бөлімшесі мұндай келісімдерді, шарттарды жасасуға бастамашы болған жағдайларда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы талаптарды келісімдерге, қызметтер көрсету/жұмыстарды орындау шарттарына енгізуді қамтамасыз етеді.
1) ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, түрлендіру, пайдалану және банктің, ұйымның клиенттері мен бөлімшелеріне өнімдер мен қызметтерді ұсыну кезінде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қоса алғанда, ақпараттық жүйелерді сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру кезінде ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптардың сақталуына жауап береді;
2) ақпараттық жүйелерге кіру матрицаларының жаңартылуын қалыптастырады және қолдайды.
1) банкте, ұйымда қабылданған ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуы үшін жауап береді;
2) өздерінің функционалдық міндеттері шеңберінде олар өзара іс-әрекет жасайтын үшінші тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындауын, оның ішінде аталған талаптарды үшінші тұлғалармен жасалған шарттарға енгізу арқылы бақылайды;
3) өзінің тікелей басшысына және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесіне банктің, ұйымның ақпараттық активтерімен жұмыс істеу кезіндегі барлық күдікті жағдайлар мен бұзушылықтар туралы хабарлайды.
1) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің қолданылу шегі және олардың функционалының Талаптарға сәйкестігін көрсете отырып, оның қатысушылары;
2) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін реттейтін құжаттардың болуы;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдарының болуы және сандық құрамы;
4) операторлармен жасалған қызметтер көрсету туралы шарттарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптардың және міндеттемелердің болуы;
5) деректер өңдеудің резервтік орталықтарының болуы, материалдық-техникалық жабдықталуы және дайындығы;
6) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін және ақпараттық активтерін Талаптарға сәйкестендіру бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы мәліметтер қамтылады.
31-1. Банк, ұйым банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесінің жай-күйіне банктің, ұйымның атқарушы органы айқындайтын көлемде «Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және құпиялылықты қорғау. Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелері. Талаптар» СТ ISO/IEC 27001-2023 Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына немесе «Information security, cybersecurity and privacy protection – Information security management systems - Requirements» (Информэйшн секьюрити, сайберсекьюрити энд прайвэси протекшн. Информэйшн секьюрити мэнэджмент системс - Реквайрментс) ISO/IEC 27001:2022 халықаралық стандартына (Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және жеке өмірді қорғау - Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелері - Талаптар) сәйкес келуіне 3 (үш) жылда кемінде бір рет сыртқы тексеруді жүргізеді.
3-тарау. Ақпараттық активтерді санатқа жатқызуға қойылатын талаптар
4-тарау. Ақпараттық активтерге кіруді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Банктің, ұйымның ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларды сәйкестендіру және аутентификациялау мынадай тәсілдердің бірі арқылы:
1) «есептік жазба (сәйкестендіруші) – құпиясөз» деген жұпты енгізу немесе екі факторлы аутентификациялау тәсілдерін қолдану арқылы (үш фактордың ішінен екеуін қолданумен: білім, иелік ету, ажырамастық);
2) биометриялық және (немесе) криптографиялық және (немесе) аппараттық аутентификациялау тәсілдерін пайдалану арқылы жүргізіледі.
5-тарау. Ақпараттық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1) элементтерінің нақты орналасқан жерін көрсете отырып, ақпараттық инфрақұрылымның жалпы схемасын қалыптастыру және бекіту процесін;
2) ақпараттық активті немесе ақпараттық активтер тобын конфигурациялау құқығы берілген банктің, ұйымның жауапты қызметкерлерін (бұдан әрі – әкімшілер) тағайындау процесін;
3) мынадай:
операциялық жүйелердің;
дерекқорды басқару жүйелерін;
телекоммуникациялық құрылғыларды;
ақпараттық жүйелерді;
ақпараттық инфрақұрылымның тораптары мен соңғы нүктелерін, жұмыс станцияларын, оның ішінде қорғау аясының шегінен тыс тасымалдау және пайдалану үшін ыңғайлы нысанда жасалған дербес компьютерлерді (бұдан әрі – ноутбук) және операциялық жүйенің мобильді нұсқасы негізінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын электрондық құрылғыларды (бұдан әрі - мобильді құрылғы) құжаттамалау және типтік теңшеулерін бекіту процесін әзірлейді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
Ақпаратты резервтік көшіру, сақтау, қалпына келтіру тәртібі мен кезеңділігін, резервтік көшірмелерден маңызды ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тестілеуден өткізу кезеңділігін банк, ұйым айқындайды.
6-тарау. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына қойылатын талаптар
7-тарау. Үшінші тұлғалардың банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне кіруі кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1) үшінші тұлғалар қызметінің нәтижесін тексеру;
2) үшінші тұлғалардың қызметін банк, ұйым қызметкерлерінің қатысуымен ғана жүзеге асыру;
3) үшінші тұлғалардың іс-қимылдары бойынша аудиторлық ізді жүргізу;
4) банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне кіру сессиясын жазу.
1) үшінші тұлғамен жасалған тиісті келісімде, шартта банктің, ұйымның ақпараттық активтерін қорғау жөніндегі талаптарды және банктің, ұйымның осындай талаптардың орындалуын тексеру құқығын, сондай-ақ қауіпсіздікті және ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы салдарынан туындаған шығынды қайтару туралы талаптарды көрсету;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық, банк заңнамасына, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейтін ақпаратқа үшінші тұлғалардың қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау. Бұлттық сервистерді пайдалану кезінде осы мақсаттар үшін банк, ұйым тарапынан ақпаратты жариялаумен, ақпаратты шифрланған түрде сақтау әдісі қолданылады. Бұл ретте шифрлау кілті банкте, ұйымда сақталады.
8-тарау. Ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйіне ішкі тексерулер жүргізуге қойылатын талаптар
1) ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі – атқарушы органның ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесіне жетекшілік ететін мүшесі бекітетін жоспарға сәйкес, сондай-ақ банктің, ұйымның басқару органы басшысының жеке өкімі бойынша;
2) ішкі аудит бөлімшесі – банктің, ұйымның ішкі аудит жүйесін ұйымдастыруды реттейтін банктің, ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес аудиторлық тексерулердің жылдық жоспары шеңберінде.
9-тарау Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің процестеріне қойылатын талаптар
1-параграф. Ақпараттық жүйелерге кіруді ұйымдастыру процесіне қойылатын талаптар
1) ақпараттық жүйенің бизнес-иесі банктің, ұйымның ақпараттық жүйесіне кіру матрицасын құруға және белсенділігін қамтамасыз етеді;
2) бизнес-процестің иесі ақпараттық жүйенің АТ-менеджерімен бірлесе отырып, қызметкерлердің функционалдық міндеттерінде айқындалатын көлемде ақпараттық жүйеде рөлдердің қалыптасуын және өзектілігін қамтамасыз етеді;
3) қалыптастырылған рөлдер ақпараттық жүйенің бизнес-иесімен келісіледі;
4) банк, ұйым қолданыстағы автоматтандырылған бақылауларды айналып өтуге мүмкіндік беретін кірудің қайшылықты құқықтарын рөлдерде алып тастауды қамтамасыз етеді;
5) ақпараттық жүйенің АТ-менеджері ақпараттық жүйеде рөлдерді іске асырады;
6) ақпараттық жүйенің немесе шағын жүйенің бизнес-иесі және бизнес-процестің иесі құрылған рөлдерді тестілеуден өткізеді;
7) ақпараттық жүйенің АТ-менеджері ақпараттық жүйеге рөлдерді енгізеді.
1) жаңа пайдаланушыны қосымша деңгейінде тіркеу мүмкіндігін;
2) пайдаланушыларға ақпараттық жүйелерге рольдер арқылы ғана кіру құқықтарын тағайындауды;
3) пайдаланушыларға ақпараттық жүйенің немесе шағын жүйенің бизнес-иесімен келісе отырып және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесіне хабарлай отырып, ақпараттық жүйеде бар рөлге қосымша жекелеген құқықтар беруді;
4) пайдаланушылардың рольдеріне ілеспе қызмет көрсетуді (құру, өзгерту, жою);
5) транзакциялық жүйелер үшін бірдей есептік деректер арқылы әр түрлі аппараттық құралдардан (компьютерлерден) бірмезгілде кіруді оқшаулау мүмкіндігін;
6) аудиторлық із жүргізуді қамтамасыз етеді.
1) пайдаланушыларға ақпараттық жүйенің деректеріне қосымша арқылы ғана кіруді қамтамасыз ету;
2) ақпараттық жүйенің деректеріне қосымшаны айналып өтіп, кіруді ұсыну ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісу бойынша жүзеге асырылады;
3) ақпараттық технологиялар бөлімшесінің қосымшаны айналып өтіп, деректерге тікелей кіруге рұқсат берілген пайдаланушылар тізбесін қалыптастыруы және жаңартуы.
2-параграф. Пайдаланушылардың ақпараттық жүйелердегі құпиясөздерін және есептік жазбаларын оқшаулауды басқару процесіне қойылатын талаптар
1) құпиясөздің ең қысқа ұзындығы – осы өлшемнің мәні 8 символдан тұрады. Құпиясөзді осы өлшемге сәйкестігін тексеру құпиясөз ауысқан сайын жүргізіледі, сәйкес келмеген жағдайда – пайдаланушыға хабарлама жіберіледі;
2) құпиясөздің күрделілігі – құпиясөзде кемінде символдардың үш тобының: кішкентай әріптер, бас әріптерінің, цифрлық мәндердің, арнайы символдардың болуын тексеру мүмкіндігі. Құпиясөздің осы өлшемге сәйкестігін тексеру құпиясөз ауысқан сайын жүргізіледі, сәйкес келмеген жағдайда – пайдаланушыға хабарлама жіберіледі;
3) құпиясөздің тарихы – жаңа құпиясөз кемінде алдыңғы жеті құпиясөзді қайталамайды. Құпиясөздің осы өлшемге сәйкестігін тексеру құпиясөз ауысқан сайын жүргізіледі, сәйкес келмеген жағдайда – пайдаланушыға хабарлама жіберіледі;
4) құпиясөздің ең қысқа пайдалану мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
5) құпиясөздің ең ұзақ пайдалану мерзімі – күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайды. Құпиясөздің осы өлшемге сәйкестігін тексеру ақпараттық жүйеге кірген сайын және құпиясөз ауысқан кезде жүргізіледі. Құпиясөздің ең ұзақ пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 7 (жеті) күн және одан аз күн қалған жағдайда пайдаланушыға тиісті хабарлама жіберіледі. Құпиясөздің ең ұзақ қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ақпараттық жүйе кіруді оқшаулайды және құпиясөзді міндетті түрде ауыстыруды талап етеді;
6) ақпараттық жүйеге бірінші рет кіру кезінде, не әкімші құпиясөзді ауыстырғаннан кейін ақпараттық жүйе пайдаланушыдан бұл рәсімді орындамау мүмкіндігінсіз құпиясөзді ауыстыруды сұратуға тиіс. Осы қағида құпиясөздің қолданылу мерзімі туралы қағидадан басым болады;
7) ақпараттық жүйеде пайдаланушының белсенділігі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аса болмаған жағдайда, оның есептік жазбасы автоматты түрде оқшауланады;
8) дұрыс емес құпиясөзді қатарынан бес рет енгізген кезде пайдаланушының есептік жазбасы уақытша оқшауланады;
9) пайдаланушы 30 (отыз) минуттан аса белсенді болмаған кезде ақпараттық жүйе пайдаланушының жұмыс істеу сеансын автоматты түрде аяқтайды, не пайдаланушының аутентификациялық деректерін енгізген кезде ғана оқшалаусыздандыру мүмкіндігімен жұмыс станциясын оқшаулайды.
1) ақпараттық жүйе Талаптардың 71-тармағының талаптарына сәйкес келетін ақпараттық жүйемен аутентификациялау бөлігінде ықпалдастырылған;
2) бір ақпараттық жүйенің функциялары басқа ақпараттық жүйеде авторизацияланбаған кіру тәуекелін барынша азайтқан жағдайларда қолданылмайды.
1) ақпараттық жүйелер әкімшілерінің ақпараттық жүйелерді пайдаланушылардың есептік жазбаларын басқару және олардың құпиясөздерін ауыстыру;
2) есептік жазбаларды құруға өтінімдерді беру және қарау, сондай-ақ штаттан тыс оқиға туындаған кезде құпиясөзді өзгерту;
3) есептік жазбаларды өзгертуге немесе жоюға өтінімдер беру;
4) есептік жазбаларды құруға, өзгертуге немесе жоюға өтінім беретін тұлғаларды сәйкестендіру, сондай-ақ құпиясөзді өзгерту;
5) құпиясөздерді үшінші тұлғаларға, ақпараттық жүйелерді басқарушыларға және банктің, ұйымның өзге де қызметкерлеріне заңсыз беруге тыйым салу;
6) пайдаланушыны дәлме-дәл сәйкестендіруді қамтамасыз ету кезінде көрсетілген уақыт аралығында ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісім бойынша қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөтен есептік жазбаға қол жеткізуді ұсынуды қоспағанда, ақпараттық жүйелерде бөтен есептік жазбалармен жұмыс істеуге жол бермеу болып табылады.
3-параграф. Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
1) ұйымдастырушылық: банк, ұйым айқындайтын шектеулер, қызметкерлердің хабардар болуын қамтамасыз ету, Интернет желісіне, жедел хабарламалар қызметіне, бұлттық сервистерге, IP-телефонияға және сыртқы электрондық почтаға кіру рұқсаты бар қызметкерлердің санын шектеу;
2) бағдарламалық-техникалық: пайдаланушылар санын және олардың интернет-ресурстарына кіруін шектеу, Интернетке, оның ішінде жедел хабарламалар қызметі, IP-телефония және сыртқы электрондық почта арқылы берілетін ақпаратты бақылау, Интернетке кіруді терминалдық сервер арқылы беру, желі сегменттерін бөлу, сыртқы электрондық почтаның архивін жүргізу (сақтау мерзімін банк, ұйым айқындайды, осы архивтегі ақпаратты өзгертуге немесе жоюға кіруді шектеу), банктің, ұйымның ақпараттық инфрақұрылымының қорғау шегіне бағытталған шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау жүйелерін пайдалану, жіберілетін ақпаратты шифрлау.
1) ұйымдастырушылық: банк, ұйым айқындайтын шектеулер, қызметкерлердің хабардар болуын қамтамасыз ету, сыртқы ақпарат тасымалдағыштарға жазба жасауға кіру рұқсаты бар қызметкерлердің санын шектеу;
2) бағдарламалық-техникалық: ақпаратты сыртқы тасымалдағыштарға жазуды шектеуді, бақылауды және шифрлауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану; банк, ұйым қызметкерлерінің жұмыс станцияларында немесе серверлерде пайдаланылмайтын енгізу-шығару порттарын және сыртқы тасымалдағышта жазба жасау құрылғыларын ажырату.
1) ұйымдастырушылық: банк, ұйым айқындайтын шектеулер, қызметкерлердің хабардар болуын қамтамасыз ету, қорғалатын ақпарат қамтылған құжаттармен жұмыс жасауға кіру рұқсаты бар қызметкерлердің санын шектеу;
2) бағдарламалық-техникалық: ақпаратты қағаз тасымалдағыштарына шығаруды бақылауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану.
1) ұйымдастырушылық: банк, ұйым айқындайтын шектеулер, банктің, ұйымның шегінің нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің хабардар болуын қамтамасыз ету, ақпарат тасымалдағыштарын жарамсыз ету нормалары;
2) бағдарламалық-техникалық: жүйелік блоктарды ашуды бақылайтын құралдарды пайдалану, жұмыс станцияларында, серверлерде ақпаратты шифрлау, дерекқорын басқару жүйелерінде ақпаратты шифрлау немесе токендеу (түпнұсқа деректерді кездейсоқ деректер (токен) жинағын пайдалана отырып қандай да бір суррогатпен ауыстыру).
1) ақпарат тасымалдағышты нақты жою;
2) ақпарат тасымалдағышқа электромагниттік әсер ету (магниттік тасымалдағыштар үшін);
3) электрондық ақпаратты мамандандырылған бағдарламалық құралдармен бағдарламалық жою.
4-параграф. Ақпараттық инфрақұрылымның қорғау шегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
1) трафикті зиянды кодтан тазалауды;
2) деструктивті функциялары бар Интернет ресурсты бұғаттауды;
3) пошта трафигін спамнан тазалауды қамтамасыз етеді;
4) кіріс электрондық поштаны жөнелтушінің домендік атауын аутентификациялауды және криптографиялық алгоритмдерді пайдалана отырып, шығыс электрондық поштаның домендік атауын аутентификациялау мүмкіндігін қамтиды.
5-параграф. Ақпараттық инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
1) клиенттік (пайдаланушылық);
2) серверлік (инфрақұрылымдық);
3) әзірлемелер (бар болса);
4) тестілік бөлуді қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздіктің топтық саясатынан ақпараттық инфрақұрылымның түпкілікті құрылғыларын алып тастау ақпараттық технологиялар бөлімшесімен келісіледі.
6-параграф. Ақпараттық жүйелерді қорғауды қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
1) ақпараттық жүйелер әкімшілерінің тізбесін жасау және бекіту (операциялық жүйе, дерекқорды басқару жүйесі, қосымша);
2) ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру функцияларын орындау кезінде қосарланған бақылауды енгізу және (немесе) артықшылық берілген есептік жазбалардың пайдаланылуын бақылаудың арнайы кешендерін енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.
7-параграф. Қызметкерлермен жұмыс жүргізу процесіне қойылатын талаптар
1) банктің, ұйымның ішкі құжаттарымен, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысу;
2) банктің, ұйымның атқарушы органы бекітетін банк, ұйым қызметкерлеріне тест жүргізу жоспарына сәйкес банктің, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ұйымның ішкі құжаттарының талаптарын білуге арналған тест жүргізу;
3) банк, ұйым айқындаған әдістер.
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері;
2) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында тыйым салынған ақпаратты таратуға тыйым салу;
3) банктің, ұйымның ақпараттық жүйелерінде құрылатын, сақталатын және өңделетін кез келген ақпаратты мониторингтеуді жүзеге асыруға банктің, ұйымның құқығы туралы ереже;
4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар белгіленетін ішкі құжаттарды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы талаптар.
1) ішкі іс-шаралар (лекциялар, семинарлар);
2) сырттай оқыту (курстарға, семинарларға қатысу – әрбір қызметкер үшін үш жылда кемінде бір реттен).
1) банктің, ұйымның құжаттары мен ақпараттық активтерін қабылдау-өткізу;
2) куәліктерді, рұқсат қағаздарын және рұқсат ету құжаттарын тапсыру;
3) жұмыстан босатылатын қызметкерлермен конфиденциалды ақпаратты жария етпеу туралы нұсқама жүргізу;
4) ақпараттық жүйелерде есептік жазбаларды оқшаулау немесе жою.
8-параграф. Ақпараттық жүйелерде аудиторлық із жүргізу процесіне қойылатын талаптар
1) ақпараттық активте қосылғыштарды орнату, сәйкестендіру, аутентификациялау және іске қосу (сәтті және сәтсіз) оқиғалары;
2) қауіпсіздік теңшеулерін түрлендіру оқиғалары;
3) пайдаланушылардың топтарын және олардың өкілеттіктерін түрлендіру оқиғасы;
4) пайдаланушылардың есептік жазбаларын және олардың өкілеттіктерін түрлендіру оқиғасы;
5) ақпараттық жүйедегі жаңартуларды және (немесе) өзгерістерді орнатуды көрсететін оқиға;
6) аудиттің өлшемдерінің өзгеру оқиғасы;
7) жүйелік өлшемдердің өзгерістер оқиғасы.
1) іс-қимыл жасайтын пайдаланушының сәйкестендіргіші (логині);
2) іс-қимыл жасау күні және уақыты;
3) пайдаланушының жұмыс станциясының атауы және (немесе) іс-қимыл жасалған IP мекенжайы;
4) іс-қимыл жүргізілген объектілердің атауы;
5) жасалған іс-қимылдың түрі және атауы;
6) іс-қимылдың нәтижесі (сәтті және сәтсіз).
9-параграф. Вирусқа қарсы қорғауды қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
1) белгілі сигнатурлар негізінде вирустарды анықтау;
2) эвристикалық талдау негізінде (вирустарға тән командалар мен тәртіптік талдауды іздестіру) вирустарды анықтау;
3) қосу кезінде ауыстырылатын тасымалдағыштарды сканерлеу;
4) кесте бойынша вирусқа қарсы базаны сканерлеуді және жаңартуды іске қосу;
5) басқарудың және мониторинг жүргізудің орталықтандырылған консолінің болуы;
6) пайдаланушы үшін вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымның, сондай-ақ вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымды жаңарту және вирустардың болмауын жоспарлы тексеру процестерінің жұмыс істеуін үзу мүмкіндігін оқшаулау;
7) виртуалды орта үшін – вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымның виртуалды орта қауіпсіздігінің қоса орнатылған функцияларын пайдалануы, мұндай мүмкіндіктер болмаған кезде – өндірушінің банк, ұйым пайдаланатын виртуалды орталарда вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымды тестіден өткізуі туралы растауы;
8) банкті, ұйымды қорғаудың периметрінен тыс пайдаланылатын мобилді құрылғылар және өзге де құрылғылар үшін желіаралық экранға шығарудың қоса орнатылған функцияларымен вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымды пайдалану.
1) жаңартуды және техникалық қолдауды көздейтін лицензиялық бағдарламалық қамтылымның болуы;
2) басқарудың және мониторинг жүргізудің орталықтандырылған консолінің болуы;
3) түпкілікті пайдаланушы үшін осы жүйенің жұмыс істеуін үзу үшін оқшаулау мүмкіндігінің болуы;
4) түпкілікті құрылғыларға орнату алдында вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылым арқылы бағдарламалық ортаның бейінін тексеру мүмкіндігінің болуы;
5) қорғау шегінен тыс пайдаланылатын мобилді құрылғылар және өзге де құрылғылар үшін желіаралық экранның болуы.
10-параграф. Ақпараттық жүйелердің жаңартуларын және осалдығын басқару процесіне қойылатын талаптар
Осалдықтарды жою бойынша жұмыстар аяқталысымен ақпараттық жүйенің АТ-менеджері анықталған осалдықтардың жойылғаны туралы растаманы ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесіне ұсынады.
11-параграф. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану процесіне қойылатын талаптар
1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының сипаттамасын (жүйенің атауы, криптоалгоритм, кілттің ұзындығы);
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану саласын;
3) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын күйге келтірудің сипаттамасын;
4) негізгі ақпаратты басқару: генерация, қауіпсіз беру (кілт пен қорғалатын ақпаратты беру үшін түрлі арналарды пайдалану талаптары есебімен кілттерді алмастыру), сақтау, пайдалану және жою тәртібін;
5) негізгі ақпарат әшкереленген кездегі іс-әрекетті;
6) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын соңғы пайдаланушылардың пайдалану тәртібін;
7) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына әкімшілендіруге және негізгі ақпаратты басқаруға жіберілген тұлғалар тізбесін айқындайды.
12-параграф. Деректерді өңдеу орталықтарының нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
1) қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесімен;
2) күзет сигнализациясымен;
3) өрт сигнализациясымен;
4) автоматты өрт сөндіру жүйесімен;
5) температура мен ылғалдылықтың белгіленген өлшемдерін ұстап тұру жүйесімен;
6) бейнебақылау жүйесімен жарақтандырылады.
Серверлік және коммуникациялық жабдық үздіксіз қуат көздері арқылы электр қуаты жүйесіне қосылады.
Банкте, ұйымда деректерді өңдеу орталығы болмаған жағдайда аталған тармақтың талаптары банктің, ұйымның ақпараттық инфрақұрылымы жүйесі мен құрамдастары орналастырылған банктің, ұйымның үй-жайына қолданылады.
13-параграф. Жұмыс станцияларын, ноутбуктарды және мобильдік құрылғыларды қорғауды қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
10-тарау. Банктің, ұйымның қашықтан қызмет көрсететін бағдарламалық қамтылымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1) веб-қосымшалар серверлерінің бағдарламалық қамтылымы (бұдан әрі – веб-қосымша);
2) мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық қамтылым (бұдан әрі – мобильді қосымша);
3) бағдарламалық интерфейстердің бағдарламалық қамтылымы (бұдан әрі – серверлік ҚБҚ) кіреді.
1) бастапқы кодты статикалық талдау;
2) құрауыштарды және бөгде кітапханаларды талдау.
1) зиянды кодтың кіруіне мүмкіндік беретін тетіктердің болуы;
2) осал операторларды және бағдарламалау тілдерінің функцияларын пайдалану;
3) әлсіз және осал криптографиялық алгоритмдерді қолдану;
4) белгілі бір жағдайларда қызмет көрсетуден бас тартуды немесе қосымшаның жұмысын айтарлықтай баяулатуды тудыратын кодты пайдалану;
5) қосымшаны қорғау жүйелерін айналып өту тетіктерінің болуы;
6) кодта құпияларды ашық түрде пайдалану;
7) қосымшаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлгілері мен тәжірибелерін бұзу.
156-1. Банкте, ұйымда клиенттің атына осыған дейін тіркелмеген мобильді құрылғы арқылы клиентті мобильді қосымшада аутентификация кезінде банк, ұйым СДАО растаған немесе банктің, ұйымның құрылғылары арқылы алынған биометриялық деректерді пайдалана отырып, клиентті биометриялық сәйкестендіруді жүргізеді.
1) веб-қосымшаның тек банкке, ұйымға тиесілілігін сәйкестендіруді (домендік аты, логотиптері, корпоративтік түстері);
2) браузердің жадында іске қосылу деректерін сақтауға тыйым салуды;
3) енгізілген құпияларды бүркемелеуді;
4) клиенттің іске қосылу парақшасында веб-қосымшаны пайдалану кезінде сақтау ұсынылатын кибергигиенаны қамтамасыз ету шаралары туралы хабардар етуді;
5) қате туралы ең төменгі жеткілікті ақпаратты бере отырып, клиенттің интерфейсінде конфиденциалды деректердің көрсетілуіне жол бермей қателер мен ерекшеліктерді қауіпсіз тәсілмен өңдеуді қамтамасыз етеді.
1) мобильді қосымшаның тек қана банкке, ұйымға тиесілігін сәйкестендіруді (қосымшалардың ресми дүкеніндегі деректер, логотиптер, корпоративтік түстер);
2) операциялық жүйенің тұтастығын бұзу және (немесе) қорғау тетіктерін айналып өту белгілері анықталған, қашықтан басқару процестерін анықтаған жағдайда банктің, ұйымның қашықтан қызмет көрсету функционалын бұғаттауды;
3) клиентті мобильді қосымшаның жаңартуларының бар екендігі туралы хабардар етуді;
4) маңызды осалдықтарды жою қажет болған жағдайда, мобильді қосымшаның жаңартуларын мәжбүрлеп орнату немесе оларды орнатқанға дейін мобильді қосымшаның функционалын бұғаттау мүмкіндігін;
5) конфиденциалды деректерді мобильді қосымшаның қорғалған контейнерінде немесе жүйелік есептік деректерді сақтау орнында сақтауды;
6) конфиденциалды деректерді кэштеуді алып тастауды;
7) мобильді қосымшаның резервтік көшірмелерінен ашық түрдегі конфиденциалды деректерді алып тастауды;
8) клиентті мобильді қосымшаны пайдалану кезінде басшылыққа алу ұсынылатын кибергигиенаны қамтамасыз етудің әдістері туралы хабардар етуді;
9) клиентті оның есептік жазбасындағы іске қосылу оқиғалары, құпиясөзді өзгерту және (немесе) қалпына келтіру, банк, ұйым тіркеген мобильді телефон нөмірінің өзгеруі туралы хабардар етуді;
10) ақшалай қаражатпен операцияларды жүзеге асыру барысында клиенттің рұқсаты болған жағдайда банктің, ұйымның серверлік ҚБҚ-ға мобильді құрылғының геолокациялық деректерін беру не мұндай рұқсаттың жоқ екендігі туралы ақпарат беруді қамтамасыз етуді;
11) клиент рұқсаты болған кезде банк, ұйым айқындайтын тәртіппен мобильді құрылғының микрофонына белсенді қолжетімділік анықталған жағдайда ақшалай қаражатпен операцияларын жүзеге асыру функционалын бұғаттау не банктің серверлік ҚБҚ-на осындай рұқсаттың жоқ екендігі туралы ақпаратты беруді қамтамасыз етеді.
1) жауапта конфиденциалды деректердің жария болуына жол бермей, проблеманы анықтау үшін ең аз қажетті ақпарат ұсына отырып, қателер мен ерекшеліктерді қауіпсіз тәсілмен өңдеуді;
2) мобильді қосымшаларды және олармен байланысты құрылғыларды сәйкестендіруді және аутентификацияны;
3) жалған сұрау салулармен және зиянды код инъекциялары шабуылдарының алдын алу үшін деректердің жарамдылығын тексеруді;
4) банкте, ұйымда тіркелген құрылғыларда клиенттердің мобильді қосымшаларында қашықтан басқару процестерін анықтау оқиғаларының және операциялық жүйенің тұтастығын бұзу және (немесе) қорғау тетіктерін айналып өту белгілерінің, сондай-ақ клиенттердің мобильді қосымшаларының функционалын бұғаттау жөніндегі іс-қимылдардың жазбаларын сақтау;
5) аутентификацияның сәтсіз әрекеттері туралы және клиенттерге осы әрекеттер жөнінде хабарлау туралы жазбаларды сақтау.
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі Басқармасының
2026 жылғы __ ______
№ __ қаулыcына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі