Банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының мөлшерін және банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының жиынтық мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 8-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Банктер туралы заңның 8-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың акцияларына банк инвестицияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің жиынтық мөлшері банктің меншікті капиталы мөлшерінің 15 (он бес) пайызынан аспайтыны;
2) Банктер туралы заңның 8-бабының 3-тармағы 2) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың акцияларына банк холдингі инвестицияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің жиынтық мөлшері банк холдингінің меншікті капиталы мөлшерінің 15 (он бес) пайызынан аспайтыны;
3) Банктер туралы заңның 8-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың акцияларына банк инвестицияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері банктің меншікті капиталы мөлшерінің 5 (бес) пайызынан аспайтыны;
4) Банктер туралы заңның 8-бабының 3-тармағы 2) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың акцияларына банк холдингі инвестицияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің мөлшері банк холдингінің меншікті капиталы мөлшерінің 5 (бес) пайызынан аспайтыны белгіленсін.
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |