Климат жөніндегі Париж келісімі

Климат жөніндегі Париж келісімі

Климаттың өзгеруі ұлттық шекаралардан тыс аса маңызды жаһандық проблеманы білдіреді. Бұл проблема елдерге төмен көміртекті экономикаға өтуге көмектесу үшін барлық деңгейде үйлестірілген шешімдер қабылдауды және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды талап етеді.

Климаттың өзгеруімен және оның жағымсыз салдарымен күресу мақсатында 197 ел 2015 жылғы 12 желтоқсанда Парижде КС-21-де Париж келісімін қабылдады. Бір жылдан кейінгі аз уақытта күшіне енген бұл келісім парниктік газдың ауқымды шығарылуын едәуір қысқартуға және аталған арттыруды 1,5 градусқа дейін барынша шектеу үшін қаражатты бір мезгілде іздеумен осы жүзжылдықта ауқымды температураны Цельсий бойынша 2 градусқа дейін арттыруды шектеуге бағытталған.

Бүгінгі күні Париж келісіміне 189 ел қосылды, оның ішінде Қазақстан.

Келісім бүкіл елдердің өз шығарындыларын қысқарту бойынша міндеттемелер қабылдауын және климаттың өзгеру салдарына бейімделу жөніндегі бірлескен жұмысты жүзеге асыруын көздейді, сондай-ақ елдерді уақыт өте келе өз міндеттемелерін нығайтуға үндейді. Келісім дамушы елдерге климаттың өзгеру салдарын жұмсарту және оларға бейімделу бойынша күш-жігеріне көмек көрсету мақсатында дамыған елдер үшін жол ашады, сонымен қатар елдердің климат саласындағы мақсаттарға қол жеткізуі туралы транспарентті мониторинг пен есептілік үшін негіз жасайды

Париж келісімі кейінгі онжылдықтар ішінде жаһандық күш-жігерді анықтайтын берік негізді қамтамасыз етеді. Мақсат уақыт өте келе елдердің климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылдарының өршілдігін арттырудан тұрады. Бұған ықпал ету үшін Келісімде екі шолу процесі белгіленген, олардың әрқайсысы бес жылдық цикл ішінде жүзеге асырылады.

Париж келісімі төмен көміртекті әлемге көшудің басталуын білдіреді, оның жолында әлі де көп нәрсе істеу керек болады. Келісімді жүзеге асырудың орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызы зор, себебі ол шығарындыларды қысқартуға және климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыруға мүмкіндік беретін климаттың өзгеруіне байланысты іс-қимылдардың «жол картасын» білдіреді.

Климат жөніндегі Париж келісімі
Дата публикации
30 июля 2021