«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 61-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 9-2-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне, «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде Қағидалардың 1-тармағының бірінші бөлігінің бесінші абзацы, 13-тармағының бірінші бөлігі, 27-тармағының екінші бөлігі, 34-тармағы, 36-тармағының бірінші абзацы, 38-тармағының бірінші бөлігі, 39-тармағы, 40-тармағының бірінші абзацы, 41-тармағының екінші бөлігі және 42-тармағы, 1-қосымшасының үшінші абзацы, 8-қосымшасының 1-тармағы кестесінің бірінші жолдары, 2-тармағы 2) тармақшасының жетінші абзацы, 3.3-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацы, 4-тармақтың 3) тармақшасы және екінші бөлігі, 5-тармағы кестесінің 1-жолы, 9-қосымшасының 2.1-тармағы және 3.7-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады:
«қарыз алушылардың кредиттерін қайта құрылымдау жөнінде шешім қабылдау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі органды қарыз алушылардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы ақпараттандыру бойынша банктің және микроқаржы ұйымының ішкі тәртібіне қойылатын талаптар;»;
«13. Кредитор Қағидалардың 7-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, сондай-ақ Қағидалардың 8-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген мерзімде кредитор мен қарыз алушы арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде, кредитор қарыз алушыны жазбаша нысанда және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген өзге де тәсілмен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес кредит бойынша берешекті сотқа дейін реттеу мақсатында қарыз алушының үш ай ішінде банк омбудсманына және микроқаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабардар етеді.»;
«Кредитор қарыз алушылардың банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы есепті Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.»;
«34. Қарыз алушыда екі және одан да көп ұйым алдында тұтынушылық банктік қарыздар және мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда және қарыз алушыда мүлік кепілімен қамтамасыз етілген кредиттері болмаған кезде қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу үшін банк омбудсманы және микроқаржы омбудсманы жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы (бұдан әрі - платформа) арқылы электрондық нысанда жүгінуге құқылы.
Шарттар талаптарының өзгерістерін келісуді және берешекті өтеу кестесін қалыптастыруды қоса алғанда, берешекті ұжымдық реттеу рәсімін ұйымдардың қатысуымен банк омбудсманы және (немесе) микроқаржы омбудсманы өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.»;
«36. Банк омбудсманы және (немесе) микроқаржы омбудсманы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:»;
«38. Кредиторлар банк омбудсманының және (немесе) микроқаржы омбудсманының сұрау салуын платформа арқылы алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәліметтердің дұрыстығын және шарттар бойынша тиісті міндеттемелерді берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне енгізуге келісімін растайды не берешектің мөлшері бойынша негізделген нақтылауды және (немесе) берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне тиісті міндеттемелерді енгізуден бас тарту себептерін көрсете отырып жібереді.»;
«39. Банк омбудсманы және (немесе) микроқаржы омбудсманы барлық ұйымдар мәліметтерді растаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей берешекті ұжымдық реттеудің келісілген шарттары туралы платформа арқылы қарыз алушыны хабардар етеді және оған танысу және қол қою үшін Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар және (немесе) тұтынушылық микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті ұжымдық реттеу жөніндегі хаттаманың жобасын (бұдан әрі – хаттама) және Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медиация рәсімінде дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімдердің жобаларын (бұдан әрі – медиативтік келісімдер) жібереді.
Берешекті өтеу кестесінің есебі Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жиынтық берешек сомасына байланысты айқындалады.
ХӘОТ-қа жататын қарыз алушылар, сондай-ақ АӘК алушылар үшін берешекті өтеу кестесінің есебі Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Ұйым ХӘОТ-қа жататын қарыз алушының төлем қабілеттілігін растаған жағдайда, берешекті өтеу кестесінің есебі Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жалпы талаптарда айқындалады.
Берешекті ұжымдық реттеу шарттарымен келіскен жағдайда қарыз алушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, хаттамаға және әрбір ұйыммен медиативтік келісімдерге қол қояды не себептерін көрсете отырып, оларға қол қоюдан бас тартады.
Қарыз алушының осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хаттамаға және медиативтік келісімдерге қол қоймауы оларға қол қоюдан бас тарту деп танылады және берешекті ұжымдық реттеу рәсімін аяқтауға әкеп соғады.
Қарыз алушы хаттамаға және медиативтік келісімдерге қол қоюдан бас тартқан жағдайда банк омбудсманы және (немесе) микроқаржы омбудсманы берешекті ұжымдық реттеу рәсімі аяқталған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарыз алушыны кредиторлармен, оның ішінде банк омбудсманының және (немесе) микроқаржы омбудсманының қатысуымен берешекті жеке тәртіппен реттеу құқығы туралы, сондай-ақ ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен берешекті өндіріп алу жөніндегі шараларды қолдану құқығы туралы платформа арқылы хабардар етеді»;
«40. Қарыз алушы хаттамаға және медиативтік келісімдерге қол қойған күні банк омбудсманы және (немесе) микроқаржы омбудсманы платформа арқылы:»;
«Қарыз алушы хаттамада және медиативтік келісімдерде көзделген міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз мөлшерде төлем енгізген жағдайда, банк омбудсманы және (немесе) микроқаржы омбудсманы төлем толық енгізілмеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде платформа арқылы қарыз алушыны төлемді толық көлемде енгізу қажеттігі және міндеттемелерді тиісінше орындамау салдары туралы хабардар етеді.»;
«42. Медиативтік келісімдер бойынша міндеттемелерді орындау барысында берешегі мерзімінен бұрын толық өтелген ұйым банк омбудсманын және (немесе) микроқаржы омбудсманын платформа арқылы ол жүзеге асырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей осындай өтеу туралы хабардар етеді. Кредитор кредитті толық өтегеннен кейін артық төлем пайда болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей артық төлем сомасын қарыз алушыға қайтарады.»;
«Сіздің жолданымыңызды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Сіз осы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде дауды қарау үшін банк омбудсманына, микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылысыз. Жолданымды _______________ интернет-ресурс арқылы беруге болады («Жолданым беру» бөлімі). Байланыс нөмірлері: _______________ (WhatsApp).»;
|
« |
Банк омбудсманы (микроқаржы омбудсманы): |
___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
»; |
«банк омбудсманы (микроқаржы омбудсманы) қарыз алушы мен кредиторлар келіскен тұтынушылық банктік қарыз шарттары және (немесе) мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдауға жәрдемдесті.»;
«4) қарыз алушы Хаттамада және оның негізінде жасалған медиативтік келісімдерде көзделген міндеттемелерді тиісінше орындау үшін жеткіліксіз мөлшерде төлем енгізген жағдайда, банк омбудсманы (микроқаржы омбудсманы) төлем толық енгізілмеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде платформа арқылы қарыз алушыны төлемді толық көлемде енгізу қажеттілігі және міндеттемелерді тиісінше орындамаудың салдары туралы хабардар етеді.»;
«3) банк омбудсманы (микроқаржы омбудсманы), қарыз алушы және кредиторлар қол қояды;»;
«Хаттама тараптардың және банк омбудсманының және (немесе) микроқаржы омбудсманының әрқайсысы үшін бір данадан ____ данада жасалды және қарыз алушының, кредиторлардың және банк омбудсманының және (немесе) микроқаржы омбудсманының электрондық цифрлық қолдарын пайдалана отырып қол қойылды.»;
|
« |
1. |
Банк омбудсманы (микроқаржы омбудсманы): |
___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
»; |
«2.1. Келісімге банк омбудсманының және микроқаржы омбудсманының қызметі жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасында (бұдан әрі – Платформа) Тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылды, сондай-ақ Келісімнің қол қойылған цифрлық көшірмесі Платформадағы Тараптың жеке кабинетіне жіберілді.»;
«3.7. 2-тарап Келісім бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін жеткіліксіз мөлшерде төлем енгізген жағдайда, банк омбудсманы және микроқаржы омбудсманы төлем толық енгізілмеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде платформа арқылы 2-тарапқа төлемді толық көлемде енгізу қажеттілігі туралы және міндеттемелерді тиісінше орындамау салдары туралы хабарлама жібереді.».