Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
m.abylkassymova@finreg.kz
Аккаунты соц. сетей:
Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы
Общая информация, образование

1978 жылғы 1 тамызда Алматы қаласында дүниеге келді.  

Мәдина Әбілқасымова Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді. Ол Колумбия университетінің Халықаралық қатынастар магистрі және Гарвард университетінің Джон Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие.

Карьера

Мәдина Әбілқасымова Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы. Ол 2020 жылғы қаңтарда Қазақстанның жаңадан құрылған қаржылық реттеу органын басқарды.

Тағайындалғанға дейін М.Е. Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл лауазымда ол ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық, төлем балансы және қаржы нарығының статистикасы мәселелеріне жетекшілік етті.

2011 жылдан 2018 жылға дейін Мәдина Әбілқасымова Ұлттық экономика министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Экономикалық даму және сауда министрлігінде Вице-министр лауазымын атқарып, онда экономикалық даму және  макроэкономикалық саясаттың стратегиялық мәселелеріне басты назар аударды.

Сонымен бірге оның Президент Әкімшілігі жанындағы Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында, Премьер-Министр Кеңсесінде жұмыс тәжірибесі бар.

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы