Рақымжан Қошқарбаев пен армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай шекара академиясында семинар өтті

Рақымжан Қошқарбаев пен  армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай шекара академиясында семинар өтті

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысы бойынша Рақымжан Қошқарбаев пен армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығын мерекелеуге орай Шекара академиясының 1-факультетіне қарасты 5-арнайы кафедра сыныбында семинар сабақ ұйымдастырылды.

Жиынға ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Ономастика басқармасының басшысы Е. Төрехан, 2-оқу дивизионы 202-оқу заставасының курсанттары мен Шекара академиясы бастығының орынбасары полковник А.Алиев, Тіл саясаты бөлімінің бастығы полковник Л.Беглова және подполковник Б.Нұрпеисов қатысты.

Басқарма басшысы Елерке Әдемханқызы қос майдангердің тарихи есімдерін жаңғырту, насихаттау мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика көлемінде қолға алынған шаралар туралы мәлімдеп, атаулы тұлғалардың есімін ұлықтауға қосқан үлесі үшін академия қызметкерлеріне алғыс айтты.

Семинарда қос майдангердің майдан даласындағы қайталанбас ерлігін сөз еткен курсанттар Рақымжан Қошқарбаев туралы әңгімеледі.

Басқосуда қазақтың қайсар ұлдары жайлы бейнеролик көрсетіліп, олардың патриоттық істері туралы баяндама оқылды.