«Қазақтың алтын аңызы - Оспан батыр және Нұрғожай батырдың мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

«Қазақтың алтын аңызы - Оспан батыр және Нұрғожай батырдың мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

23 қыркүйекте, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Қазақтың алтын аңызы - Оспан батыр және Нұрғожай батырдың мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Қазақ тарихында елі, отаны үшін қасиетті күреске түсіп басын бәйгеге тіккен батырлар аз болған жоқ. Қазақтың ХХ ғасырға таңбасын басқан соңғы батыры, Шығыс Түркістанда халқының егемендігі мен азаттығы жолында күрескен Оспан батыр Исламұлының қазақ тарихында алар орны өте зор. Бүгінгі таңда толық зерттеліп, бүкіл қыр-сыры ашылмай келе жатқан ұлы тұлға. Ол Қытай әскерлеріне қарсы жау жүрек ерлігі, мергендігі және үздік соғыс тактикасымен көзге түсті. Америкалық тарихшы Линда Бенсон «Қазақтың алтын аңызы» деп атаған Оспан Батыр бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістандағы қазақтарды езіп жаншып тұрған Қытай губернаторы Шың Шы Сайдан азат етуді мақсат етуді алдына қойған. Ал Оспан батырдың осы күрес тарихының мән-маңызы, өмір жолы мен күрескерлігін жаңа, тың кырларынан танытатын Оспан батырдың алғашқы сегіз комиссарларының бірі Нұрғожай батырдың естеліктері үлкен тарихи маңызға ие. Өйткені Нұрғожай батыр Оспан батырдың күресінің бастан аяқ қасында болған. Сондықтан осы екі алып тұлғаны бірге насихаттауды мақсат еткен шара ұлттық рухы бай болашақ ұрпақты қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.

Іс-шараға республикамыздың ғалымдары, профессорлары, ғылыми мекемелер басшылары, архив мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, тиісті мамандандырылған жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысады.

Конференцияда Оспан батыр Исламұлының ел мен жер үшін жасаған жанқиярлығы, Шығыс Түркістан Республикасы үкіметімен, Қытайдың Гомин және коммунистік үкіметімен қан кешіп ұрыс салған ұлт қаһарманының саяси әрекеті және Ұлтазаттық күрестегі Оспан батырдың тарихи орнын айшықтау, Нұрғожай батырдың ерліктері мен мұрасы жөнінде талқылау жоспарлануда. Нұрғожай батырдың немересі Оспан батыр туралы Нұрғожай батырдың қолжазбасын сыйға табыстайды.

Конференцияға қатысуға өтінімдерді электрондық пошта арқылы мына мекен-жайға жіберу керек: cgantd@gmail.com (№1 қосымшаны қараңыз). Баяндамалар мен хабарламалардың мәтіндерін мына электрондық поштаға жолдаңыз: cgantd@gmail.com. Баяндамалар мен хабарламалар көлемі Microsoft Word форматында 12 стандартты беттен аспауы тиіс, Times New Roman қарпі, өлшемі 14, жоларалық интервал 1,5; жиектері – әр жағынан 2 см. Қазақстандық авторлар үшін негізгі мәтінге басқа тілдегі аннотация қоса берілуі тиіс (негізгі мәтіннің тіліне байланысты қазақ немесе орыс). Қазақстандық авторлар үшін негізгі мәтінге басқа тілдегі аңдатпасы  қоса берілуі тиіс (негізгі мәтіннің тіліне байланысты қазақ немесе орыс). Онда хабарламаның мазмұны және нәтижелері (қорытындылары) ашылуға тиіс. Аңдатпа көлемі – 100-ден 250 сөзге дейін. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (тек қажетті және хабарламаның негізгі тақырыбымен тікелей байланысты) еске алу тәртібімен жасалады және мақаланың соңында келтіріледі.

Мәтіндегі әдебиеттерге сілтемелер тік жақшада реттік сандармен белгіленеді, атап айтқанда: [1, 2].

Мақала соңында автордың (лардың) тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы және жұмыс орны; автордың (лардың) электрондық мекенжайы және ұйымның (автордың жұмыс орны) нақты пошталық мекенжайы келтіріледі.          

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы және байланыс телефондары:

Жоба жетекшісі:

Жұматаева Баян Амантайқызы – ОМҒТҚА директоры, тел. 8(727) 3384368,

Ұйымдастыру комитетінің мүшесі:

Смагулова Айгерим - ОМҒТҚА Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы, тел. 8 (727) 3931956                                                                             

Мекен-жайы:

050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғылы, 39; тел./факс: 8(727)2671467, e-mail: cgantd@gmail.com.

Конференция туралы толығырақ ақпарат ҚР ОМҒТҚА www.ntd.kz сайтында орналастырылады.

№ 1 қосымша

«Қазақтың алтын аңызы - Оспан батыр және Нұрғожой батырдың мұрасы»  ғылыми-тәжірбиелік конференциясына қатысуға

Өтінім

  1. Автор (тегі, аты, әкесінің аты толығымен)______________________
  2. Мекеме (жұмыс немесе оқұ орны) _____________________________
  3. Қатысу формасы (тікелей, сырттай)___________________________
  4. Лауазымы __________________________________________________
  5. Ғылыми дәрежесі, атағы_____________________________________
  6. Баяндама тақырыбы _________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________
  7. Баяндама аңдатпасы (400 сөзге дейін) ____________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________         __________________________________________________________________         __________________________________________________________________         __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Байланыстар (мекен-жайы, тел., факс, E-mail) _____________________

__________________________________________________________________

  1. Қонақ үйді брондау (да, нет) _________________________________
  2. Датасы______________
  3. Автордың қолы__________